Тиімді технология ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? с?йлеу ?абілеттерін арттыру Кульжигитова А.К., бастауыш сынып м??алімі, № 9 ЖОББГМ, Павлодар ?.
Тиімді технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілеттерін арттыру
Кульжигитова А.К., бастауыш сынып мұғалімі, № 9 ЖОББГМ, Павлодар қ.
Бастауыш мектептiң қазақ тiлi сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуден басталады. Оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi; екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуге тиiс. Сайып келгенде, осының бәрi, Тұжырымдамада көрсетiлгендей, тiлдiк қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын менгерудi қажет етедi. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тiлiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сұранысына орай оқытып, қатысым арқылы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру өзектi мәселеге айналып отыр.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне,олардың тілін дамыту мәселесіне ежелден көңіл бөлінуде.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми әдістемелік негіздері: С.Рахметова, Т.А.Ладыженская, М.Р.Львов, Г.Уаисова, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқындалған. Дегенмен бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда қарастырылмаған.Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми негіздерін айқындаудың,ұтымды әдіс-тәсілдерді анықтаудың маңызы зор.
Қазiргi кезеңде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту үшiн жаңа буын оқулықтары, оқыту кешендерi, дидактикалық материалдар мен әдiстемелiк нұсқаулар шыға бастады. Ғалымдар, әдiскерлер бастауыш мектепте қазақ тiлi саласын оқытуға, оқыту үрдiсiнде жаңа әдiстер мен технологияларды қолдануға аса назар аудара бастады. Бүгiнгi таңдағы осындай өзектi мәселелердiң бiрi - оқушылардың мәдениеттi сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шәкiрттерге бiлiмдi теориялық тұрғыдан ғана меңгертпей, олардың осы бiлiмдi тiлдiк қатынаста еркiн пайдаланып, жатық сөйлеуге үйрету.
Ғ.Бегалиев «Әрiп, дыбыс, буын» атты еңбегiнде оқушылардың сөйлеу дағдыларын мынадай жолдармен қалыптастыруға болатынын атап көрсетедi:
Оқушыларың тiлiн байыту үшiн iстелетiн жұмыстар үшке бөлiнедi.
Сөз запасын көбейту;
Өз пiкiрiн дұрыс айтуға жаттықтыру;
Өз пiкiрiн жазып түсiндiруге жаттықтыру, – деп олардың
әрқайсысына жеке-жеке тоқталады. Бұған қоса бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшiн төмендегiдей жұмыстар орындатылуы керек дейдi:
1. Оқушылардың өз пiкiрiн дұрыс айтуға үйрету мақсатында дұрыс жауап алу;
а) Оқылған мақала бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, қысқа, дұрыс жауап алу;
ә) Оқыған мақаланы, көрген-бiлгенiн, iстегенiн, сөйлегендерiн байқап отырып, қате айтқандарын соңынан түзету, дұрысы былай болады деп айтып беру;
б) Оқылған мақала туралы өз ара пiкiр алысуға оқушыларды үйрету, сұрауларды қалай беру, толықтыру, қарсы пiкiрiн бiлдiру жолдарын үйрету;
в) Жиналыстарда шығып сөйлеуге үйрету.
2. Бiткен ойды жазуға үйрету үшiн:
1) Бүкiл бөлiм болып қысқа ұрандар қарау, сұрау-жауаптар айтып, оларды жазып алу;
2) Тiл ширату немесе әңгiме есту жұмыстарында айтылғандарды жазып алу, соңынан оның дұрыс-бұрысын анықтау;
3) Анкет, мәлiмдеме, әдiс, тiл-хат, куәлiк, қағаз жаздыру т.б.
Оқушы бұған тек оқу процесiнде ғана үйренiп дағдыланады, оған бiрсыпыра өткелiктерден өту, кейбiр қиыншылықтарды жеңiп алу керек болады. Мысалы: Жазуға төселу, жазу түрiне қалыптасу, емле ережелерiн, тыныс белгiлерiн меңгерiп алу, ойындағысын жазуша тиянақты етiп бiлдiруге қалыптасу. Мiне, мұның бәрi көп жаттығуды, машықтануды керек қылады.
Оқушы қанша пысық, тиянақты болмасын өз ойындағысын ауызша бiлдiргендегiдей етiп жазуша бiлдiре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғаны жазуға келгенде, ауызекi айтқандағысындай еркiн мазмұндай алмайды, - дейдi.
Балалардың сөйлеу тiлi мен жазу тiлiн дамыту мақсатын көздеп жүргiзiлетiн арнаулы жаттығулардың негiзгi түрлерiне ауызша және жазбаша, мазмұндама мен шығармалар жатады», - деп, ауызша сөйлеу жаттығуларын былайша бөледi:
1. Балалардың оқыған немесе тыңдаған әңгiмесiнiң мазмұнын кейiннен толық етiп, қайта айтып беру мақсатымен қойылған сұрақтарға жауап бергiзу. Мұғалiм балалардың берген жауаптарын жыйнақтай отырып, қайта айтып берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Балалар жеке-жеке сұрақтар бойынша әңгiменi немесе ертегiнi қайталап айтып шыққаннан кейiн, ендi түгел айтып шығуға кiрiседi.
2. Әңгiменiң желiсiн көрсететiн суреттердi пайдаланып, мазмұнын қайта айтып беру. Балалар суреттердi қарап шығып, мұғалiмнiң көмегiмен сол суреттер бойынша әңгiменiң тәртiбiн белгiлейдi.
3. Балалардың өздерiнiң суреттердi салуға болатындығын айта отырып, балалар сол әңгiменiң тұтас мазмұнының жеке-жеке негiзгi мәлiметтерiн көрсетедi.
4. Балалардың оқып шыққан не тыңдаған әңгiмелердiң мазмұны бойынша олардың жасаған не мұғалiм жасап берген жоспарға қарап, әңгiменiң мазмұнын айту. Бұл ауызша жаттығулар болашақ жазбаша мазмұндамалардың негiзi болып табылады».
Қазақ тiлiн дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде қолданылатын негiзгi әдiстердiң бiрi – қатысымдық әдiс.Бұл әдіс – тiлдi жалаң заңдылықтар тұрғысынан меңгертуге емес, тiлдiк қарым-қатынас жасауға үйретуге арналған. Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде қатысымдық әдiстiң теориялық және әдiснамалық негiздерiн ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастырған ғалым ─ Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым қатысымдық әдiстiң анықтамасын: «Қатысымдық әдiс – тiлдiк қатынас теорияларын iс жүзiнде асырушы барлық iс-әрекеттер мен тәжiрибелердiң жиынтығы », - деп тұжырымдайды. Сондай-ақ ол қатысымдық әдiстiң өзiндiк белгiлерiне мыналарды жатқызады:
Қатысымдық әдiс оқыту процесiнде кем дегенде екi адамның арасындағы тығыз қарым-қатынастың, белсендi iс-әрекеттiң жүзеге асуы нәтижесiнде болады.
Қатысымдық әдiс үйретушi мен үйренушiнiң бiр-бiрiмен пiкiр алмасуын, тiл арқылы сөйлеуiн қамтамасыз ете келiп, адам мен адамның өзара түсiнуiне жол ашады.
Қатысымдық әдiс оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзiне тән мiндеттердi бөлек алып, ал олардың алдына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етедi.
Қатысымдық әдiс оқыту жүйесiндегi бiрнеше тиiмдi тәсiлдердi, амалдарды бiрiктiредi.
Қатысым әдiсiнiң басты белгiсiнiң бiрi – тiлдi үйретудi күнделiктi өмiрде жүзеге асыру.
Қатысымдық әдiс арқылы белгiлi бiр тiл туралы бiлiм берiлмейдi. Қарым-қатынас құралы тiлдiң өзiн қалай қолдану керек, сол жөнiнде оқытылады, яғни сол тiлде сөйлеу үйретiледi.
Демек, қатысымдық әдiс – мұғалiм мен оқушы арасындағы тiлдiк қатынасты жүзеге асыратын, оқушылардың сөйлеу формаларын, тiл мәдениеттерiн жетiлдiретiн, тiлiн дамытатын, осы мәселелердi бiр арнаға тоғыстыратын оқыту әдiстерiнiң бiрi.
Интерактивтi әдiстер – қазақ тiлiн дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде қолданылатын негiзгi әдiстердiң бiрi. Интерактивтi әдiстер бастауыш мектеп оқушыларына сабақ үстiнде еркiндiк беруiмен құнды. Оқыту барысында оқушылар бiр-бiрiмен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседi және осы арқылы бiр-бiрiн оқытады, үйретедi. Интерактивтi сөзiнiң өзi ( латынша interaction ― интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етудi бiлдiредi. Бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын интерактивтi әдiстер арқылы қалыптастыруда―оқушылар сабақта белсендi iс-әрекеттер жасап, өтiлген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шештi, бiрiн-бiрi оқытты, үйреттi.Интерактивтi әдiстер арқылы өтiлген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсендiлiгiн арттыру қажет. Ол үшiн мұғалiм төмендегi мәселелердi ескеруi керек:
Оқушылардың қимыл белсендiлiгiн арттыру жолдары:
Оқушылар түсiнбеген жерiн орнынан тұрып, екiншi оқушыдан еркiн сұрауы, жақсы оқитын оқушы өзiнiң микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуi, оқушылар тапсырма бойынша бiр-бiрiмен (өздерiнiң микротаптарында) сөйлесiп, ақылдасып отыруы;
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейiн өзара бiрiн-бiрi тексередi.
Оқушылардың әлеуметтiк белсендiгiн арттыру жолдары:
Оқушылар өзара оқушы-оқушы не мұғалiм-оқушы түрiнде бiр-бiрiне сұрақтар беруi;
Бастауыш мектеп оқушылары сабақта өзара пiкiрлесiп отыруы.
Қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап беру еркiндiгi болуы қажет.
Оқушылардың танымдық белсендiгiн арттыру жолдары:
Оқушылар қарсы жақтың пiкiрiне өзiндiк пiкiр айта алуға;
Келiспеген жағдайда өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге;
Өзiнiң микротобындағы жолдастарының сөздерiне қосымша не пiкiрге қосылатыны жөнiнде өзiндiк пiкiр бiлдiруге тиiс.
Оқушылардың қатысымдық белсендiгiн арттыру жолдары:
Сабақ барысында оқушылар бiр-бiрiмен еркiн тiлдiк қатынасқа шығуы;
Жауаптарын бiрге жоспарлауы;
Сөйлеген сөздерiн нақты әрi қысқа жеткiзуi;
Айтар ойларының әсерлi болуы;
Сөйлеген сөздерiнiң жаргон, диалект, паразит сөздерден таза болуы қажет.
Қорытындыда бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мынадай принциптер қолданылды:
1. Теорияны практикамен байланыстыру принципi
2. Оқушылардың жеке қабiлеттерiн ескеру принципi
3. Ғылымилық принципi
4.Көрнекiлiк принципi
5. Жүйелiлiк және бiрiздiлiк принципi
6. Саналылық пен белсендiлiк принципi
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның халқына жолдауы // Университет №9-14.03.2006ж
2. Молдабеков Қ, Ермекбаев М, Нарқұлова Б, Базарбаева К Бастауыш мектеп Қазақ тiлi сабағында дамытушы орындарыд қолдану әдiстемесi. Алматы 2003-146