: Кестелерді,суреттерді,бейнені ж?не дыбысты кірістіру.Анимация ?серлерін баптау.Презентацияларды к?рсету.
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді,суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:PowerPoint бағдарламасында кесте, сурет, бейнені және дыбысты слайдқакірістіруді түсіндіру, анимация әсерлерін баптауды үйрету;
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;
Дамытушылық: слайдқа объектілерді кірістіру жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: аралас, практикум элементі бар
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, өзін-өзі бағалауПәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі, геометрия, сызу, ән-әуезСабақта деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері қолданыладыСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, Microsoft PowerPoint редакторының терезесі, бағалау парағы,деңгейлік тапсырма қағаздары, слайд топтамасыСабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқушыларды сабақ барысымен таныстыруҮй тапсырмасын сұрау. «Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары» тақырыбы бойынша ауызша сұрақтар қою арқылы өткен материалды еске түсіруСұрақтар:
Презентация дегеніміз не?
Слайд дегеніміз не?
Слайдқа нені кірістіруге болады?
PowerPoint бағдарламасын іске қосу амалы.
PowerPoint терезесінің негізгі элементтері қандай?
3.Жаңа сабақКестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
А) Тақырыпты түсіндіру- Бүгінгі сабағымызда балалар, слайдқа түрлі объектілерді кірістіруді үйренеміз. Слайдқа кесте, сурет, бейнені және дыбысты кірістіруге болады және объектілерге анимациялық әсер орнатуға болады.
1. Кестемен жұмыс:
А) Слайдқа кесте кірістіру амалы: мәзір жолынан Вставка – Таблицакомандасын орындап, керек баған мен жолдар санын енгізіп кесте құруға болады.
Б) Вставка – Вставить таблицу командасын орындап, пайда болған Вставка таблицы терезесінде Число столбцов өрісіне баған саны, Число строк өрісіне жолдар саны енгізіліп, ОК батырмасын басу керек.
2. Суретпен жұмыс:
А) Құжатқа сурет кірістіру үшін келесі амал орындалады: Вставка – Клип.Құжаттың оң жағында пайда болған терезеде Начать батырмасын басып, қажетті суретті таңдауға болады. Таңдаған суретің құжатқа енгізіледі. Суретті кезкелген жерге орналастыру үшін келесі амалды орындаймыз: Формат – Положение /ішінен кез-келген орналасуын таңдауға болады/.
Ә) Компьютерде орналасқан басқа суретті кірістіру үшін Вставка – Рисунок. Пайда болған Вставка рисунка терезесінен керек суретіңіз орналасқан қапшықты таңдап, қажетті суретке тінтуірмен басып, Вставить батырма-сын басу керек. Суретті Формат – Положение командасын орындап құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады.
3. Бейнемен жұмыс:
А) Құжатқа бейнені кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка – Фильм- Фильм из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен кез-келген бейнені таңдау керек.
4. Дыбыспен жұмыс:
А) Құжатқа дыбысты кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка – Звук - Звук из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен пайда болған дыбысты таңдау керек.
5.Анимациялық әсер орнату:
А) Анимация – Настройка анимации командасын орындап, слайдтағы объектті белгілеп, пайда болған терезеде Добавить эффект батырмасын басып, Вход белгісін таңдау керек.
Б) Объектінің шығу әсерін әзірлеу үшін Добавить эффект- Выход белгісін таңдау керек.
Ә) Компьютермен жұмыс. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар мен бағалау парақтары таратылады.
1 деңгей. Слайдқа кесте кірістіріп, сәуір айының күнтізбесін жасау.
Microsoft PowerPoint бағдарламасын ашу.
Заголовок слайда өрісіне «Сәуір айының күнтізбесі» деп жазу енгізуВставка-Таблица командасын орындап, 7 бағаннан және 6 жолдан тұратын кесте құру.
Кестенің ішіне мәліметтерді енгізу.
Конструктор – Стили таблиц командасын орындап, ішінен ұнаған стильді таңда.
2 деңгей. Жасалып жатқан слайдқа сурет кірістіруВставка – Клип командасын орындап, Начать батырмасын басып суретті кірістір.
Таңдаған суретті слайдтың жоғары бұрышына орналастыр.
3 деңгей. Бейнені және дыбысты кірістіруОсы слайдқа Вставка – Фильм - Фильм из организатора клиповкомандасын орындап, бейнені таңда.
Таңдаған бейнені слайдтың кез-келген жеріне орналастыр.
Вставка – Звук - Звук из организатора клипов командасын орындап, дыбысты таңдап, слайдқа орналастыру.
Слайдта орналасқан объектілерге анимациялық әсер орнату.
Оқушы әр деңгейдің тапсырмасын орындап болған соң бағалау парағына (+) белгісін соғады.
Тапсырмаларды орындау барысында арасында үзіліс жасап, сергіту сәті жасалады.
Б) Сабақты бекіту.
Сұрақтар:
Кестені кірістірудің неше әдісі бар? Оларды ата.
Суретті қандай команда арқылы кірістіреміз?
Бейнені кірістіру командасы?
Дыбысты кірістіру амалы?
Анимациялық әсерді қалай орнатамыз?
4. Оқушыларды бағалау5. Үйге тапсырма: объектілермен орындалатын командаларды жаттап келу, «Ас мәзірін» құрастырып келу / мәзірді кестеге орналастырып, сәйкес келетін суреттерді, дыбысты тауып кірістіру/, жұмыстың эскизін жасап келу.
Бағалау парағыОқушының аты-жөні1 деңгейлік тапсырма2 деңгейлік тапсырма3 деңгейлік тапсырма