Саба? жоспары ?айратты? хатынан
Бекітемін:
Күні: 9.ХІІ.2014ж
Пәні: Ана тілі.
Сыныбы: 2 б
№48. Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.
Қайраттың жазу дәптерінен.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, ойын, ауызша және жазбаша тілдерін, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3.Тәрбиелігі:Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, оқушыларды батыл, батыр болуға және ынтымақтастыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілік: Қайраттың портреті, оқушылардың аты- жөні жазылған плокат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу.
Психологиялық жаттығу.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын
Тілеймін сізге ақ таңның
Қуанышын шаттығын
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Қуанышты күн бүгін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Зейнолла Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңін сұрау
Үй тапсырмасын бекіту.
Ақ мамыққа
Ақын ақша қарды
неге теңеді?Ақ қанатты көбелекке
Ақ тауықтың жүніне
Ақ көрпеге
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
Сөзжұмбақты шешкізу.
Т у
Т ә у к е
Н а у р ы з
Ж е т і
А л м а т ы
О р ы с
П і Л
Р а м а з а н
М е д е у
Б ү р к і т
Ө с к е м е н
1.Рәміз
2.Қазақтың ханы
3. Жыл басы
4. Киелі сан.
5. Бұрынғы астана
6.Ресей халқы
7. Алып жануар
8. Қасиетті ай.
9.Мұз айдыны
10. Жыртқыш құс.
11. Қазақстан қаласы.
Мұғалім тәуелсіздік туралы түсіндіру.
1991-жылы 16-желтоқсанда –Қазақстан тәуелсіздігін алды.
Тәуелсіздік- ата- тарихымызды, ана тілімізді , даламызды қаз- қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан деп жүрегімізді қақтырды», «Елім»деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата- жұртын сүйдірді.
Тәуелсіздік...
Қандай ыстық, қасиетті сөз
Тәуелсіздік- еліміздің тірегі
Тәуелсіздік- еліміздің күш- қуаты
Тәуелсіздік- еліміздің атқан таңы
Тәуелсіздік- халқымыздың
Жүздеген жылдар бойы армандаған
Ұлы арманы.
Слайд.
1.1991- жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
2. 1991- жылы 1- желтоқсанда Қ.Р. тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.
3.1992- жылы 4 маусымда Қ.Р Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
4. 1992-жылы 11-желтоқсанда Қ. Р Әнұраны қабылданды.
5. 1993- жылы 28- қаңтарда Тәуелсіздік Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.121
6.1996 жылы 16- желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
7.1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 2007 жылы Астананың тұсаукесері болды.
8.1998- жылы 7 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
9.1997 жылы 1- шілдеде Тіл туралы заң қабылданды.
10.2003-2005- жылдар Ауыл жылы.
11.2007- жылы – қазақ тілін қолдау жылы болды.
Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен өлеңін оқу.
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы обылысы, Еңбекші қазақ ауданы, Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік уневерситетін бітірген.
Тұманбай еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны.Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған,жыр- ақынныңтірлігіде, тынысыда,қуанышы да,қиналысы да «Лининшіл жас», «Пионер» «Жазушы» баспасы «Балдырған» «Жалын» сияқты баспасөзорындарында қызметістеген.
Он алтыншы желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Есіңе сақта! Қайрат Рысқұлбековтің өмір жолы.
Қайрат Рысқұлбеков –Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.
Желтоқсан оқиғасы дегенде көз алдымызға өктемдікке қарсы кеуделерін ашу мен ыза кернеген құр қол қазақ жастарының мұздай қаруланған бас кесерлерге қарсы тұруы келіп, ой санамызда олар үшін мақтаныш сезімімен бірге өксігі әлі де басыла қоймаған өкініш сезімі жаулап алатыны бар. Мұны сендерге айтып отырғаным, 1986 жылы 16- желтоқсанда жастар мен студенттер көтеріліске шығады. Ол көтеріліс Қонаевты Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің 1- ші хатшылығынан босатып, орнына Ульяков обылыстық портия комитетінің хатшысы, бұрын Қазақстанды көріп білмеген Ресейден келген Колбинді сайлады.
Колбинге қарсы шыққан себебі Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілдерін ұмыта бастады.
Нашақор деп , ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты ,
Өтірік жала жапқан күн
Түн. Бірақ бұл түн өзгеше еді . Себебі бұл түнде озбыр топ қаланың ке –келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Осы кезде оны ұстаңдар деп милиционрлер ұстап, түрмеге жауып тастайды.
Желтоқсан шеруінде Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова да бар еді.
Қайрат Рысқұлбеков ол орысшаға өте сауатты жақсы сөйлейтін еді. Ол әділеттің , шындықтың жеңетініне іштей сенді.Өз ойын ашық айтатын отты жігіт еді.Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Ату» жазасын шығарды.
Түрмеде оның қолына кісен , ақ киімді жүдеу Қайрат ары- бері жүріп..
Күнәдан таза басым бар ,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалтақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар - деп шарқ ұрады.
Өкінішке орай, 1988 жылы 13- мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21- жасқа келгенде 21- рет сот алдында нақақтан шырылдап, 21- комерасында, 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтеді.
Мәтінмен жұмыс: Қайраттың жазу дәптерінен.
Мұғалім тізбектей оқып, түсіндіреді.
Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
Қайрат Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың?
Ісіне, сөзіне қарап, Қайрат Рысқұлбековті сипаттап айт.
Оқушыны тізбектей оқыту.
Сергіту сәті
«Кім жылдам» ойынын ойнату.
І- топ.
Қайратқа бес жолды өлең шығару.
ІІ –топ Желтоқсанға байланысты топтастыру жұмысын орындау.
Қорытындылау.
1.Балалар бүгін біз кімді айттық?
2.Қайрат Рысқұлбековтің кім екенін білдік?
Бағалау.