Дастархан жабды?тау т?рлері ,салт-д?ст?рлер. Мерекелік дастархан жабды?тау т?рлері.


Садуова Жанар ЖетписбаевнаХ.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Дастархан жабдықтау түрлері ,салт-дәстүрлер.Мерекелік дастархан жабдықтау түрлері.Білімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту. Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Сабақ барысыI.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мне мақсатын хабарлау.
3. Осы сабақ – аралас, тақырыбы «Дастархан жабдықтау»
II.Кіріспе нұсқау
Сабақ теориялық дайындықпен, күнделікті дастархан жабдықтау және мерекелік жиын өткізуге арналады. Қазіргі заманғы этикет талабына сай әдемілікті, ісемдікті, білімділікті және дұрыс жабдықтауды қажет етеді.Қазіргі заманның қажеттілігі бүгінгі күні - өзін өзі ұстау, өкінішке орай әдептілікке, тәрбие мәдениетіне, жақсы мәнер ережелеріне немқұрайлы қарайтындар да кездеседі. Ең қарапайым өмірде кездесетін жағдай: қалай қонақтарды қарсы алу?. Мерекелік дастарханды қалай жабдықтау? Осыған орай үстел басында өзін-өзі қалай ұстауын адамдармен қарым-қатынасын, тәрбиелік дәрежесін анықтауға болады. Соңғы жылдары біздің өміріміз әр түрлі жаңалықтарға толы: іскерлік, шет мемлекеттерден экономикалық байланыстар көбірек дамыды. Сондықтан әр адам өз серіктерінің арасында артық көрінгісі келетіні орынды. Әр түрлі орынсыз жайлар қарапайым тәртіп ережелерін сақтау адамды сүйкімді, адамгершілік қатынасын жағымды етіп көрсетеді, әр түрлі көзқарастағы адамдарды жақындатады.Дастархан жабдықтауды әртүрлі қарастыруға болады. Тек кейбір ережелер қатал сақталған. Қалғандары - әр адамның талғамына, жағдайына және сезіміне байланысты. Ең бастысы – ыңғайлы, әдемі, жағымды болуында.Адамның күннен күнге тамақтанатын орны негізгі мәселе болып табылады. Өз отбасында таңертеңгілік асты дұрыс қабылдаса, күні бойы жақсы көңілмен жүреді. Ал кешкілік аста әдемі жинақталған үстел басында, барлық отбасы адамдары өз ойларымен, жаңалықтарымен алмасып шүйіркелессе, сол күн жақсы аяқталғаны болып табылады.Басқа жағдайда – мүмкін ол отбасының түскі ас жақын достарымен кездесу, шақырылған адамдаремен немесе мерекелік кеш – үстел әдемі және ыңғайлы жасақталуы тиіс.
Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.
• таңертеңгілік ас;
• түскі ас;
• кешкі қонақтарды күту.
Тамақтану кезінде үстелде аз құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез-келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.сызба бойынша қосымша 1.
Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка – нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақвино құюға арналған.
Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.
Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болады.

6 сурет. Салфетка бүктеу әдістерінің түрлері.
1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?
2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?
Ең алғашқы кезде кім салфетка туралы ой салды?
III.Қорытынды нұсқау
Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:
5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Үй тапсырмасы: