Биология саба?ынан саба? жоспары Тыныс алу ж?йесіні? ма?ызы, тыныс алу м?шелері


Сынып 8 «А»
Пәні Биология
Сабақтың тақырыбы тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу мүшелері
Сілтеме Мұғалідерге арналған нұсқаулық, биология оқулық, АКТ
Жалпы мақсаты Тыныс алу жүйесінің құрылысын, қызметін сыни тұрғыдан ойлай отырып тақырыпты аша білу
Күтілетін нәтиже Тыныс алу жүйесінің мүшелерін ажырата біледі, құрылысын, қызметін түсінеді.
Тақырыпты аша біледі
Диологты оқу қалыптасады, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, еркін сөйлеуге қалыптасады
Бір бірімен еркін қарым қатынасқа түседі
Өз беттерінше жұмыс орындай алады
Түйінді идеялар Топпен ұйымшылдыққа үйренеді
Ауызша түрдегі негізгіақпарат балалардың еркін айтуын, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпал етеді. Диалог арқылы балалардың өз ойларын ашық айта білуін, рольге кіру дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді
Өз беттерінше ізденуге үйренеді
Тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасы, әр оқушы мұғалім көрсеткен ағаш суреттерін таңдап алады, осы ағаштар бойынша топқа бөлінеді, мұғалім бұл ағаш суреттерінің оқушылардың мінез құлығын білдіретінін айтып, психологиялық тест оқып береді. 5 мин
үй тапсырмасы
1 тапсырма. «сыйқырлы сан» (әр топ өздерінің қалаған сандарын ашып, ондағы сұрақтарға жауап береді)
2 тапсырма. «кім тапқыр» әдісін қолдана отырып, оқушылар допты бір топтан, бір топқа лақтыру арқылы сұраққа жауап береді.
Жаңа сабақ:
Оқушылар сабақ басында берген суреттеріңіздің келесі бетін қараңыздар, не көрдік? (әріп) Енді сол әріпптерді құрастырамыз (тыныс алу жүйесінің маңызы, қызметі
Топтарға тапсырма
1 топ: Тыныс алу маңызы
2 топ. тыныс алу мүшелерінің құрылысы
3 топ. Көмей
4 топ. Кеңірдек, бронхылар
(әр топ өзіне берілген бөлімді оқып болғаннан кеиін, топтарға барып түсіндіреді)
Топтарды «қарлы кесек» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгергендерін тексереді.
1 қарлы кесек: тыныс алу жүйесінің құрылысы
2 қарлы кесек: Тыныс алу дегеніміз не?
3 қарлы кесек: Өкпе құрылысы?
4 қарлы кесек: Өкпе қызметі?
5 қарлы кесек: Көмейдің құрылысы, қызметі?
6 қарлы кесек: Кеңірдектің құрылысы, қызметі?
7 қарлы кесек: Бронхылардың құрылысы, қазметі?
8 қарлы кесек: мұрын қуысының құрылысы, қызметі?
«Сөз сызба» әріптер бойынша тыныс алу мүшелерінен сөздер құрастыру
10 мин
5 мин дайындық
10 мин
10 мин
Бағалау топ мүшелерінің бағалауы
басқа топтың бағасы
Өзін өзі бағалау
Суммативті және формативті баға
2 жұлдыз 1 тілек 5 мин
Оқуға арналған тапсырмалар Оқу, сұрақ құрастыру