Электр ??рал-жабды?тар?а техникалы? к?тім мен а?ымда?ы ж?ндеу ж?ргізу ж?мыстарын жоспарлауды? негізгі этаптары.
Пәннің аты: Электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу.
І.Сабақтың тақырыбы: Электр құрал-жабдықтарға техникалық күтім мен ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі этаптары.
ІІ.Cабақтың мақсаты: Электр құрал-жабдықтарға техникалық күтім мен ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі этаптарын түсіндіріп, үйрету.
ІІІ.Сабақтың түрі: лпс.
ІV:Сабақтың әдісі: Түсіндіру
V.Пән аралық байланыс: Техникалық күтім.
VІ.Сабақтың көрнекілігі: Кесте.
Сабақтың барысы:
VІІ.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
VІІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру дегеніміз не?
ІХ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Электр құрал-жабдықтарға техникалық күтім мен ағымдағы жөндеу жүргізу үшін, жұмыстың көлемін, жылдың жұмыс салмағын,электромонтерлердің санын,өткізілуге қажетті жұмысты,жасалатын жұмыстың бағасын алдын ала кезең -кезеңімен анықталынып алынады.
Электр құрал-жабдықтарына техникалық күтім көрсету мен жөндеуді жоспарлау құралдардың құжаттарын(электро құрал-жабдықтардың , шаруашылықтың энергетикалық паспортын, құражабдықтың энергетикалық картасын ), сол сияқты техникалық күтім мен жөндеу жұмысының жылдық жоспарын жоспарлап алу қажет.
Техникалық күтім мен жөндеу жұмысының жылдық жоспары-электротехникалық қызметкерлердің саны, материалдар, артық бөлшектер мен жабдықтар, электроқондырғыларды жөндейтін және күтім көрсететін құрал -жабдықтарды анықтауға арналған негізгі құжат болып табылады.Техникалық күтім мен жөндеуді ұйымдастыру үшін, әрбір жұмыс жасап тұрған электр қондырғысы мен оның жұмыс ұзақтығының периодын анықтап алу керек.Электроқұрал жабдықтарға техникалық күтім мен ағымдағы жөндеуді жүргізу ұшін электромонтерлердің санын білу жұмыстың жылдық өлшемі бір адамға қаншадан келетінін анықтау үшін қажет.Егер электромонтерлер алыс аймақтарға барып жұмыс істейтін болса, онда олардың саны мен жолға кететін уқыты қайта есептелінеді.
Электромонтерлердің жұмысы сағаттық тарифтік ставка бойынша есептелініп, сол бойынша төленеді. Электромонтерлердің бір айлық жұмыс ұзақтыңы 173,1 сағатқа тең болады. Басы артық құрал-жабдықтарға кететін шығынды жоспарлау, шаруашылықтағы басы артық құрал-жабдықтардың шығынына орай тәртіпке байланысты жоспарланады.Электроқондырғыларға техникалық күтім көрсету мен жөндеу жүргізу үшін, оған кететін жоспарлы шығы келесі құрамнан тұрады: электромонтерлердің негізгі айлықтары, сыйақысы, әлеуметтік сақтандырудың есебіне, артық бөлшектердің шығынына, материалдар мен сатып алынатын бұйымдарға,техникалық күтім көрсету мен жөндеуге кететін құрал-жбдықтарды пайдалану мен ұстау шығынына, жалпы өндірістік және жалпышаруашылықтық шығындар болып бөлінеді.
Х. Жаңа сабақты пысықтау.
Жұмысты жоспарлаудың негізгі этаптары.
ХІ. Үйге тапсырма беру: . 3-4 бет.
Өндірістік оқу шебері: Ожанов Нұрдәуіт Ердәулетұлы.