Білім берудегі интерактивті технология Интерактивті ??рал-жабды?тарды орнату (?дістемелік ??рал)


Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы
Қызылту ауылы
«Кішкенетау орта мектебі» КММ
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
ШАКЕНОВ ТҰРСЫНБЕК ҚҰДЫШҰЛЫ
Білім берудегі интерактивті
технология.
Интерактивті
құрал – жабдықтарды
орнату.
Әдістемелік құрал
ШАКЕНОВ Т.Қ
Білім берудегі интерактивті технология. Интерактивті құрал – жабдықтарды орнату. /Әдістемелік құрал/
Бұл басылым интерактивтік тақта және интерактивті құрал жабдықтар, соның ішінде: ACTIVboard, ACTIVstudio, ACTIVpen, ACTIVwand, ACTIVslate, ACTIVtablet, ACTIVote, ACTIVhub құралдарымен жұмыс жасауға араналған әдістемелік нұсқау. Интерактивті тақтада сабақ жүргізуге арналған әдістемелік көмек.
Ұсынылып отырған көмекші құрал балалардың қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденуге және тез ойлауға, өз – өздеріне сенімді болуға баулиды. Сабақ нәтижесінде оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді ала отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді.
Берілген нұсқау кітапшасы интерактивті тақтада жұмыс жасайтын интерактивті құрал – жабдықтары бар барлық мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне арналған.
Кіріспе:
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық  әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он – лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі  күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан  жаһандану  үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында:  «Білім беру реформасы Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық   прогрестің  негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда  педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы  заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл  бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі –  бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын  «Активті экран»  болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,  логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:
мектептің материалдық – техникалық базасына;
ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;
педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;
оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
        
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында  интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін – бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта және компьютердің қосымша құрылғылары
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы  компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
54800524130
ACTIVpen – Активті қалам – дегеніміз не? 
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwand указкасы.
2794034290Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен төменгі сынып оқушыларына да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тінтуірдің сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
170815135255
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro дербес компьютерді басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
-76835170180
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай – ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet
27940177800
ACTIVtablet планшет қарапайым тінтуірдің қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
9461590170 ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.
ACTIVstudio программасы

ACTIVstudio – программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда,  презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
ACTIVhub
-248285115570 ACTIVhub – бұл жергілікті желі қызметін атқара отырып, ACTIVote және ACTIVslate құрылғыларын тікелей ACTIVstudio бағдарламасымен байланыстырушы құрал.
Флипчарт және «Активті экран»
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,  объектілерге сілтемелер   қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
        Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD – ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалану
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді  меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік  көмек беру.
Бұл технологияны  оқу материалын хабарлау және оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін  қабылдау  мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5% және көргенін  20% есте  сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану  есте  сақтауды 40–50% дейін  арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу  бағдарламалары  пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту  технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді  игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан   аттағалы тұрған  қазіргі  таңда компьютер  өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
    Елбасы   атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет» – жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін  арттырудың  маңызы зор.
      Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан – жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
      Іс тәжірибемде  интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым:
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау  жылдамдығын  ескеру  арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс – әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану;
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;
Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
      Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында  мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Мұғалім  алдын – ала  дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
        Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай  әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс – әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
      Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран»  кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
     Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Интерактивті тақтаның үш режимі.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
      Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс  жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы физикадан, географиядан, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
     Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары  Word  мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft  Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын  немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның  Office режимінде ашу қажет. Бұл режим  Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін   ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
     Үшінші режим  – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды  жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
      Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Қоғамдық ақпараттандыру
     Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
     Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мәселе.
      Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
      Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
      Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
      Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
     XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті  құралдардың  көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық – психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
     Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық   технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
      Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
      Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық – технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – телекоммуникациялық  технологиялар маңызды роль атқарады.
      Ғылым  мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
      Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
     Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп   есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану  негізінде  мектепте  жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
      Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы   мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
      «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
      Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
     Оқушылардың интерактивті  құралдар   көмегімен қалыптасатын және  жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы  технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
 
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Сабақтың өнімділігі артады.
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
 
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
      Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз  жаңа технологияға, жаңа  өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің  Қазақстаннның алға қарай   жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Жаратылыстану – ғылыми білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың  білімді  игертуде оқушыларға берері көп. Интерактивті құрылғылардың біздің аудан мектептеріне келуі білім алушылардың білімін жетілдіруіне көп мүмкіндік туғызып отыр.
Оқу процесінде, оның ішінде  практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті  құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
 
ACTIVote тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары.
ACTIVote тестілеу жүйесін орнату.
ACTIVote тестілеу жүйесін орнату үшін ең алдымен ACTIVstudio бағдарламасын іске қосамыз да, келесі командалар тізбегін орындаймыз:
ACTIVhub жергілікті желіні жалғау. (Бұл желінің қызметі ACTIVote құрылғысын тікелей ACTIVstudio бағдарламасымен байланыстырушы құрал)
ACTIVstudio бағдарламасында конфигурировать бөлімін таңдаймыз.

ACTIVote орнату (Установить ACTIVote) Құрылғыны тіркеу (Регистрация устройств) бөлімін таңдаймыз.
694690105410


Шыққан сұқбат терезе бойынша тіркеу (зарегистрировать) батырмасын басу арқылы қажетті радио – пульттердің санын еңгізіп (16 немесе 32), «ок» батырмасын басамыз да, келесі әрекеттерді орындаймыз.

Құрылғыны тіркеу:
Ортаңғы тіркеу пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Жасыл, қызыл шамдар жанғанын күтіңіз.
Ортаңғы тіркеу пернесін босатып, экрандағы 3 әріптен тұратын кодты кезекпен енгізіңіз. (Мысалы: СВВ, ҒАС, АЕС, FDE т.с.с)
Осы әрекетті әр радио – пульт үшін жеке – жеке орындап, тіркейсіз.
Радио – пульттер тіркелгеннен кейін
келесі әрекеттер тібегін орындаңыз:
«Назвать все» батырмасына басу арқылы 1 немесе 4 символдан артпайтын ат қоясыз. (Міндетті түрде ат қою керек. Мысалы: А1, А2, А3, ..... немесе В1, В2, В3, .....)
«Имя» батырмасына басу арқылы әр радио – пульттің (ортасына басуға болмайды!) кез – келген әріпіне басып тексересіз.
«Тест» батырмасы арқылы әр радио – пультті тестілеуден өткізесіз.
Бұл жерде сіз кез – келген радио – пультті алып, кез – келген әріпіне басып, экранда көрсетілген тізімнен нешінші санның белгісі жанғандығын анықтап, радио – пультке сол сан номерін белгілейсіз.
Бұл номер сол радио – пультке меншіктеледі де мәліметтер базасында сақталып, осы радио – пульт номері болып тіркеледі.
(Радио – пульттерді номерлеген кезде орындары ауысып кетпеуіне мұқият болыңыз!)
Ок батырмасын басасыз. Осы әрекеттерді орындап, сіз барлық радио – пульттерді орнаттыңыз.
641350165735
Қолданушылар тобын басқару (Управление группами ползователей) командасын орындап, әр оқушының аты – жөні, сыныбы бойынша тіркеп, мектеп бойынша мәліметтер базасын құрамыз.

Мәліметтер базасындағы алдын – ала жасалған мәліметтерді (мысалды) жойып, жаңа мәліметтер еңгіземіз. Ол үшін «Ползователь Добавить» командасын орындап, тегі, аты, сыныбы, жынысы, т.с.с сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларды еңгіземіз. Әр сыныпты әр папка бойынша жіктеуге болады, ол үшін қажетті папканы таңдап, сынып белгісін қойып, оқушыларды сыныптары бойынша топтастырамыз. Ол үшін оқушыларды аты – жөні бойынша еңгізген соң, әр папканы шерту арқылы екпінді етіп алып, керекті сынып белгісін қоямыз да, оқушыны таңдап «» белгісі арқылы сынып папкасына еңгіземіз. Осы әрекеттерді орындап, мектеп бойынша мәліметтер базасын құрасыз. Бұл мәліметтер базасы тұрақты түрде ACTIVstudio бағдарламасында сақталады.
Келген – кеткен оқушылар болса, осы мәліметтер базасы бойынша, тіркеуге және тіркеуден шығаруға болады.
636270155575
Қолданушыларды тіркеу (зарегистрировать пользователей) командасын орындап, тестілеу кезінде қай сынып оқушыларымен тест алынатындығы анықталады.


Ашылған терезеден «Назначить имена для пользователей» батырмасын басу керек. Егер сіз алдыңғы қадамда сынып тізімін көрсеткен болсаңыз сол тізім шығып тұруы керек, болмаса «Открыть» батырмасына басу арқылы өзіңізге қажетті тізімді таңдайсыз. Тізімді қолдарындағы құрылғыларға сай бекітесіз. (Сол жақтан есімін белгілеп батырмасына басасыз). «Шығу» батырмасына басасыз.
660400167005
Прогамманы баптау (Общие настройки программы) командасын орындап, ACTIVstudio бағдарламасын баптаймыз.


Ашылған терезеден: ACTIVote – ге қатысты сұратарға белгі қоямыз.
Сұрақты күту уақытын көрсетесіз.
«» таңбашасын «Күту уақытын дайын сұрақтарға қолдану»
«» таңбашасын «Нәтижелерді жаңа флипчарт беттерге шығару»
«» таңбашасын «Үлкен экранды көрсетілім»
«» таңбашасын «Нәтижені сақтау»
«» таңбашасын таңдауыңызша «Қолданушының тек бірінші
жауабын қабылдау» немесе «Қолданушыларға өз
жауаптарын өзгертуге мүмкіндік беру» командаларының
тұсына қоясыз.
«» таңбашасын «Есімдерін көрсету», «Нәтижелерін көрсету»,
«Бетті автоматты түрде ауыстыру» командаларының
тұсына қоясыз.
«База пользователей» дегенге өзіңіздің сақтаған тізіміңізді көрсетесіз.

Баптауды келесі беттер үшін де орындауға болады, ол үшін келесі бөлімді таңдап, өзіңіздің қалау бойынша сұрақтарға белгі қою арқылы баптауға болады.
874614136863
Тест құру (Мастер вопросов).
Тест құру үшін «Мастер оценки/теста» батырмасын басып, келесі әрекеттерді орындаймыз:
Кез – келген тест бірнеше жауаптарымен (6 нұсқаға дейін) ACTIVboard интерактивті тақтасында ұсынылып, жауаптары ACTIVstudio программалық жабдықтамасының көмегімен көрініп отырады.

Титульдік бет қосу белгісін қойыңыз. (Добавить титульную страницу)
Тест тақырыбы жазыңыз. (Название)
Тест мазмұны жазыңыз. (Описание)
«Ары қарай» («Далее») батырмасын басыңыз.

Ашылған терезе бойынша келесі әрекеттерді орындаңыз:
Жаңа сұрақ (Новый вопрос) екпінді терезесіне тест сұрағын енгізіңіз.
Сұрақ типі (Тип вопроса) терезесінен жауап санын тандаңыз. Бұл тандауда кемінде 2 жауаптан 6 жауапқа дейін тандауға болады.
Сұраққа жауап (Ответы на вопросы) екпінді терезесіне жауаптар жазылады. Әр торкөзге жеке – жеке жазыңыз.
Дұрыс жауап (Правиьный ответ) терезесінен дұрыс жауапты тандаңыз.
«» таңбашасын «Тайм-аут» белгісіне қойып, сұрақтың уақыт ұзақтығын қойыңыз. (Уақыт ұзақтығы 15 секундтан бастап қалаған уақыт бойынша қойылады). Осы әрекетті бірнеше сұрақтар бойынша орындаңыз. Жаңа сұрақ қосып отыру үшін: Жаңа сұрақ торкөзіне тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «Добавить новый вопрос» командасын орындаймыз.
Компоновка түрін таңдап «Ары қарай» («Далее») батырмасын басыңыз.

Флипчарт параметрлері:
Флипчарт бетінің стилін тандау. (Сіздің қалауыңыз бойынша)
Қаріп түрін тандау. (Егер сіздің компьютеріңізде қазақ қаріптері орнатылса, онда сіз қазақ қаріптерін тандауыңызға болады)
Қаріп өлшемі. (Сұрақ – жауап өлшемін тандау)
Қаріп түсін тандау. (Қаріп түсі стил түсімен сәйкес келмеуі керек)
«Ары қарай» («Далее») батырмасын басыңыз.

Тестің тақырыбын жазып сақтаңыз.
Файл Сохранить как арқылы флипчарт ретінде сақтайсыз. Егер өзгерту керек болатын болса «Мой мастер вопросов» немесе «Общий мастер вопросов», немесе «Другая папка» папкасына Сұрақтар шебері ретінде сақтайсыз. Файлдың кеңейтілімі .qmf болуы шарт.
(Есіңізде болсын, тест екі рет сақталады!)
ACTIVstudio – ның құралдар тақтасының құрылымы.
94234065405

523240635

524892248017 Негізгі құралдар тақтасы
509035249405 Арнайы құралдар тақтасы
Флипчарттың құралдар тақтасы
5196062468945194303175Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы
524892253567Беттерді редакторлеу құралдар тақтасы
Тез таңдау құралдар тақтасы
Негізгі құралдар тақтасы

Негізгі құралдар тақтасына құралдар қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаймыз:
ACTIVstudio бағдарламасын іске қосамыз
Конфигурация бөлімін таңдаймыз
Профилді баптау (Настройка профиля) бөлімінен инструменттер қоймасы (Хранилище инструментов) таңдаймыз.
Ашылған сұхбат терезе бойынша қажетті құрал жабдықтарды негізгі құрал тақтасына тасмалдаймыз. Тасмалдау 3 мүмкіндік әрекеті бойынша жүзеге асырылады:
Құралдар қоймасынан негізгі құралдар тақтасына тасмалдау. (Тасмалдау кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын басып жібермей ұстаңыз).
Негізгі құралдар тақтасындағы құарларды жою немесе негізгі құралдар тақтасынан құралдар қоймасына қайта тасмалдау.
Құралдардың орындарын ауыстыру.
«Дайын» (Готово) батырмасын басыңыз.

Дайын тестпен жұмыс жүргізу үлгісі
Алдын ала дайындалған тест тапсырмасын орындау үшін, келесі әрекеттер тізбегін орындаймыз:
Тесті жүктеу.
Тест тапсыратын сынып тізімін тандау.
Тест орындау.
Тест тапсыру тізімі үш жүйде жұмыс жасайды:
Атаулы режим (Именованный режим)
Жасырын режим (Анонимный режим)
Демонстрациялық режим (Демонстрационный режим)
Мысалы: Сіз 11 – сынып оқушылары үшін MS Accses бағдарламалау тілі бойынша тест тапсырмасын таңдадыңыз. Экранда пайда болған жүйеде тест тапсыру үшін 9 – сынып оқушылары тізімі берілген. Ал 11 – сынып оқушыларының тізімін таңдау үшін, Атаулы режим (Именованный режим) бөлімі бойынша «Қолданушылар» (Пользователи....) таңдап, «ОК» батырмасын басыңыз.


Экранда пайда болған Қолданушыларды тіркеу (зарегистрировать пользователей) сұхбат терезесі бойынша Атаулы құрылғыны қоладушыларға тіркеу (Назначить именованные устройств пользователей) командасын орындап, алдын ала құрылған Мәліметтер базасындағы 11 – сынып оқушылар тізімін шақырамыз.

Ашылған сұқбат терезе бойынша, «Қапшық» (папка) терезесінен қажетті қапшықты таңдап, оның ішінен 11 – сынып сақталған қапшықшаны ашамыз. Ашылған тізім бойынша «Топты таңдау» (Выбрать группу) командасын орындап, «Шығу» (Выход) батырмасын басамыз.

Таңдап алынған сынып тізімі «Қоланушылар» бөлімінде тіркеледі.

«ОК» батырмасын басу арқылы аталған сынып тізімін жүктейміз.
Жүктелген флипчарт терезесінен 1 тест – сұрақ бетін ашып, құралдар тақтасындағы ACTIVote құрылғысы бейнеленген батырманы басу арқылы тестілеу жүйесін іске қосамыз.
Тестлеуді бастамай тұрып оқушыларға өздеріне тиесілі тізім бойынша номерленген радио – пульттерді таратып береміз.
Іске қосылған тестілеу жүйесі қанша оқушы қатысатындығы және оқушының аты жөні бейнеленген сұқбат терезеде бейнеленіп, уақыт таймері бойынша жүре бастайды. Оқушы сұраққа жауап берсе сол оқушының аты – жөні сары түске боялады. Ал жауап бермесе, түссіз күйінде қалады. Егер оқушы сабақта жоқ болса немесе тестілеуге қатыспаса, бірінші сұраққа жауап берілмегендіктен, қалған сұрақтарға автоматты түрде қатыстырылмайды.
(Мысалдағы тест 15 сұақтан тұрады, сіз тест сұрағын қалауыңыз бойынша алуға болады)

2390140165100 Тестлеу аяқталған соң тест жауабын көру үшін флипчарттың соңғы сұрақ бетіндегі белгісін басу арқылы келесі әрекеттер тізбегін анықтаймыз:
ACTIVote нәтижелері:
Бірінші сұрақтан соңғы сұраққа дейінгі дұрыс жауап саны.
Кім қалай жауап берді.
«Дұрыс», «Дұрыс емес» жауаптпар.
Жалпы ұпай.
Қысқаша шолу.
Жауап беру уақыты.
Үш өлшемде көру.
Аты – жөнін көрсету.
Пайызын көрсету.
Егер тест нәтижесін сақтағыңыз келсе «Қою» (Вставить) батырмасын, ал тест нәтижесін сақтағыңыз келмесе «Тазалау» (Очистить) батырмасын басыңыз.

Мұндағы: Жасыл түс – дұрыс жауап
Қызыл түс – қате жауап
Сұр түс – ешқандай жауап берілмеген
Көк түс – дұрыс жауап берілмеген.

Тест нәтижесі бойынша оқушыларды бағалаймыз.
Оқушыларды бағалау.
7 - 20 - «2»
20 - 53 - «3»
53 - 87 - «4»
87 - 100 - «5»
Activslate – ті іске қосу.
Activslate – ті іске қосу үшін, тоқ көзін көрсеткіш батырманы дыбыстық сигнал шыққанға дейін басып тұрамыз.

Activslate құрылғысын белсенді қылу
«Activslate басқару» бағдарламасын ашыңыз. Activslate құрылғысын белсенді қылу үшін, Activslate - тің тіркелген құрылғылар белгісін шертіңіз.
«Activslate басқару» бағдарламасы терезесінің белгісі өзгереді, ол дегеніміз белсенділенді деген. Енді Activslate – ті компьютерді басқаруға қолдануға болады.
Бағдарламаны жабыңыз. «Activslate басқару» бағдарламасы жабық болса да, белсенді күйде болады.
Белсенділікті алып тастау үшін «Activslate басқару» бағдарламасы ашып, Activslate құрылғысының белсенділік белгісін шертіңіз.
Activslate - ті тіркеу
«ACTIVslate басқару» бағдарламасынан тіркеу батырмасын басыңыз. Тіркеу бағдарлама терезесі ашылады.
Ашылатын терезе бағыттаушысын шертіп, қай елде қолданылып отырғанын белгілеңіз.
Ашылатын алаңнан жүйе мен канал идентификаторын таңдаңыз.
Тіркеу бағдарламасы терезесінен тіркелу деген батырманы басыңыз.
ACTIVslate құрылғысындағы тіркеу батырмасын таңдау үшін қаламды қолданыңыз.
Құрылғыға сәйкес алаң режимін қаламмен басып тұрып, ашылған бағдарлама терезесіне Pin – код нөмерін енгізіңіз. Тіркелген құрылғылар ACTIVslate - тің тіркелген құрылғылар терезесінде көрініп тұрады.
Тіркеу бағдарламасын жауып шығыңыз. Енді «ACTIVslate басқару» бағдарламасынан тіркелген құрылғылар көрініп тұрады.


Интерактивтік тақтаның «Активті қалам»
құрылғысы мен тінтуір арасындағы
байланыстылық
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Қосымша мәліметтер.
ACTIVHub құрылғысы LRS құрылғыларының, компьютердің және өзге Promethean өнімдерінің бір – бірімен өзара байланысуын мүмкін етеді. Promethean құрылғылары ACTIVHub – ке тіркеледі. Қандай да бір құрылғыны пайдаланудан бұрын, ACTIVHub қосылуы тиіс. Қажет болса, 1,8 м USB ұзартқыш кабельді пайдаланыңыз.
Егер ACTIVHub – ті басқа компьютерге қоссаңыз, құрылғылардың жинағын оларды қайта тіркемей – ақ пайдалануға болады.

Promethean ғаламшары
Promethean ғаламшары ең жылдам дамып келе жатқан интерактивті тақта қолданушыларының желідегі қауымдастығы болып табылады.
18,000 мыңнан астам АҚЫСЫЗ сабақ қорын интернеттен түсіріп алу.
Ең соңғы Activlnspire бағдарламасын алу.
Әлемдегі 500,000 астам мұғаліммен байланыс орнату және өз ойларыңызды білдіріп, кеңеспен бөлісу.
Сабақ беру және білім алу жолындағы ең соңғы зерттеулерге қатысты мәліметті әлемнің әр түпкіріндегі білім саласының мамандарынан алу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
(Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 жыл
Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі.   «Информатика негіздері» 2008 жыл - №4 ж
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану. «Информатика негіздері» 2008 жыл - №5 ж
Оқу – тәрбие үдерісінде интерактивтік жабдықты пайдалану бойынша жаднама. (174 – pamyatka.pdf)
Қосымша мәліметтер. (QSG_Kazakh_20100901065241.pdf)
Техникалық қолдау. (http://learning.prometheanplanet.com/)
    






МАЗМҰНЫ
TOC \o "1-3" \h \z Кіріспе........................................................................................3
Интерактивті тақта және компьютердің қосымша құрылғылары.............................................................................6
Флипчарт және «Активті экран»............................................11
HYPERLINK \l "_Басқару_мен_ұйымдастыру_жұмысын ақп" Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалану......................12
Интерактивті тақтаның үш режимі........................................15 Қоғамдық ақпараттандыру....................................................16ACTIVote тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары..22
7.1 ACTIVote тестілеу жүйесін орнату.................................22
7.2 Қолданушылар тобын басқару........................................25
7.3 Қолданушыларды тіркеу..................................................26
7.4 Прогамманы баптау..........................................................27
7.5.Тестқұру.............................................................................28
ACTIVstudio – ның құралдар тақтасының құрылымы........33
Дайын тестпен жұмыс жүргізу үлгісі....................................36
ACTIVote нәтижелері.......................................................40
Activslate – ті іске қосу....................................................43
Интерактивтік тақтаның «Активті қалам» құрылғысы
мен тінтуір арасындағы байланыстылық......................45
Қосымша мәліметтер.........................................................46

ШАКЕНОВ
Тұрсынбек Құдышұлы
Білім берудегі интерактивті технология.
Интерактивті құрал – жабдықтарды орнату.
Әдістемелік құрал