Ашы? саба?. Д?ниетану.??старды? алуан т?рлілігі.2 сынып
4911090-120015Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы.
№6 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Косщибекова Гүлжанат Аскаровна
Ұялы тел: 87028407372 тел: 41-80-09
Тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
Дүниетану 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту, құстардың пайдасын білу, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бейне таспа , интербелсенді тақта,слайд,қосымша мәтіндер, сызбалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, құралдарын дайындау
Мотивация кезеңі:
Құстардың шықылдаған дауысын естіту.
- Балалар , бұл ненің дыбысы ?
- Яғни , бүгінгі сабақтың тақырыбы :
Құстардың алуан түрлілігі
- Ендеше бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз.
Мақсатымыз :
1. Құстардың түрлерін білу
2. Құстардың тіршілігі
3. Қүстардың пайдасын білу
-Жақсы, ендеше ары қарай жұмыс жасайық, осы мақсаттарға жету үшін :
Операциялық кезең
4 топқа бөлінеді .
1 тапсырма
-Алдарындағы қағазға «Құс» деген сөзді естігендегі ойларын жазу .
Әр топ өз ойларын оқиды.
Оқушылар тақтаға жазады. Бұны толық толтыру үшін оқулықпен жұмыс жасайық Әр топқа мәтін таратылады.
Құстар топтары туралы түсінік.
1-мәтін. Жыртқыш құстар туралы
Жыртқыш құстар.
Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар- қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және тағы басқалары. Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады. Олар алуан түрлі жануарларды- тышқан, қоян, құстарды аулайды.Ал үлкен қыран тырнағымен қозыны іліп алып кете алады.
-10858431115
Бүркіт- қасқырды да алатын, өте күшті, ірі
денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді
мекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына
салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады.
Дала қыраны- жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.
-895352540 Ұясын жерге салады.
Негізінен суыр,қоян сияқты кеміргіштермен
қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен
жорғалаушыларды аулайды, өлімтіктер
жейді.
Кезқұйрық- жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.Орта көлемді жануарлар, сүтқоректілермен, құстармен, рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды және қалдықтарды құмарлана жейді.
4730115-2540
Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды. Олар өте саққұлақ, үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.
2- мәтін Орман-тоғай құстары
Орман - тоғай құстары және бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова туралы айтып кету.
Орман - тоғай құстары
Кейбір құстар ұясын шалғынды жерге салады.
-89535-72390 Бөдене- қырғауыл тұқымдас, қалың шөп
арасында жүретін, ақшыл жолақты, кішкене сұр,
жыл құсы. Бөдене қалың шөптің арасын
шұңқырлап, ұя салады.
-89535-2540 Бозторғай- түсі қоңыр ала, қанаты ұзын,
бауыры ақшыл кішкене торғай. Бозторғайдың
шырылы кішкене күміс қоңыраудың сыңғыры
сияқты құйқылжып тұрады.
-89535124460
Бұлбұл- орман- тоғайда, нулы жерде, бақта жүретін,
дауысы әдемі кішкене әнші құс. Ол ұясын биік
бұта басына салады. Ол өзінің тамаша әнімен
көңілімізді шаттыққа бөлейді.Олардың қорегі-
өсімдікке зиянды жәндіктер.
440626592710
Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ тіршілік етеді.
Ол жазда да, қыста да ағаштың діңін тоқылдатумен
болады. Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен
ағашжегінің дернәсілдерін бұлжытпай табады.Тоқылдақ
ағашқа зиянды жәндіктерді құртады.Оны орман дәрігері
деп бекер айтпаған.
-41910-635 Көкек те орман құсы. Көкектің өзі ұя
жасамайды, басқа құстардың ұясына
жұмыртқалап кетеді. Көкектің балапаны
жұмыртқадан бірінші жарып шығады да, бірден
басқа жұмыртқалардың бәрін ұядан шығарып
тастайды. Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды. Қалай дегенмен, көкек -пайдалы құс. Ол ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұрттарды жейді.
3- мәтін .Жыл құстары туралы
Жыл құстары.
Біздің елімізде құстардың көпшілігі- жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді. Ал күзде қайтадан ұшып кетеді.
Жыл құстарына : ұзақ, аққу, тырна, ләйлек және тағы басқа құстар жатады.
Аққу- мойны ұзын, қаз тұқымдас жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Сұлу, достыққа адал құс, махаббаттың символы.
Қарлығаш- жыл құсы. Қарлығаштар өте ұшқыр. Басқа құстардан айырмашылығы- жемін ұшып жүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп, зор пайда келтіреді.
Тырна- Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы. Ірі өзен жағалауларында мекендейді. Негізінен өсімдікпен, жәндіктермен қоректенеді.
15240-635 Ләйлек- мойны, тұмсығы ұзын сидам
сирақты жыл құсы. Ол су жағалауында
тіршілік етеді.Балықтармен, су өсімдігінің
жапырақтарымен, жәндіктермен қоректенеді.
4-мәтін. Отырықшы құстар туралы және қыстап қалған құстарға қамқорлық жасау туралы.
Отырықшы құстар.
Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық, көгершін ешқайда ұшып кетпейді. Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді. Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және суыққа төзімді.
Сауысқан- қарға тұқымдасына жататын, қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлігі қара, тек кеудесі ақ болады. Құрт-құмырсқа, аздап шөп те жейді.
Қарға - сауысқанға ұқсас құс. Денесінің түсі қара. Сауысқан сияқты қоректенеді.
152400 Көгершін- бейбітшілік құсы, адамзатың досы,
қысы-жазы бір жерде мекен етеді. Олар дән,
нан қиқымдарымен қоректенеді. Салмағы 200-
250 грамм,12 жыл өмір сүреді.
4406265202565
Торғай- сүйір тұмсықты кішкене құс. Олар ұсақ
жәндіктермен,өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен
қоректенеді.
Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап, жемшашарлар құрады. Қыста тоңып, ашығып қалмауына жағдай жасап,қорғайды.
Топтағы балалар бірлесіп отырып оқып, мазмұнын түсіндіреді. Әр топ әңгімелерін айтып береді, сұрақ қояды.
Сергіту минуты
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық .Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп ,
Бір отырып,бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
2- тапсырма
Семантикалық карта толтыру
Зерттеу обьектісі
Сипаттама
Тобы ,мекені ,қоректенуі ,пайдасы.
Әр топтан 1 оқушы шығып сөйлейді.
3- тапсырма.
Тест тапсырмасын орындау, тексеру .
Бағалау
Сабақты бекіту.
Қайтадан құс деген сөзді топтастыруға оралу, толықтыру. Бүгін сабағымызға қойған мақсатқа жеттік пе ? Әр мақсатты айту.
-Сен құстарға қалай қамқор боласың?
Хормен ұя жасаймыз. Дайын ұяларын желімдеу.
Тақпақ айту Нан қоқымын баспаңдар,
Жерде жатса баспаңдар . Теріп алып , қастерлеп ,
Торғайларға тастаңдар .Рефлексия.
Не білдің ? Не білгің келеді? Не ұнады?
- Айтып шығады .Үйге тапсырма: Әр оқушы өзіне ұнаған құсы туралы мәлімет жинап келу.
Cабақ аяқталды. Сау болыңыздар.