Баяндама: «Бастауыш сынып о?ушыларыны? орта буын?а ?ту кезіндегі о?ытуда?ы саба?тасты?»
Қапшағай қаласы, «Сарыбұлақ ауылындағы
№8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекеме
Баяндаманың тақырыбы:
«Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық»
Бастауыш сынып мұғалімі Оразбаева Роза Оңалбайқызы
2013-2014 оқу жылы
Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық
Сабақтастық байланыс мәселесі педагогикалық білім мен тәжірибеде өз шешімін толық табал алмай, зерттеу мен ізденісті талап етіп отыр. Өйткені қоғамның даму деңгейінен туындаған талаптарға сәйкес білім беруді жаңғыртудың кез келген мезетінде оқытудағы сабақтастық өзіндік мазмұнға ие болып, әр түрлі деңгейде шешіліп келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сабақтастықтың көптеген қорлары қажетті деңгейде ескерілуде дегеніміз ағаттық. Олай дейтінім, мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардың, бастауыш және орта буынның алғашқы сыныптары арасында пәнді оқыту ғана емес, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудағы сабақтастық мәселесін жүзеге асыруда елеулі кемшіліктер орын алуда.
Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелік принципінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда сабақтастық теріске шығарудың оқу –тәрбие процесіндегі өзіндік көрінісін сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуына ілесе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесі құрамаларының бәріне тән, атап айтқанда оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны мен әдістерінің, құралдары және ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байла ныстарды білдіреді. Сондай-ақ сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады.
Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен 1- сынып арасындағы, бастауыш пен орта буын пәндерін оқытудағы және пәнішілік, пәнаралық сабақтастық байланыстар, тақырып немесе тарау материалдарының арасындағы байланыстар және т.б.
Сабақтастық байланыс екі жақты құбылыс, яғни бұл мәселені төменнен жоғары бағытта қарастырса, ілгері жылжуды, дамуды және алдағы мақсат пен міндеттерге бағдарлануды, ал жоғарыдан төменгі бағытта қарастырса, оқушылардың игерген тәжірибесін әр алуан іс-әрекетттерде тиімді және орынды қолдануды сипаттайды.
Келесі бір ескертетін жай -пәнді оқытудағы сабақтастық байланыстар мемлекеттік білім стандарттарында, оқу бағдарламаларында, оқу және әдістемелік құралдарда шешімін табуы тиіс. Бұл –оқу әдістемелік кешенді әзірлейтін авторлар тобының құзырында, өкінішке орай бастауыш және орта буын сыныптарына арналған нақты пән бойынша дүниеге келген оқу әдістемелік кешендерді әр түрлі авторлар тобы дайындағандықтан сабақтастық байланыстар үйлесім таба алмай жатады. Ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан математиканы оқытудағы сабақтастықтың іске асырылуы жайлы айта кетейін. Мұнда екі бағыттағы тұжырымға тоқталайық:
Біріншісі-оқу әдістемелік кешенмен жан-жақты танысудан туындаған, ал екіншісі-пәнді оқыту тәжірибесін байқау және бақылау барысында жинақталған.
Бастауыш мектептерде әр алуан психикалық және интеллектуалдық қасиеттермен сапаларға ие.Әрі мұнда оқушы тұлғасын қалыптастыратындай оқу –танымдық өзіндік іс-әрекет ұйымдастыруға бағдарлама жүргізілсе, орта буында мұндай мәселелер ескерусіз қалатындығын тәжірибеде көрсетеді.
Оқытудағы сабақтастық байланыс оқу процесінің барлық құрамдастарына қойылатын талаптарды, бастауыш және орта буын пән мұғалімдерінің үйлесімді іс-әрекеттерін де сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш буында оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптардың екі деңгейі (міндетті және мүмкін) ажыратылған және түсінгі болуы, білуі және үйренуі тиіс сияқты іс-әрекет сипатталады. Ал 5-9 сыныптардың бағдарламасында осындай талап негізі мектептің соңына қарай берілгендіктен оқушыларға қиындық келтіруде.
Орта буында оқытатын мұғалімдер 5- сынып оқушыларының жеке ерекшілігін, білім деңгейін, жұмыс қарқынын, әр алуан іс-әрекетке бейімділігін т.б. бақылауы тиіс. Ол үшін осы мұғалімдер жұмыс жүйесімен танысады, яғни оқушымен бірлескен іс-әрекетінің ұйымдастырылуы, оқушылардың білім, білік және дағдыларды өздігінен игеруінің деңгейі, үй тапсырмасының орындалуын тексеру, білімді бағалау нормалары сақталуы. Орта буын мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынас түрлері мінез-құлықтары жайында мағлұматтар жинақтайды.
Өткізілген жұмыстар барысында бастауыш сыныпты бітірген оқушының жаңа жағдайға қалыптасуына әсер етеді. Сол себепті мұғалім өз оқыту тәсілін өзгертіп, жоғары сынып оқушыларының ықпалын кіші оқушыларға бағыттауы керек. Осы жағдайларды ескере отырып, оқу ісін жаңа мазмұнда ұйымдастырудың, жаңа тәсілдерін біртіндеп еңгізген дұрыс. Мысалы, пән мұғалімдерінің байқауынша бастауыш мектепті бітірушілердің әлсіздігі олардың мәтінмен жұмыс істеу қабілетінен көрінеді.
Бастауыш сыныпта негізінен ауызша, кең көлемде қолданатын диалогтарға сүйенетін жалпы сыныптық оқулықпен жұмыс атқарылады. Ал орта буында тек қана ақпаратты сурет теп қана қоймай, талдау, жіктеу, шешім қабылдау, анализ жасап сараптау, қорыту сияқты талаптар қойылады. Осы талаптар ескеріліп, 4- сынып пен 5- сынып арасындағы сабақтастық мәселесіне көңіл бөлу керек.
Ендеше бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылармен тұрақты түрде жұмыс істеу қажет.
Білім беру саласыдағы бастауыш мектептің 4- сыныбы мен орта буындағы
5-6 сыныптардағы әдістемелік байланысты белгілеу керек.
4 - сынып оқушыларының 5- сыныпқа барғандағы сөйлеу дағдыларының дамуы, оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстың қалыптасуы, білім беруді ұйыдастырудың ерекшелігін білу қажет. Бастауыш сынып оқушыларымен жайлап отырып, ешқандай қиындықсыз орта буынға өткендіктерін ескертіп отыру қажет. Орта буынға барған кезде оқу жылдамдықтары мен сауаттылықтары, жазбаша жұмыс нәтижелері төмен оқушылармен тұрақты түрде жұмыс жүргізілуі тиіс.
Адаптациядан өту бару барысында, олардың тездеп қалыптасуы немесе үлгере алмаған оқушылармен қосымша жұмыстар үнемі жүргізіліп, отырылуы тиіс.
Орта буында істейтін әр пән мұғалімдері 4- сынып оқушыларының әр пәндер бойынша білім сапалары мен танысуы міндетті.
Сол себептен осы 4- сыныпта оқыған оқушылардың білім сапалары орта буынға барғанда, түспеуіне ықпал жасайды.