Бастауыш сынып о?ушыларыны? ойын ар?ылы танымды? ?абілеттерін дамыту
Шымкент қаласы Қазақстанның зияткерлік “Бәйтерек” мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А.Е. Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту, ойын ойната отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, қисынсыз ойлауға дағдыландыру. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау;бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, әдістемелік жинақ дайындау;дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру Мақсаты:Міндеті:
1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім а) Дидактикалық ойындардағы іс-әрекетә) Ойынды өткізу түрлері б)Ойын арқылы іске асатын дағдылар в)Ойынға қойылатын талаптарг) Сабақтардағы ойындарды пайдаланудың тиімділігі. 3. Қорытынды Жоспары:
Кіріспе Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында саналы да сапалы біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман дайындау делінген. Ұлы жазушы М.Әуезов: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім», -деген екен. Олай болса, еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты бағыттарының бірі-білім. Кеше ғана көк туын желбіретіп, шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында –мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы –Ұстаз тұрады. Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез бейімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарастыөзгертіп отыр.Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез биімделгіш стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет. . Мұндай жағдай іс жүзінде асу үшін мектеп бітіргендерге арналған әр түрлі түсіндірме ( радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша осы мақсатта мектепке келген күннен бастап, жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі мектепке дамыта оқыту мәселесін алып келді деп ойлаймыз. Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.Оқушының ойлауы дамуының маңызы шарты-оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп-салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстырусияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс. Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Ал оқушылардың өз бетінше жұмыстарына стандартты емес тапсырмаларды қосып отыру ұсынылады.
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т.б.) олармен жеке- дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, танымды ізденімпаздығы қалыптасады.Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға боладыМазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді.
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Мұның бәрі дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттігін дәлелдейді. Іс-әрекетКоммунткативтіТаным Оқу ШығармашылықОйын
Ойын технологиялары - оқу-тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған әр түрлi ойындарды қолдануды көздейтiн дидактикалық жүйелер. Бала сөздiгiне жаңа сөздер енгiзуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтерi де ерекше дамитындығын байқадым.Әсiресе, қазақша сөздердiң құрылымдарын байқататын лексикалық жаттығулары бар дидактикалық ойындар барысында балалардың ойлау,еске сақтау қабiлеттерi жетiле түстi.Ойынды өткізу түрлеріЖалпыТоптықЖекелейҰжымдықЖұптық
Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.Ойындардың iшiнде берiлiп отыратын сәттiк ойын-тапсырмаларды әр түрлi вариантта оңтайлы ұйымдастыру балалардың сөздiк мөлшерiн бекiтiп отырады, әрi оларды сөйлегенде еркiн қолдануына бағыт бере түседi. Сөздiң құрылымдық жағын аударуға үйрететiн жаттығулар қолдану да тиiмдi екенiн көрсеттi. Мысалы: “Сөздi қысқартып айт”(үйшiк-үй,балақай-бала, құлыншақ-құлын…) “Екi сөзден бiр сөз құра” (су құй - суқұйғыш, шаң сор- шаңсорғыш…) “Сөзге не қосылған” (қала-қалашық, бота-ботақан, ән-әншi, дәрi-дәрiгер….) , “Сөз сыңарын Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес төмендегідей түрлерін қолданып отырдым.Ойын-тапсырмалар«Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам – тiгiншi…..).Ойын–жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?.....», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.Ойын-өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз жиі кездесетін ұсақ өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты орындалады. Мысалы, «Қаламақ» ойнаушының қалауын тақпақтата білдіретін ойын-өлеңдер қатарына жатады. «Алма кетті домалап, өзен бойын жағалап........ Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.
Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды қарастырады. Әртүрлі іс-әрекетімен ашық бейнелермен қызықтырады. Ойындар арнайы дайындықты қажет етпейді. Ойын-саяхат табиғат мезгілдері, табиғат құбылыстары «ауыл», «қала», «көлік» сияқты ұғымдар туралы белгілерін бекітіп, ертегілер мен мультфильмдерге қызығушылықтарын дамытады. Бұл этюдтерде балалар тәтті жемісті, нанды, ғажайып ағашты кезіктіреді. Педагог балалардың қабылдауын қалыптастырып сөздерін іс-қимылмен байланыстыра білуге үйретеді. Балалар шыршаны әшекейлеп, торт пісіреді. Бұл тұрмыстағы этюдтерді әртүрлі сабақтарда пайдаланамыз. Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар. 2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
2. Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар. Мысалы: Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. (ерін)(Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса) «Сөзтізбе» ойыны.Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.Мысалы: Көйлек – кеме – ерін – наурыз – заман - ................(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) 20 сөз жазып шықса, сол жеңімпаз болып саналады). Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын-есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.. 3. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар. 4. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, Ақтау, ... (Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау).2. Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) Шағала, Тамара, Тамаша, ... (ы) Ыдыс, Ыдырыс, Ыстық, ... (і) Ілгіш, Ірімшік, Тіршілік, ... (е) Береке, Текемет, Ертең, ...3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: қазақ, нан, керек«Кім жылдам?» ойыны
. Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жазыңдар. 1. Р, о, б 4. а, ш, а, ғ 2. т, р, е, м, е 5. қ, ы, а, з,қ 3. а, л, а, д 6. і, м, б, л, і Тақтаға заттардың, жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал- мәтелдерді кім біледі?(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).. Ішінде антоним сөздер бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар. 1 . Үйдің .............- .............қыс түскенде білерсің . Кімнің ..........- .............іс түскенде білерсің. 2. Ашу- .........., ақыл- .............(Оқушыларға антоним сөздердің мақал – мәтелдердегі орны туралы айттырамын). «Адасқан әріптер» ойыны «Жалғасын тап» ойыны«Кім білгір?» ойыны
7. Сиырдың сүті қай жерінде? 8. Қандай бала сүймелі? 9. Қандай кілт аспанда болады? 10.Тауық түс көреме екен? «Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны.Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі, ойынға қатысушылар оларды қатыстырып әр қайсысына бір сөйлемнен жазу керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайлаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады. «Кім жылдам?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.1. ........ ......... шығады, ........ ......... шығады.2. ........ ......... ортақ, ........ ......... ортақ 3. ........ ......... –бал, ........ .........- бал.1. Қар жана ма? 2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзіқандай?3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?4. Бір қазанға симайтын қандай бастар? 5. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді? Сонда қалай?6. Адамның қай жерінен нан піседі?«Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны«Кім жылдам?» ойыны
Қорыта келе, сабақта ойын элементтерін қолдануда, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады: 1.Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады2.Жеке тұлға қалыптасады3.Баланың шығармашылық қабілеті дамиды4.Өз ойынан жаңа ойын құрастырып шығарады5.Ойын кезінде бала өз ойын еркін айта алады.
Қорытынды Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр: Ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылар тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды. Мен оларға тек бағыт беріп отырдым. Мұндай тапсырмаларды жүйелі, мақсатты түрде оқушыларға ұсыну арқылы олардың ой белсенділігін, өз бетінше ойлауын, оқу тапсырмаларына деген шығармашылық қарым-қатынасын арттырдым. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойындардың алатын орны мен мазмұнына талдау жасап, оның оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білімдерінің тереңдеуіне негіз болатындығын анықтадым, сабақтарда қолданылатын ойын түрлерінің құрылымын ұсындым. Дәстүрлі сабақтарға қарағанда ойын технологиясын қолдану арқылы жүргізілген сабақтар арқылы оқушылар сапалы және терең білімге жететінін анықтадым. Яғни ойынды ойната отырып, берілген тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырдым, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырдым, сөздік қорларын молайттым. Сабақта дидактикалық ойынды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырдым, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал еттім. Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиеледі. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапымнан жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуына себін тигізді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастық мәні неде екенін түсіне бастады. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылды. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін – осы ойын». Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастады. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартты. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер етті. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықтарын қалыптастырды.
Пайдаланған әдебиеттер1.Г.Нұрмаханова «Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі» «Бастауыш мектеп» журналы №10, 2004 жыл2.Г. Бекова «Шығармашылық ізденістер» «Бастауыш мектеп» №2, 1998жыл3.Е. Тұрсынбаева «Танымдық қабілетті дамыту және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру» «Мектеп директорының орынбасары» журналы №4, 2004жыл4. Г.Каримова « Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш білім №2,2008 ж.5.Г.Алпысбаева, А. Әбуова «Тіл сабақтарында ойынды пайдалану әдістері» (1-4 сыныптар), Алматы – 2008 ж.