Шебер сынып. Бастауыш сынып о?ушыларыны? функцияналды? сауаттылы?ын дамытуды? тиімді жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының функцияналдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары Адам бір жылын ойласа-дән себеді, бар ғұмырын ойласа- ағаш егеді, ал ғасырлық болашағын ойласа- ұрпақ тәрбиелейді. Сынып жетекшісі ретінде тәрбие сағатын, сыныптан тыс жұмыстар арқылы тұлғаның қалыптасуына әсер етемін. Білім беруде ақпараттық , коммуникациялық технологияларды пайдаланамын.(Көрнекі құралдар, компьютер, интербелсенді тақта) Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б. Дифференцияланған әдістер арқылы әр оқушыға жеке-дара көңіл бөлемін. Мониторинг жүргіземін.Оның екі түрін қолданамын.Бірінші. Алғашқы (старттық ) экспресс-диагностика.Екінші. Соңғы (фиништік) диагностика. Оқушылардың танымдық ойлау қабілетін дамыту. ( Анкета,викториналық сұрақтар, тест, логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақ, ребус, факультативтік сабақтар, жарыстар, байқаулар ) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: “Жастарды белсенді, жауапты, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу” басты мақсат деп көрсетілген. Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Назарларыңызға рахмет!