«А?ылшын тіліндегі ма?ал – м?телдерді? ?аза? тіліндегі ма?ал м?телдерге жасалу жолдарында?ы ерекшеліктері» ?ылыми ж?мыс (презентация)


Дарынды балаларға арналған № 9 “Зерде ” мектебі, Астана қаласыАйтказинова Баян Толубаевна - ағылшын тілі пәні мұғалімі «Ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің қазақ тіліндегі мақал мәтелдерге жасалу жолдарындағы ерекшеліктері» Зерттеу жұмысының мақсаты: Ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің қазақ тіліндегі мақал мәтелдерге жасалу жолдарындағы ерекшеліктері анықтау. Зерттеу жұмысының міндеті: Ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің қазақ тіліндегі мақал мәтелдерге жасалу жолдарындағы ерекшеліктері көрсету. Қазіргі танда еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тіл, ағылшын тілі – халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуіміз керек. Ал мақал-мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлеу білуіміз керек. Тыңдаушымызға ойымызды әсерлі жеткізе білуіміз қажет. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер сияқты ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің тақырыптары да әр алуан. Екі тілде мақал-мәтел халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге арналған. Адам және оның қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер: Ағ.тілінде: All are not saints that go to church. Қаз.тілінде: Мазарға барғанның бәрі молда емес.  Ағ.тілінде: All is not gold that glitters. Қаз.тілінде: Жылтырағанның бәрі алтын емес. Қазақ – ағылшын мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы: «Ер қанаты - ат», «Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді», деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынада айтылып тұр. Ал ағылшын тіліндегі: Time and tide wait no man. Уақыт ешкімді күтпейді. No news – good news. Жаңалықтың жоғы, жақсы жаңалық, - деген мақалдар да тура мағынасында айтылып тұр. Қазақ тіліндегі «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Не ексең, соны орасың», «Жауырды жаба тоқиды» деген сияқты мақалдарда, айтпақ ой астарлы мағынада, ишарамен беріліп отыр. Осыған ұқсас ағылшын тіліндегі: Love me, love my dog. Мені жақсы көрсең, итімді де жақсы көр. English’s house is his castle. Өз үйім, кең сарайдай боз үйім. Білім – қуат. Знание – сила. Knowledge is power. Бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы және демағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал - мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Паршивая овца всё стадо портит. The rotten apple injures its neighbours. Ал бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір. Ерді кебенек ішінде таны.Друзья познаются в беде.A friend in need is a friend indeed. Бейнет түбі – зейнет.Сделал дело, гуляй смело.Business before pleasure. Өз үйім, кең сарайдай боз үйім.В гостях хорошо, а дома лучше.East or West, home is best.