Саба?ты? та?ырыбы: Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсету. (6 сынып)
Информатика мұғалімі Қ.А.Жакупованың
қысқа мерзімді жоспары
Күні: Пәні: информатика
Сыныбы: 6 ә
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
Жалпы мақсаты: құрылған презентацияларына анимация әсерлерін кіргізіп баптауды үйренеді. Презентация құруда алған білімдерін өмірмен байланыстырып жетілдіреді, кеңейтеді.
Сілтеме: Microsoft PowerPoint, электронды оқулық
Оқу нәтижесі: Оқушылар әртүрлі анимация, (келуі, орнында, шығу) қозғалыстарды қоюды үйренеді. Құрылған презентацияларын көрсетіп, қорғайды.
Негізгі идеялар: Презентация, слайд, анимация, көрсетілім.
Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, маркерлер, флипчарттар, смайликтер, бейнеролик.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Шаттық шеңбері арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айтқызу. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне тілек тілейді. Көңілді көңіл-күй сыйлайды.
Қайталау Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін сұрақтары кубикті лақтыру арқылы (Кім? Не? Қалай? Қашан? ...) қойылды, сұрақтарына жауап берді. Оқушы кубикті қағып алып, сұраққа жауап беріп кері мұғалімге қайтарады.
І. Білу Интерактивті тақтадан презентацияға анимация қосу мүмкіндіктері көрсетіледі. Жекелей жұмыс. Оқушылар үйрене отырып, өз жұмыстарына анимация орынауды меңгереді.
ІІ.Түсіну
Презентацияларына анимация түрлерін орындату, келуі, белгілеу, шығу, анимация эффектілерін, түрлерін, анимация ауданын, уақыт қоюды меңгерту. Оқушылар жекелей жұмыс істейді. Өз жұмыстарына анимация енгізеді.
Бағалау. Жұптық бағалау. Ноутбуктен жұбының жұмысын смайликтер жапсыру арқылы бағалайды.
Оқушылар жұптарының жұмстарын смайлик жапсыру арқылы бағалайды және неліктен осындай баға бергендігіне түсініктеме беріп өтеді.
Сергіту сәті. Топқа бөлу. Наурызға шәшу. Түрлі-түсті кәмпиттерден шәшу шашылады. Түс бойынша үш топқа бөлу. Оқушылар кәмпиттер түсі бойынша үш топқа бөлінеді.
Ш.Қолдану
Топтық жұмыс. Презентация тақырыбы бойынша білімдерін талдап, постер құрады.
Нақтылау сұрақтары қойылады:
- Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін толығырақ аша түсу;
-қолдануу тиімділігін көрсету;
-нақты мысалдар келтіру. Топтық жұмыс. Топ мүшелері қызметтерін бөліп алып, ақылдаса отырып, құрады.
ІҮ. Талдау Анимация туралы топтастыру сызбасын жасату. Анимация туралы топтастыру сызбасын жасайды
Ү.Жинақтау
- Microsoft PowerPoint бағдарламасының
қорытындысы бойынша постер жасау арқылы білімдерін жинақтап, қорғайды. Әр топтан спикерлер тақтаға шығып, постерлерін қорғайды.
ҮІ.Бағалау
Топтық бағалау.
Өзін-өзі бағалау. «Жетістік баспалдағын» қолданылады.
Жетістік баспалдағында өзінің білім деңгейін анықтап белгілейді және неліктен олай қойғанына түсініктеме береді.
V. Үйге тапсырмасын беру «Менің отбасым» тақырыбына анимацияны кіріктіре отырып презентация жасау Күнделіктеріне жазып алады.
VII. Рефлексия
Плакатта бейнеленген «Бағалау ағашын» пайдалану арқылы, өздерін бейнелейді. Оқушылар өздерін ағаштың қай жерінде екендіктерін анықтап, смайликті жапсырады.