Психология негіздері. Темперамент ??ымына жалпы сипаттама. Темпераментті? негізгі ?асиеттрі. Темперамент т?рлері. Гален, Павлов, Гиппократ бойынша темперамент типтері. ?орытынды.


Ақтөбе медициналық колледжі Жоспар: Темперамент ұғымына жалпы сипаттама.Темпераменттің негізгі қасиеттрі.Темперамент түрлері.Гален, Павлов, Гиппократ бойынша темперамент типтері.Қорытынды. Темперамент-жеке адамның биологиялық фундаменті, оның туа пайда болған қасиеті. «Темперамент» терминінің ( латынша « дұрыс араласу» деген ) қолданылуы көне замандағы Гиппократ және оны қолдаушылардың аңқау – материалистік түсінігімен байланысты. Олардың түсінігі бойынша адамдар темпераменті организмге бір сұйықтықтың араласуы арқасындағы басымдылығымен байланысты. Мысалы қан, мидан бөлінетін шырыш буырдан бөлінетін және бауырдан бөлінетін өт. Темперамент дегеніміз адамның жалпы мінездемесі. Ол жеке адамның туа пайда болған биологиялық сапасына негізделген. Темперамент жеке адамды анықтай алмайды, ол жеке адамның қасиетінің бірі. Темпераменттің негізгі қасиеттері: Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болу ына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі Жауап-әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап –әрекет дәрежесіБелсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы. Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы.Экстраверсия, интарверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер.Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасының туындау жолдары. Темперамент Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешілігі холерик сангвиник флегматик меланхолик Холерик Ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозу басым, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, белсенді. Сангвиник Ширақ жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимист. Флегматик Жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяу, өте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыпты. Меланхолик Жүйке жүйесі әлсіз адамдар, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу. Гиппократ бойынша темперамент типтерi. Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері- Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Гиппократ және оның шәкірттері организмнің өзгешеліктері денедегі “тіршілік шырындарына” байланысты деп қарады: денені жылытатын- қан, салқындатын- сөл, құрғататын- өт, дамқыл-дандыратын- қара өт, осылар бір-бірімен белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осылардың қай мөлшердегі қатынасына қарай, әр кісіде дара өзгешелік болады: Сангвиник (латынша- сангуис)- қанның пропорциялық мөлшері көп болса;Флегматик (грекше- флегма)- сөл көп болса;Холерик (грекше- холе) өт көп болса;Меланхолик (мелайна холе)- күшті пропорция қара өтте болса. Гален бойынша темперамент типтері. Гиппократтың психологиялық тағылымын арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғаламдық сипат берді. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius- қан), флегматик (рhlegma- шырыш), холерик (chole- өт), меланхолик (melaschole- запыран). Гален -өндірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді. И.П. Павлов бойынша темперамент типтері. Жүйке жүйесінің типтері мен қабындағы қозу, тежелу, процестерінің үш негізгі белгісінің күші, тепе-теңдігі қозғалғыштығы деп олардың, бірінің екіншісіне алмаса алу қабілесттілігін айтады. Осы принципті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады: Жүйке жүйесінің типтері Ұстамсыз тип Ширақ тип Баяу тип Күшті, қозуы тежелуінен басым Күшті, қозуы мен тежелуі тең Күшті, қозуы мен тежелуі баяу И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типотологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты: Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы- сангвиник.Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт- флегматик.Күшті, қозуы басым- холерик.Әлсіз тип- меланхолик. В О П Л А В Сөзжұмбақ Сұрақтары:Жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяу, өте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыпты. Ширақ жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимист. Жүйке жүйесі әлсіз адамдар, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу.Психологиялық тұрғыдан 4 темпераментке бөлген.Бас миы қозу мен тежелу процестерін еске ала отырып орталық нерв жүйесін бөлген орыс ғалымы. Пайдаланылған әдебиеттер: “Жалпы психология” Алматы. ДарынК.С. Жұмасова оқулық Астана қаласы. Назар аударғандарыңызға рахмет!