Ашы? саба? Операциялы? ж?йені? негізгі нысандары мен оны бас?ару 5-сынып


10 Информатика 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Сабақтың мақсат: Оқушыларды операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару және сипаттамасы туралы түсінік бере отырып, ОЖ жайлы малғұматтармен таныстыру;
Оқушылардың бойында компьютермен жұмыс істеу дүниетаным негіздерін, рухани-адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық беттер
«Информатика». Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық - беттер
Оқушылар үшін оқу нәтижесі: Оқушылар операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқаруын оқып үйрену арқылы топпен жұмыс істейді, ой өрісі дамыйды
Негізгі идеялар: Тақырыпты түсінін оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар
АКТ
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
СТО, диалогтік оқыту Сұрақ-жауап
Топтық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» тақырыбына берілген материалдар:
http://ru.wikipedia.orghttp://referaty.kz/http://www.islamdini.ru/Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (1 мин)
Сыныпты топқа бөлу (ауызша)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты санау арқылы екі топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу
I. Үй тапсырмасын сұрау (4 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Бағдарламаның сипаттамасын атаңдар?
Бағдарламалар қалай бөлінеді? Олардың айырмасы неде?
Бағдарламаның басты белгілері қандай?
II.Ой қозғау (3 мин)
«Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
ОЖ не мақсатта пайдаланады?
Оның негізгі нысандары мен басқару жүйесі қандай?
III.Мағынаны ашу: «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру, постермен жұмыс Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
IV.Топпен жұмыс (6 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша Жиксо 1 әдісімен конвертке салынған сұрақтар таратылады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру
Топ ОЖ сипаттама беру
Топ ОМ қалай пайдаланады
Топ Компьютер үшін ОМ сипаттама туралы түсінік
III. Шығармашылық тапсырма
«Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару!» (пікірталас, карта және кітаппен жұмыс, талдау, бағалау) (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты кітап қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын сурет арқылы жеткізу
VI.Жеке жұмыс «ОЖ» эссе хат жазу (2 мин)
VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (4 мин)
ОЖ дегеніміз не?
Ныснандарын ата?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)
X.Үй тапсырмасы: «ОЖ» оқу, беттер