Коучинг. Та?ырыбы:Саба?та критериалды ба?алауды ?олдана отырып, о??шыларды? о?у – танымды? ??зырлы?ын ?алыптастыру
Күні: 18.05.16 Коучинг жоспары Өткізген:Алгожаева Ая Баженовна
Алматы облысы Ұйғыр ауданы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Сабақта критериалды бағалауды қолдана отырып, оқұшылардың оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыру
Мақсаты: Критериалды бағалау туралы түсінік беру арқылы, «критерийлер» мен «дескрипторлар» жасауды үйрену
Оқыту нәтижесі: Критериалды бағалау туралы түсінік алады және дескриптор мен критерий құруды үйренеді.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Әдіс-тәсілдер: «СМС - тілектер» арқылы жылы атмосфераны тудыру, топтасу, Бейнежазбаны талдау, суретте мен мәтінмен жұмыс, «Бағалау баспалдағы» және «Жетістіктер ағашы», «Болжау » стратегиясы қолданылады
Дереккөздер: постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, суреттер,бейнежазбалар, маркерлерКоучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру.
1. «СМС - тілектер» ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, тілектер жазылған стикерлердің түсі арқылы топтасу Мұғалімдер бір-біріне тілек жазып, топтарға бөлінеді.
2.Эпиграфқа алынған сөздер мен суреттерге өз ойын айтады.
3. «Менің атым Қожа» филімінен үзінді. Қожаға және оны қоршаған ортаға әр топ өз ойын топ ішінде айтып, көрініске формативті баға береді, бағалаудың критерийлерін жасайды
4.Осы бейнефильмге жасалған бағалауды сабақпен қалай байланыстыруға болады?
5. Қатысушыларға «Жапония» тақырыбы бойынша суреттер тапсырылады. Әр топ сол суретті талдайды
6. Осы кезде критерийлік бағалауға анықтама беріледі: Критериалды бағалау-
бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .
7.«Болжау» стратегиясы бойынша, тақырыпты анықтайды
8. Жапония елі бойынша қызықты мәліметтер таратылады. Әр топ сол мәтінді талдай отырып флитчартқа ойларын салады, қорғайды.
9. Бағалау критерийлері ұсынылады.Топтар бір –бірін бағалайды
Таныстырылым көрсетіледі.
Топта өз пікірлерін ортаға салады.
Суреттер таратылады
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Түсті қағаз, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.
Спикерлер жұмыстарды қорғайды, тыңдаушылар бағалайды.
10.Қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды жасалынады. «Бағалау баспалдағы» Топ ішінде бағалау.
11. «Менің атым Қожа» бейнежазбаның финалы. «Бағалау баспалдағы» арқылы
12.Рефлексия. «Жетістік ағашы» Коучинг барысын бағалау үшін стикерлер таратылып ой-пікірлері алынады.
«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коучинг – сессия
Сабақта критериалды бағалауды қолдана отырып, оқұшылардың оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыру
Өткізген: география пәні мұғаліміАлгожаева Ая Баженовна.
Талғар қаласы 2016 жыл