Ту?ан елім — тал бесігім


Винное орта мектебі КММ.

Тақырыбы: "Туған елім- тал бесігім".
1"А", 2"А" сыныптарыӨткізген: Сугирбаева Г.Ж.
Жанайдар Т.
2014 оқу жылыМақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегін білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойында ұлттық сана сезімді ояту.
Көрнекілік: электронды оқулық, суреттер, қималар, киіз үйлер, эссе.
Сабақтың барысы: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Біз егемен елдің бақытты ұландарымыз.Тәуелсіз ел болғанымызға 20 жылдан артық болды.Бұл біз үшін үлкен мереке.Көптен күткен ата-бабаларымыздың арманы.
Шырай: Кел балалар, ел салтын еске алайық,
Көрермендер сый- құрметке лайық.
Бабалардың өткен жолы өнеге,
Әдет-ғұрпын халқымыздың сақтайық.
Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шексіз, шетсіз қияға өрлеп кете барады.Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған көгілдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары- осының бәрі сенің туған еліңді құрайды.
Алтынбек: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, жерім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан- елім менің!
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы- Туған елім- тал бесігім!
3 топқа бөлініп, топтың атын, ұранын таныстыру.
Әділ- қазылар алқасын сайлап алу.
1- топ
Топ аты- Қазақстан
Ұраны- Қазақстан- туған елім,
Ырыс пен құт мекенім.
2- топ
Топ аты- Отан
Ұраны- Отан оттан да ыстық.
3- топ
Топ аты- Атамекен
Ұраны- Атамекен- анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
Алуа: Ауылым- ырысым мол, құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап өсіп, білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін,- дей келе ауылға саяхатқа шығайық.
-Қай ауыл екен?
-"Жеті ата" ауылы.
-Балалар, 7 атамызды білеміз бе?(3 топтан 3 оқушы айтады)
-"Жеті ата" ауылына немен барамыз?
-Атпен.
-Неге атты таңдадыңдар?
Шырай: Қазақ- ертеден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын мал өсірумен байланыстырған.Оның өнімдерін пайдаланған.Жесең- тамақ, ішсең- сусын, кисең- киім, мінсең- көлік.Сондықтан төрт- түлік малдың пайдасы мол.
-Ал енді атқа мінейік.
1) - Міне, біз "Ата" ауылына келдік.
- Балалар, ауылға барғанда кімдерге барасыңдар?
- Ата- әжемізге.
- Ауылда нелерді көреміз?
- Төрт- түлікті.
- Төрт- түлікке нелер жатады?(Балалардың жауабы)
- Осы "Ата" ауылында сендерге берілетін тапсырма ауылға барғанда естеріңде қалған қызықты оқиғаларды айту және осы айтқан оқтғаларыңды төрт- түлікпен байланыстырып әңгімелеу.
1- топ.1- оқушы.
Жазда атамның ауылына барғанда ауылдың тамаша көрінісін көрдім, көк шөпте аунадым.Қозы- лақ бақтым.
2- оқушы: Мен лақты жақсы көремін, әсіресе маған көздері ұнайды.
3- оқушы: Мені анам "Ботам", "Ботакөзім" деп еркелетеді.
- Міне, балалар, 3 топ та өздерінің айтқандарын төрт- түлікпен байланыстырып әңгімеледі.Сендерге "Ата" ауылының атынан сый- ән.
Ән: "Қошақаным".
Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Атымызға отырып, келесі ауылға барайық.
2) Міне "Әке" ауылына келдік.Бұл ауылда өз топтарына байланысты тапсырмалар ұсынылады.
1- топ- Қазақстан туралы өлең оқу.
2- топ- Отан туралы мақал- мәтелдер.
3- топ- ән "Атамекен".
1- топ- "Қазақстан" тобы.
Шырай: Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер, жарқылдап.
Алина: Менің елім- Қазақстан, жүрегім,
Тек өзіңсің Отан Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Толқын: Қазақстан- туған елім,
Ырыс пен құт мекені.
Көкке өрлеп даңқың сенің
Ғасырларға жетеді.
2- топ- "Отан" тобы.
Отан туралы мақал- мәтелдер.
1- оқушы: Отан- елдің анасы,
Ел- ердің анасы.
2- оқушы: Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
3- оқушы: Отанын сүйген адам отқа жанбайды,суға батпайды.
3- топ- "Атамекен" тобы.
Атамекен- анаң екен,
Қысылғанда панаң екен,-дей келе, топ мүшесі Алуа "Атамекен" әнін жолдайды.
-Жақсы, балалар, "Әке" ауылы сендерге риза болды.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
- Мынау қай ауыл? "Бала" ауылы.
Бұл ауылда топтар "Мен қазақтың ұланы" атты өлең шумағын айтып, өздерінің дайындап әкелген эсселерін ұсынады.Әр топтан 2 оқушы шығып айтады.
1- топ: Әдіхан. Шырай.
Мен қазақпын, ұланымын, елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін, жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
2- топ: Айым, Алтынбек.
Көз тойғызсыз, қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
Жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
3- топ: Аружан, Алуа.
Міне, осындай егеменді еліміздің,
Кең жазира ұланы байтақ жеріміздің
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
- Сендерге "Бала" ауылының атынан сый- "Күй".
- Жақсы, балалар, "Бала" ауылы сендерге риза болды.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
4) Міне, біз "Немере" ауылына келдік.Бұл ауылда сендерге "Бүркіт" ойынын ұсынбақ.Бүркіт- қырағылықты, еліміздің ой-арманының биіктеуін білдіреді.Сондықтан еліміз өркендеп, биіктен көріне берсін дейміз.
Ойынның шарты: Әр топтан 1 бала шығады.Осы шыққан балалар қолдарын артқққа, екі жаққа қанат етіп жайып, тізерлеп жерге отырып, алдарындағы орамалды тез арада тістеп алуы керек.
- Келесі ауылға барайық.
5) "Шөбере" ауылы.Бұл ауылда би билеп, өнер көрсетейік.
Би "Қамажай".
- Жақсы, рақмет, балалар.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
6) Бұл ауыл "Шөпшек" ауылы.Бұл ауылда сендерге шығармашылық тапсырма ұсынады."Сөзден сөз шығару".
Әр топ өз топтарының атынан сөз жасайды.
1 топ: Қазақстан
2 топ: Отан
3 топ: Атамекен
Жарайсыңдар тапсырманы жақсы орындадыңдар.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
7) Қай ауылға келдік? "Немене".
-Ән "Туған жер".
-Слайд көрсету.
-Көрініс: "Ата, әже, немере".
-Балалар бүгін біз "Жеті ата" ауылына саяхат жасай отырып, туған еліміз, атамекеніміз жайлы ойымызды бөлістік.Енді осы елімізге деген тілегімізді білдірейік.(оқушылар шығып тілектерін айтады)
Ән "Қазақстан" - хор.
-Бүгінгі "Туған елім- тал бесігім" саяхат сабағымыз аяқталды.