Бастауыш сыныптарда?ы зерттеу іс-?рекеттерін ?йымдастыру


Бастауыш сыныптардағы зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру
Мәселе жаза білуде емес,
мәселе- өмірге белгілі бір көзқарас
қалыптастырып,бір жаңалық аша білуде.
Джон Голсуорси
«Тыңда! Маған бір керемет ой кліп тұр!» Бұл Е. Дакворттың кітабының атынан көрініп ақ тұрғандай, Ж. Пиаженің мектеп пен ойдағы алатын рөліне арналған кітабының негізгі идеясы болып табылады. Е. Дакворт кітабын мына сөздермен ашады: «Керемет ойдың пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болады. Баланың өзіндік ойын құрып, сол ойды құрғаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады.»
Мәселен, белгілі бір нәрсені есте сақтау мен оны қажетті жағдайда қолдану және басқа да құбылыстармен байланыстыру бүлдіршіннің жас кезінде қолайсыз болады.Бастауыш сынып оқушылары неліктен интеллектуалды дамуға талпыныс жасайды? Ал осыдан кейін неліктен көпшіліктің интеллектуалды дамуы төмендеп кетеді?
Практиктердің айтуынша керемет идеялар тектен-тек шыға салмайды. Олардың шығуының екі шарты болады, біріншіден, басқа идеялардың негізінде құрылатындықтан бұрынғы идеялар тәжірибесі, екіншіден, талқыланатын тақырыпты жеткілікті түрде білу. (E.Duckworth 1996)
Керемет идеялардың пайда болу жағдайын қамтамасыз ететін екі аспектіні көрсете кету керек. Олардың біреуі балалардың идеяларын қабылдауға дайын тұру. Екіншісі балалардың керемет идеяларын, яғни әр баладағы әртүрлі идеяны тудыратындай ортамен қамтамасыз ету. (E.Duckworth 1996)
Осы идеялардың негізінде балалардың зерттеу іс-әрекеттерін дамытуға аса назар аудару қажет.
Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған баламен қалай және қандай зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады? Бұл жұмыс оларға не береді? Мұғалім қандай нәтижеге жете алады? деген сұрақтар туындайды.
Мектептердің, ата аналардың және мұғалімдердің өздерінің кішкентай азаматтарынан күткен үміттері жоғары екені баршаға мәлім. Сондықтан қоғамдық ортада өз ойын еркін де толық жеткізе білетін, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, кез-келген іс-әрекетке жан-жақты көз қараспен қарайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру менің басты мақсатым деп ойлаймын.
Баланы зерттеу жұмысына баулу мұғалімнің шыдамдылығын қажет етеді.
Алғашқы айлардан бастап-ақ «Табиғатты» зерттеу жұмысынан бастадық. Мектеп пен үйдің арасында кездесетін барлық тірі табиғаттар мен өлі табиғаттарды бақылап, оның неге өлі табиғат екенін, неге тірі табиғат екенін дәлелдеуге тырысты. Өздерінің жұмыс дәптерлеріне суреттерін салып, ата аналарының көмегімен сол табиғат туралы қысқаша мәлімет жазды.
Өсімдіктерді зерттеу балаларға қызығушылық тудырды. Бөлме өсімдігі болсын, қар астындағы өсімдік болсын оның атын, неше жапырағы бар екенін, тамырының қаншалықты тереңдігін, дәмін, иісін, тұқымын анықтап келді. Ал далада қардың астын қазбалап, ондағы кейбір өсімдіктердің жасыл болып тұрғанына таң қалды. Неге ол жасыл? Неге ол үсімейді? деген сұрақтар пайда болды. Бұл сұраққа ата-аналарымен бірлесіп іздену жұмыстарын жүргізіп, табиғат құбылыстарына өз ойларын жазды.
Мысалы: Арайлым: Мен жапырақпын.Ауаның тазаруына көмектесемін. Менің денемде су көп, дәмім ащы.Мен қаланың көркімін. Менің көлеңкеме адамдар паналайды.
Медет:Биыл қар ерте жауды.Мен күзде қардың астында қалып қойдым.Өлетін шығармын деп ойлағанмын.Бірақ қардаң асты жылы болады екен.Маған өте ұнады.

Ал енді биыл, 2 сыныпта нысанаға «Астананың мәдениет орталықтарын» алдық. Олар Келісім және бейбітшілік сарайы «Пирамида»,Думан ойын сауық орталығы «Океанариум», «Цирк», «Бәйтерек».
Алдымен балалар өздеріне ұнатқан тақырыптарын таңдап алды. Ол тақырыпты не үшін , қандай мақсатпен таңдағандарын сұрақ түрінде жазып шықты. Мәселен, «Пирамиданы» зерттеушілер зерттеуге дейін мынадай сұрақтар түзді:
Пирамиданы қандай мақсатпен салған?
Оның авторы кім?
Қандай материалдардан соғылған?
Биіктігі неше метр?
Көлемі қанша? Ішкі құрылысы қандай?
Египеттегі пирамидадан айырмашылығы неде?.
Бейбітшілік және келісім сарайы неге пирамида тәрізді,неге төрт бұрышты емес?
Ал «Думан» ойын-сауық орталығындағы балалар өздеріне әр түрлі нысана тапты. «Акула», «Атракциондар», «Шортан» балығы,» «Құм», «Пирания» балығы тақырыптарын таңдап, түзген сұрақтары мынадай болды.
Океанариумда балықтардың неше түрі бар екен?
Олар немен қоректенеді?
Балықтар қайдан әкелінген?
Суларын қанша рет ауыстырады?
Неше рет және немен қоректендіреді?
Қанша аттракциондар бар?
Ол аттракциондарды қайдан әкелген және авторлары кім?
Қай жастағы балаларға арналған?
Балық адамның досы болуы мүмкін бе?
Осы сұрақтар қатарын түзіп болғаннан кейін, ата аналармен жұмыс жасап, бірлесе жұмысқа кірістік.
Келісім және бейбітшілік сарайына барғанымызда оқушылар сонда жұмыс жасап жатқан адамдармен және экскурсаводпен сұхбат жүргізіп, Пирамида туралы өз сұрақтарына жауаптарын шамасынша алды. Сұрақтары таусылғаннан кейін тақырыптан ауытқып жүргізушінің өзінің жеке басына сұрақтар қойып, пікір алмасты.Өз зерттеу жұмыстарының барысында оқушылар сол жердегі іс әрекеттерді түсіну үшін карталар жасап, ғимараттың жобасын салды.
Менің байқағаным балалар өз бетінше сұхбат жүргізіп, алған жауаптарын талдап, талқылай алады. Шамасы келгенше жан-жақтан ақпараттар іздеп, жазу жұмысына бейімделді.
Ата аналардың қызығушылығы сондай, осы жұмыс барысында арамызда тығыз қарым қатынас орнап, 5 айға созылған жұмыстың соңында қорытынды конференция ұйымдастырдық.
Осылайша оқушылар өз байқағандарына талдау жасағандарын жаза алады. Бірнеше бақылағандардан тұратын қос жазбалы күнделікті салыстыру арқылы оқушылар өз байқағандары мен ұсыныстарына арналған үлгілерді іздестіре алады.Бұл үлгілер олардың зерттеу жұмыстарындағы қорытындыларына тақырып қоюға көмектеседі. Суреттерді қауымдағы адамдарға көрсетіп, олардан «Сіз мына суреттен нені көріп тұрсыз?» деген сұрақты қоя отырып, оларды интервью мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдану суреттерді пайдаланудағы өте маңызды қолданыс болады.