?ыз сыны ?ыз ?ссе — елді? к?ркі.


Тақырыбы: "Қыз өссе - елдің көркі". Мақсаты: Оқушыларды өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық
сананы сіңіруге тәрбиелеу.
Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, ауыз әдебиеті
шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту. Ұлттық салт – дәстүрді қастерлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: Гүлдер, нақыл сөздер, шарлар, тақырыптық суреттер
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға "Қыз өссе-елдің көркі" атты сайысымызға баршаңызда қош келдіңіздер. Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.
2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса бастайық!
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар ортаға шығады)2-жүргізуші: Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.1-жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.1. ___________________________________________________2. ___________________________________________________3. ___________________________________________________4. ___________________________________________________5. ___________________________________________________
2-жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру2. "Қыз еркем- ісімен көркем"
3. "Өнерлі -өрге жүзер"
4. Зерделінің ойы озық
5. "Сән үлгісі"
Әр қатысушы өздерінің нөмірін алады.
1-жүргізуші: Ал, қанекей сайысымызды бастайық,
Аруларға сәттілікті жолдайық!
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар. 2-жүргізуші: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған тамам жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей байқаудың ІІ кезеңі "Қыз еркем-ісімен көркем"
1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз! Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз! Таңғажайып әлемі - өнер атты, Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!Аруларымыз көрермендерді өз өнерімен таңғалдыруға асығады
2-жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі зерделінің ойы озық сайысында Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
1-ші арудың сұрақтары.1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз?
(Б. Төлегенова).6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).8.Қошақанның анасы? (қой).2-ші арудың сұрақтары.1. Төлегеннің серігі? (Жібек)2. Ананың сіңілісі сізге кім болады? (Нағашы апа)3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).4.Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).5. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).6. Әнші Мадина … (Ералиева)7.Тай, құлынның анасы? (Бие).
8. Қыз баланың әшекей бұйымдарын ата.( білезік, шашбау, сақина, сырға)3-ші арудың сұрақтары.1. Еңліктің серігі? (Кебек)2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).3. «Ана тілі – арың бұл» кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)4. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).5.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).6. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).7. Әнші Нағима… (Есқалиева)8.Ботаның анасы? (түйе)
4-ші арудың сұрақтары.1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)2. Апа сіңлінің балалары (бөле)3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).5.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).6. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)7. Әнші Тамара… (Асар)
8.Ешкінің төлі ? (лақ).5-ші арудың сұрақтары.1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)2. Киелі құс (аққу)3.Тігінші құралы ( ине)4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)6. Көздің суы (жас)7. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)8. Ең зор байлық (денсаулық)6-шы арудың сұрақтары.1. Ас атасы (нан)2. Анаңның бауырлары (нағашы)3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)5. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем). 6.Жылқыда не жоқ (өт).7. Әнші Роза … ( Рымбаева)8. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
7-ші арудың сұрақтары.1.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ 2.уақыт сақталатын тағам (құрт)3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)4. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
7. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)8.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
8-ші арудың сұрақтары.1.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
2.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)3. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)4. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.( Қыз қуу, асық ату, ақсүйек)6. Қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесің? (« Тұсау кесер», « Сүндет той», « Тілашар», « Шілдехана»)7. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)8.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
1-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын Аспандағы аймен таласатын. Өнеріне өзі сай келіп тұрған Аруларға қызығып қараса тым.
Сән үлгісін көрсету.
2-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер, Көрсетті өнерлерін жас өрендер. Осымен сайысымыз аяқталсын, Қазылар берсін енді шын бағасын. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ-қазыларға сөз беріледі.
Қорытынды: «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын, Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Бүгінгі сайысымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

Тексерілді____________
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
"М.Маметова атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қыз сыны
Тақырыбы:

Сыныбы: 1-4 "А"
Өткізген: Қуанышпекова А
2014-2015 оқу жылы