Компьютерлік графика. Компьютерлік графика т?рлері
«Тексерілді»
Мектеп директорының ОІЖО:
20. Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері Мұғалімнің аты-жөні:
Татибекова Жансауле
Күні:
СЫНЫП: Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша компьютерлік графиканы жіктеуді үйренеді
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей
(білу, түсіну): Оқушылардың барлығы орындай алады:
Компьютерлік графиканың анықтамасын біледі.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Компьютерлік графика түрлерінің атауын біледі
3 деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Ұсынылған кескіннен графика түрін анықтауды, әртүрлі компьютерлік графика түрлерінің пайдалану саласынан мысалдар келтіре алады.
Тілдік мақсат: Ресурстар: Оқулық, электрондық оқулық, Паскаль программа лау ортасы
Пәнар-қ байланыс: Математика, бейнелеу, дизайн
Алдыңғы оқу: Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және
қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут Психологиялқ ахуал қалыптастыру.
Тренингтерді ұйымдастыру:
Оқушыларды қарама – қарсы тұрғызып, сергіту сәтін ойнату.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Құшақтап бір алайын. Бағалау парақтарын таратып беремін
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 5 минут
1-деңгей
(білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Берілген сұрақтарды тақтада орындайды.
Суретті қайда салған оңай: компьютерде ме әлде қағазда ма?
Компьютерде суретпен жұмыс істеудің қандай артықшылықтарын атай аласыңдар? Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Компьютерде графикалық кескіннің қандай әрекеттерін орындауға болады?
Суреттерді салудың, өңдеудің әдістері мен құралдарын қарастыратын информатиканың саласы қалай аталады? Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Компьютерлік графиканың қандай түрлерін білесіңдер?
Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша 2D кескінді қандай түрлерге бөлер едіңдер?
Растрлық графиканың қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін атап бере аласыңдар? Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
Бірнеше векторлық кескінді көрсетіп, оқушылардан олардың қай салада қолданылатынын анықтауды тапсыру. САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей
(білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
34290134620
32021156301
3202236558
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): 4- тапсырма
Векторлық графиканың қолданылуына мысал
..............................................................................................................................................................................
4- тапсырма
Растрлық графиканың қолданылуына мысал
..............................................................................................................................................................................-1615524-8871631
6- тапсырма
Фракталға мысал ойлап сал
..............................................................................................................................................................................
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): -2240685905
Ой толғау Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар!
В П Л Ь А Д Ж
Е И Е Ч К Н Т
К К С О Р Е Ү
Т А П Т Е Г С
О Й Н Н Н Т А
Р А Т Ы О Ф Л
Р С О Й Т О У
Б Т Р Ф О Р М
ПИКСЕЛЬ ТОЧКА ТҮС
ГРАФИКА ВЕКТОР ОЙЫН
РАСТР ФОТО ФОРМУЛА
РЕНТГЕН
Ой қорыту.Сабақты бекіту
Топтастыру(оқушылар көмегімен)
Графика
Зияны
Қолданылуы
Түрлері
Пайдасы
Тест
1. Қандай кескіндер шынайы? А) растырлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
Д) фракталдық
2. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?
А) растырлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
Д) фракталдық
3. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
А) растырлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
Д) фракталдық
4. Қандай кескәіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?
А) растырлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
Д) фракталдық
5. Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?
А) растырлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
Д) фракталдық
6. Фрактал-ол...
А) бас элементі сызық болатын кескін
В) берілген көлемдегі кескін бөлігі
С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін
Д) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): 1. Графика деген не?
2. Компьютерлік графиканың қандай түрлері бар?
3. Компьютерлік графика қай салаларда қолданылады? Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Графика түрлері. Шығу тарихы.
Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
3-деңгей
(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Графикалық ақпараттарды сығудың әдістері туралы мәліметтер дайындап келу Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
БАҒАЛАУ
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)
КЕРІ БАЙЛАНЫС «Post-it» әдісі арқылы кері байланыс аламын. Р Е Ф Л Е К С И Я
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? Тәлімгер: