Саба? жоспарыны? ?лгісі Дауыссыз дыбыстар, ?ата? дауыссыздар.
Күні: 08.02.2016
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыздар
Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың жасалуын, жіктелуін меңгереді.
Күтілетін нәтиже:Оқушылар фонетиканы меңгереді , түсінеді, фонетика туралы білімдерін дамытады, дауысты дыбыстарды жіктей алады,мағынасын ажыратады және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларынмолайтады.
Күтілетін нәтиже:Топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдай білуге , тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
Модульдері: СТО (сын тұрғысынан ойлау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Жиынтық (ЖБағ) Деректер: оқулық, тақта, стикерлер
Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Жигсо, Ыстық орындық, Автор орындығы
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Тренинг 2м Топқа бөлу Оқушыларды үш топқа бөлу Білім
Қызығушы
лық
тарын ояту 2м Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар
Фонетика- нені зерттейтін сала.
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар қалай жіктеледі?
Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі?
Еріндік және езулік дауыстылардың жасалуы.
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Оқушы берілген тапсырманы орындайды Түсіну 7м Жигсо әдісі бойынша тақырыптарды оқу
Жаңа тақырып.
Дауыссыз дыбыстар-өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап, кілт үзілуінен пайда болатын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстарды айтқызу, дауыстылардан ерекшелігін тапқызу. Жигсо әдісі пайдалану
Ол үшін оқушыларға арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-аласау арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағынасын ашу. Жұппен жұмыс жасау Қолдану 10м Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жіктелуі- қатаң, ұяң, үнді.
Тақтаға дауыссыз дыбыстарды жазып көрсету, жіктеу. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін әр жұпқа тапсырмалар беру.Жаңа тақырып төңірегінде, жаңа тақырыпты түсіну үшін арнайысөздермен жұмыс жасау Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Сергіту сәті 1 м Жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Жаттығулар жасайды. Талдау 15м «Ойлан, бірік, Бөліс»
арқылы тақырыпты талдау.
Дауыссыз дыбыстарды жазғызу.Жазғандарының дұрыстығын тексеру.
Қатаң дауыссыздарды жазғызу.Қ,К,П,Т,Ш,Щ,Ф,С,Ц,Ч,Х, Қатаң дауыссыздар салдырдан тұрады.
Оқулықпен жұмыс жасау. Жаттығу жұмыстарын орындату. Сөйлемдердегі дауыссыз дыбыстарды ажырату. Тақырыптың мағанасы мен идеясын талдау үшін әр тжұпқа тапсырма беріледі, әр жұп өз тапсырмасын орындаған соң екінші жұпқа ұсынады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен талалдайды Жинақтау 5м «Автор орындығы» әдісі бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар қатаң дауыссыздарды әртүрлі жағдайда қоя отырып, сөйлемдер жазады. Жұп бойынша тақырыпты жинақтау үшін мәтін жазады, жақсы жазған бір оқушы шығып оқиды қалған оқушылар қосымша сұрақтар қояды. Әр жұп өзара тақырыпқа қатысты сөздермен жұмыс жасайды. Бағалау 2 м Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағалау, жиынтық баға Өзін өзі топпен бағалайды Рефлексия 2 м Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма 2м Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыздар. - жаттығу