ЭССЕ на тему ?з бетінше ж?мыс ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? белсенділігін ?алыптастыру
Бүгінгі қоғамда Заман талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістертәрбие мен білім мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды талап етіп отыр.
Біздің қазақ халқының ғасырлар бойғы тыныс – тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған тәлім – тәрбиеге қатысты, салт – дәстүр, әдет – ғұрыптары мол. Олар этика, педагогика, психология ғылымдары, тұжырымдарымен астарласып отыр. Этика дегеніміз – психологияның бір бөлшегі, өзегі. Этика әрбір адамның өзін – өзі тәрбиелеуі,мінез құлқын түзеуі, ұнамды ұнамсыз қасиетін таразылап білуі.
Адамзат баласын – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы екні белгілі.
Кез-келген психика – негізінен мидың қызметі екені түсінікті. Бұл ілім терең эерттелуіне орыстың ұлы ғалымдары Сеченов, Павлов сіңірген еңбектері зор. Олар нерв жүйелері мен мидың көп қабат күрделі қызметтерін жік – жікке бөліп түсіндірді. Міне осыдан психология ғылымы өз алдына пән ретінде дами бастады. Мыс:психология тіршіліктегі бар немесе жоқ құбылыстардың пайда болатыны әсерлерін талдап, оның құбылыстық, заттық сипаттарын түсіндіруге тырысады. Адам тәрбиесіндегі психологияны кең түрде пайдалану үшін оның өзіне лайықты тәсілдері, әдістері бар. Олардың ең негізгілері мыналар: психологиялық байқау, әңгіме дүкен құру, іс – тәжірибе жүргізу болып табылады. Осы айтып отырған әдістер күнделікті тіршілігімізде жиі қолданылады. Бірақ әр адам оны өз шама шарқына қарай іске асырады. Біз өз тәжірибеміз арқылы бір – бірімізбен қарым қатынастың психологиялық жақтарын ашуға тырысамыз.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар. Сонымен қоса , білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының яғни өзімнің алдыма қойған мақсатым: «Қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғары әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.
Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «Қиын бала» бұл — «тәрбиесі қиын бала», педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала.
Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым — қатысына байланысты екені анықталды. Кей оқушылар ата — ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі.
Ата — ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көреді.
«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі — әке мен шешенің қарым -қатынасы» — деп В.А.Сухомлинский айтқандай , «Ата – ана — өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапкер».
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша «қиын» оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір себеп – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Қазір материалдың, байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында «анау да керек, мынау да керек» деген көрсеқызарлықтың әсерінен, «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ» деген оймен баланың көзқарасының өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеругеоның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды.
Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.
Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.
«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Отбасында, мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
«Қиын» оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай - күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте , ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата -
аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар).
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы , яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?
-Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.
• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.
-Танымдық қызығын арттыру.
• Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.
-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез - құлықты талап етпеу.
• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.
Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.
• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.
• Баламен әдепті сөйлесу.
• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.
«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский айтқандай , « Ата – ана - өз баласының тәрбиесі үшін ел , халық алдында жауапкер».
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша « қиын » оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында « анау да керек , мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін.
Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік – педагогикалық , психологиялық әдістерді қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата – аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау , адам қатарына санамау) , негіссіз жазалау , көп сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің қатыгез , қатал , ашықтан - ашық отбасы талабын орындамай , өз білгенің істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол – бұл , керісінше , баланың барлық талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда қолданылатын әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы баланың барлық іс - әрекеттерін жақтау , балаға жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі қажет:
- Бұрынғысы;
- Қазіргісі;
- Болашағы;
Оқушының мінез – құқының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн:
- Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;
- Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау жұмыстары , шығармалары , т.б.);
- Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтарын жөнінде әңгімелесу;
- Достарымен , ата – анасымен әңгіме жүргізу;
Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз.
Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Ата - ана2853690730250019431006921500
Мұғалім ОқушыМұғалімге қандай талап қойылады?
2967990241300014916152413000
Кәсіби шебер болу Жеке бас ерекшелігі
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге , балаға , ата – анаға байланысты екенін талдадық , соның ішінде білім негізі – стандрат талаптарын орындау , ал стандарт талаптарын орындау – күнделікті дайындық пен қатемен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады, қатемен жұмыс кезінде оқушыға мұғалім мен ата – ана көмегі , қадағалауы , уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата – аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.
Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі.
Стандарт талаптарын орындау кімге жүктеледі?
Осыған жүгінсек – ата – анамен істелетін жұмыстың сапалылығы.
Ол үшін ата – аналарды әртүрлі ерекшелікутеріне қарай топтарға бөліп алу қажет.
Мектепте жүргізілген тест қорытындысы бойынша ата – ана мен баланың бірін – бірі қаншалықты жақсы білетіндігі анықталды.
Баласын үнемі қадағалап , бағыт – бағдар беруді мақсат тұтатын ата – аналар жауабы дәл келіп , ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын ата – аналар жауаптары бала жауабымен үлеспей тұрды . Оны мынадай түрде талдауға болады.
Осындай шаралардан соң қиын баламен де жалпы сынып оқушыларымен жұмыс атқару жалпының ісі екені сөзсіз.
Осыған байланысты өз сынбында өткізген «Баланың бас ұстазы – ата – ана » атты жиылысындағы бірнеше элементтерді сіздермен өткізбекпін.
1.Педагогикалық ойын. (2минут ішінде жазып оқу).
1 топ: Мақтау сөздерін жазу .
2 топ : Ұрсу сөздерін жазу.
2. Педагогикалық сұрақ .( Балаға мақтау сөздер айтып , 2 – ден жарысады).
Сіздің баланыз сізді қатты қуантты?
Сіз не айтасыз?
Қалай қолдайсыз?
3. Ата – ана пікір ойыны.(Төмендегі кестедегі ойдың қайсысымен келісесіз?)
Бала тәртіпсіздік жасай қалса , төмен баға алып келсе ата – ана не істейді?
Ештеңе сатып алмайсың! Неге оқымайсың?
Ақылсызсың! Қолыңнан ештеңе кемейді.
Ұятқа қалдырасың! Енді ешқайда бармайсың!
Ата – анлар жиналысында жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты мынандай сұрақтар қойдым.
1.Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? , әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
2.Сіз қандай ата – анасыз?
3.Қайтсек ұлымыз – ұлағатты , қызымыз инабаты болады?
4.Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүріңізді қалай насихатсыз?
5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз?
Қорытындылай келсек , бала , ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтежеге қол жеткізе аламыз.
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысың осылай ата – анамен бірлескен әрекеттер негізінде құру – білімнің жаңа түріне көшуге әзірлік ретінде оқыту үрдісінде жаңа құрлымның түзіліуіне негіз болды
Қазіргі құрылым:
*Өзін – өзі тани білу;
*Сенім почтасы(көкейінде
жүрген сұрақтармен бөлісу);
*Үйлестіру кеңесі
сұрақтарға жауап береді.
Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл ата – ана екеніне көз жеткізеді.
Ата – ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?
1.Ата – ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба білді.
2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.
3.Жантану ерекшеліктері , қабілеттерінің әр түрлі болатыны туралы ата – ананың әуел өзін тануы туралы мағлұмат берілді.
4.Мектепке , педаготарға деген сенімі күшейді.
5.Тәрбие шараларын өздерінің өткізуі (тәрбие сағаттары , мұражайға бару , серуенге шығу, шырша тойы , сынып бөлмесін безендіру , қосымша әдебиеттер , ақпараттар әкелу).
6.Тікелей жұмысына араласуы арқылы ата – ананың педагогикалық – психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.
7.Ата – ананың жиналысқа қатысуы , белсенділік деңгейінің өсуі байқалды.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.“Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т.б.“Ауыр жағдайдағы балалар” қатарына мынадай критерийдегі балаларды жатқызуға болады: ата-анасының қарауынсыз қалған балалар: мүгедектер, физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар, ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының, экологиялық және техногендік апаттардың, басқа елден еріксіз қоныс аударған “босқындардың” балалары, зорлық- зомбылық көрген балалар, бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар, “қиын” балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар, әр түрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар. Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеді. В.Трифанов зерттеулеріндегі “қиын” бала анықтамасы – күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.Ал, А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.Көріп отырғанымыздай “қиын” топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.
“Қиын” балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, “маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін” деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді. Мұғалім тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса нәтижелі болады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі», – деген А. С. Макаренконың пікірі өте орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық – педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі – «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретіндігіне кәміл сену қажеттігінде.
Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек: біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы;үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі. Олар:
1.Әлеуметтік жағдай:
бақылаусыздық;
назардан тыс қалуы;
бос уақытының болмауы;
отбасының толық болмауы.
2.Психологиялық жағдай:
балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;
оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын
орындата алмау;
балаға жасынан толық еркіндік беру.
Осылармен қатар, ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сол сияқты, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте сынып жетекшісінің баланың педагогикалық психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру сияқты себептер де кездеседі.
Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал талап қою жағынан ересекпін, – деп сезінеді.Бұл кезең «өтпелі кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез – ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез.Жеке басының жан толқыныстары кезінде күнделікті үйреншікті тіршілікке қарама-қайшылық пайда болады, сөйтіп бірте-бірте «қиын» оқушыларды іс жүзінде бақылау үшін олардың әрқайсысын өз алдына зерттеп, жеке-жеке топтарға, денсаулықтарына қарай, жас ерекшеліктеріне қарай, бетімен кетушілік дәрежесіне қарай және бетімен кету ұқсастықтарына қарай топтап бөлген жөн.
Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу пайдасыз қажеттіліктерді қанағаттандырудан, мысалы: арақ-шарап ішу, шылым шегу, т.с.с. Өзін басқаның алдында еш нәрседен қорықпайтын батыр етіп көрсетуге тырысудан, тентектіктен т.с.с. басқа да себептерден де болады.Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
Мейірім мен сүйіспеншілік – екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
Орынсыз жазаламау керек.Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек. Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.
Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.
Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс.
Ойы
Мінезі
әлеуметтік демографиялық жағдайы
белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы
Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін: сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды) өз бетімен жауап беру тура жауаптар жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал: қарапайым жағдайда сөйлеубаланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу жауап беру мүмкіндігін есксру; белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту; үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды тексеру – бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:жеке, жанұялық және сыныптық т.б.алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы(сараптаудан өткен нәтиже)негізделген және негізделмегенБұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады, оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Воспитание трудного ребенка. Учебно-метод. Пособие. М.И.Рожкова.М., 20012. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н.,Буйнова Л.П. Социальная работа с молодежью девиантного поведения. Петропавловск,2000.3.Дүйсекенова А.К. Қиын балалар және олармен жұмыс істеу ерекшеліктері, 2003.4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы, 2000.5. Жолмұханова Б. Қиын оқушыны тәрбиелеу // Оқушы тәрбиесі №1, 2009.