«Отбасы т?рбиесі». Баяндама. Т?ртіпті? е? тамаша ортасы – отбасы. С.Смайлс балаба?шада?ы т?рбие ж?мысыны? н?тижелігіні? бір ?шы ата-аналармен, ?о?амдасты?пен балаба?шаны? бірлескен ?рекетінде екені еш уа?ытта к?м?н ту?ызбайды. Бала т?рбиесі мен дамуында?ы


«Отбасы тәрбиесі». Баяндама.
Тәртіптің ең тамаша ортасы – отбасы. С.Смайлс балабақшадағы тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен балабақшаның бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала балабақша табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы балабақшамен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Балабақша мен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады. Отбасы мен балабақша арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады: Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Балабақша қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, баланын өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Бала өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес. Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді. Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста балабақша түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.