Доклад на тему Бастауыш сыныптарда п?ндерді берудегі т?рбиелік міндеттерді ж?зеге асыруды? сапасын к?теру жолдары
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда пәндерді берудегі тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудың сапасын көтеру жолдары
Жас ұрпақ- ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын Отан сүйгіштікке, ақыл- ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» - деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткІншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Осы талапты жүзеге асыру үлкен үлесті мұғалімдер қауымы атқарады, олар-мектептің алтын арқауы. Білім негізі бастауышта, тіпті бірінші сыныпта қаланады десек, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашарлығы, еңбек сүйіспеншілігі,адалдығы мен шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады.
Бастауыштан оқушылардың оқу тәртібін, жалпы әдептілігін, мәдениеттілігін қалыптастыру, оқу процесін ереже, талаптарға, жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарламамен, сабақ кестесі, уақыт кестесімен, оқыту үдерісінде оқудың, іс-әрекеттің уақыттың пайдалы әсер коэффициенттін жоғарлатып, сапалы білім берумен бірге, әрқашанда жас ұрпаққа жан жылуын беру ерекше маңызды. Білім бастауы бастауышта, олай болса сабақ үлгерімін алғашқы күннен күн тәртібінде болуы шарт.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын еңбасты мәселесінің бірі — өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Тәрбие — қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаныңжағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті — қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеуде бірнеше бағытты басшылыққа алады, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие,рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және отбасылық мәдениет.
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілік, өз елін сүюге баулап келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе-де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы, ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде аса қажет.Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» — деген еді.
Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизм негізі мұраттарына мән берілді. Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні — оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етеді.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылады:
ана тіліне сүйіспеншілік — туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу; ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу —оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
туған жерге сүйіспеншілік — туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман-көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп-баптау -экологтік ая;
туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын сүю, Отанын сүю, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу — азаматтық сапа аясы;
өз отбасындағы сүйіспеншілік — ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу — кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру — ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу — қатынас мәдениетінің аясы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпы азаматтық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді. Бұл сияқты арман-мұраттардың орындалуына бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығы мазмұнында алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы, М.Әлімбаевтың «Сөз құдіреті» өлеңінде:
Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз — деп сөздің кісіге қалай әсер ететінін жеткізсе, әрі қарай:
Сөз — ой-пікір шалқары,
Сөз-де адамға тартады, — деген шумақтан ана тілінің мәні, сөздің кісіге қалай әсер ететіні, сөз арқылы кісіні тануға болатыны түсіндіріледі. Қазақхалқы үшін тілдің қай кезеңде тәрбие құралы болғандығына мән беріледі.
Ақын Ә.Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, мен-де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен-де бірге өшемін, — деген шумағында тілдің ұлттық, елдік мән-маңызы насихатталады. Бұған қоса, туған жер, туған ел тақырыптарынқозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең-жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,Ғабит Мүсірепов сияқты, ақын жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» атты үзіндісінде: «…Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі-де тәтті…» деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыражай қалпын суреттеп қана қоймай баланың жан-жүрегін баурап алып, оны тебіренте түседі. Онан әрі «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…» деген жолдар оқушының намысын оятып, ойын ұшқыр, санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі — Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы —«Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс — әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Алайда оқушыны шығарманың өн бойында әңгімеленген жәндіктер әрекеті-ақ ойға қалдырады. Әсіресе, борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның — «Иісі қандай жақсы — нағыз майбатпақ« — деген жауабы таңдандырады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ, ол «әркімнің өз үйі —өлең төсегі» немесе «туған жер — алтын бесік».
Бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімін оятып, зердесін дамытатын үздік суреттелген, мазмұнды көркем шығармалар болып табылады. Көркем шығармалар баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пенқайраттылық, намысшылдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қанаөз Отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру — өзекті-де, күрделі мәселе болып табылады.
Бүгінде «Мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
А.Байтұрсынов: «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші — бай тілі, екінші — байтақ жері».