Саба?тын та?ырыбы Тау туризміні? ?ауіпсіздік ережелері. ?олданылатын ??рал — жабды?тар. Ар?андар мен байлаулар


Бағдарлама жоспары: Тау туризмінің техникасы мен тактикасы
Сабақ тақырыбы: Тау туризмінің қауіпсіздік ережелері. Қолданылатын құрал - жабдықтар. Арқандар мен байлаулар
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Теориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету
туристік қызметтің белсенділігін арттыру
Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристтік-спорттық
дайындықтарын, икемділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Өндірістік оқыту сабағы
Пәнаралық байланыс: - Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен
тактикасы
Туристтік-спорттық дайындық
Дене тәрбиесі
Оқыту әдісі: Практикалық
Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:
Акт
Топшамалар
Туристтік сақтандыру системасы
Карабин, дюльфер,
Каска, қолғап
Негізгі және көмекші арқандар
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)
Топтық сақтандыру дегеніміз не?
Қауіпсіздік ережесін сақтамау қандай жағдайға әкеліп соғады?
Қауіпсіздік ережесі дегеніміз не?
ОЖБТ және ЭО қандай бағыттарда жұмыс жасайды?
Туристік арқандар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
Көмекші және негізгі арқанның айырмашылықтары?
Дене дайындығы түрлері, мақсаты?
Күш көрсеткіштері?
Байлаулар дегеніміз не ?
Байлаулардың шарттарын атаңыз?
Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)
Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
Тау туризмі – таудағы жаяу жорықтар. Тау туризмі – (ағылшын тілінен  mountain tourizm) – туризм мен альпинизмнің байланысынан туындаған белсенді туризм түрі. Тау туризміндегі маршрут күрделірек болған сайын, екеуінің арасындағы ортақтылық та көп болады. Тау туризмінде де альпинизмде қолданылатын сол техника мен сол құрал-жабдықтар қолданылады.
Альпинизм – мақсаты тау шыңына шығу болып табылатын белсенді демалыс немесе спорт түрі. Альпинизм мәні болып табиғатта кездесетін кедергілерді (биіктік, жер бедері, ауа райы) өткеру табылады. Альпинизм бойынша жарыстарда сайыс нысаны болып шың биіктігі, өткерілген маршруттың техникалық күрделілігі, оның сипаты және ұзақтылығы табылады .
Тау туризмі құрал-жабдықтары
Альпеншток, альпинистік арқан (жіп), альпинистік кошкалар, бивак құралдары(бивачное снаряжение) , дюльфер (Восьмёрка), гри-гри, жұмар, закладка (альпинизм), зацеп (скалолазание),карабин (устройство), ледобур (альпинизм), мұзойғыш(Ледоруб), маятник (альпинизм), тартқыштар  (Оттяжка), репшнур,қысқыш-жұмар, жартас ілгіш-қармағы т.б
Спорт альпинизмде арнайы және сапалы жабдық-сайман  болуы қажетті талап. Арқан-жіптердің мықтылығы мен иілу қабілетімен, арнайы тартқыштар мен құлыптардың сенімді сапасымен биікке шығу мақсатымен қоса, спортшылардың өмірінің өзі тікелей байланыста. Тау - тас қуыстары мен жарықтарына тығып салатын қауіпсіздік саймандарды еркелетіп «френд» деп атайды.
Арқан-жіптер Баяғы кездерде альпинистің 6 метр биіктіктен құлауы өліммен аяқталатын – екпінмен түскен салмақты ешқандай жіп шыдамайтын (тауда жуан да, ұзын да арқан тасып жүру ыңғайсыз). Қазіргі қауіпсіздік арқан-жіптердің төзімдігі әлдеқайда жоғары. Тянь-Шань тау-қырларында ҚазГео командасы диаметрі 10 мм, ұзындығы 60 метр және тағы бір 10,5 мм х 62 м құрайтын Tendon Чехия фирмасының динамикалық арқан-жіптерін қолданады. Мұндай арқан-жіптер топты бастап алдында өрлейтін альпинисті сақтандырады. Тауға өрлеу үшін қырдың жарына бір нәрсемен іліну қажет. Альпинист көбінесе қол-аяқтың күшімен өрлесе де (өрлеу күрделілігі бойынша осылай), кей жағдайларда жасанды тіреніш те керек. Бастысы сақтандыру нүктесіне қадалып ілініп алу.
Жоғары өрлеу және төмен түсу үшін мынадай туристтік байлаулар қолданылады:
4461510151765-1085851708152158365170815



-5727703016252027555301625
Түзу байлау (прямой) немесе булинь –бұл байлау сақтандыру жилеті мен белдігін өзара бекіту үшін орындалады.
Бақылау байлауы (контрольный) - бұл байлау бүрі прямой байлауының беріктілігін арттыру мақсатында соңына орындалады
Сегіздік байлауы (восьмерка) – Туризмнің қай түрінде болмасын жиі орындалатын сенімді әмбебап байлау түрі
Арқанды маркировкалау – жорық барысында кез-келген операциядан соң міндетті түрде орындалуы қажет. Бұл жорық барысында алып жүруге және келесі кедергіден өту барысында қолдануға жұмысқа қолайлы болып табылады.
Қолмен жұмыс жасау техникасы
Зацептарды қолмен ұстауда кейбір жағдайларды ескеру керек:
Тепе –теңдікті сақтау үшін, зацептарда қатты қыспау.
Зацептарды ұстаған кезде барлық күшті жұмсамау.
Екі қолдың бұлшықеттері қатар шаршап қалмауы үшін бір қол әрқашан бос болу.
Өрмелеуші бір мезгілде екі тірек нүктесін пайдалану.
Сол уақыттағы жұмыс жасамай тұрған қолдың бұлшықеттерін демалта білу.
Қауіпсіздік ережелері
Нұсқаушының және шебердің нұсқамасымен әрекет ету
Мекемеде тәртіп сақтау
Жұмыс орнындағы топтық қауіпсіздікті сақтау
Жұмыс орында жеке қауіпсіздікті сақтау
Мекеменің құрал-жабдықтарына күтіммен қарау
Қоғамдық көліктерде тәртіп сақтау
Жедел шешім қабылдау
Кез-келген уақытта серігіне көмекке дайын болу
Алғашқы медициналық көмек көрсету
Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту
Тау туризмі дегеніміз?
Тау шыңына шығу мақсатындағы спорт түрі?
Тау туризмі құрал - жабдықтары?
Сақтандару жилеті мен белдігінде қандай байлау орнындалды?
Бақылау байлауы қандай операцияларда қолданылады?
Арқандарды маркировкалаудың тиімділігі неде?
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!
ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін жеке - жеке орындайды. Алдымен техникасы мен тактикасын толықтай меңгеріп, содан соң қыз балалар I дәрежелі, ер балалар II дәрежелі қиындықта жасанды жартасқа мінуді орындайды.
Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу
Тапсырмалар бөлу
Жұмысты орындау тәсілін әр кезең бойынша көрсету
Өз беттерімен жұмыстану
Әрбір оқушыны жекелей қадағалау
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
Технологиялық процестің орындалуын бақылау
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
ІV. Қорытынды нұсқау.
Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту
Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту
Оқушылардың бағаларын хабарлау
Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру