План урока на тему Жазы?ты??а т?сірілген перпендикуляр ж?не к?лбеу, к?лбеуді? жазы?ты?та?ы проекциясы
Пәні: геометрия Сыныбы: 10 «Б» Күні: 20.12.16
Тақырыбы: Жазықтыққа түсірілген перпендикуляр және көлбеу, көлбеудің жазықтықтағы проекциясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығын біледі, есептер шығаруда қолдана алады.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жазықтыққа түсірілген перпендикуляр мен көлбеудің анықтамасын біледі
Оқушылардың басым көпшілігі: Есептер шығаруда перпендикуляр мен көлбеудің қасиеттерін қолданады, нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты таба алады
Кейбір оқушылар: Көлбеудің проекциясын таба алады
Жетістік критерийлері: Алдыңғы оқу: Тікбұрышты үшбұрыш, перпендикуляр
Тілдік мақсаттар: Көлбеу, проекция, перпендикуляр
Құндылықтарды дарыту ұйымшылдық
Пәнаралық байланыстар: Сызу, архитектура
АКТ қолдану дағдылары: Флипчарт, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, отырғызу
Сынып әкімінің есебі Психологиялық дайындық Психологиялық жағымды ахуал туғызу Үй жұмысын тексеру Өткен тақырыпты еске түсіру. Перпендикуляр мен жазықтықтың қандай қасиеттерін білеміз?
Практикалық тапсырма Жазықтық сыз, сәйкес әріппен белгіле
Осы жазықтыққа перпендикуляр болатын екі түзу сал, сәйкес әріптермен белгіле
Пайда болған екі түзу өзара қандай? Слайд 3
Сабақтың ортасы «Келісемін, келіспеймін» 1. Қиылысқан екі түзудің арасындағы бұрыш дегеніміз төбелері қиылысу нүктесіндегі осы түзулердің сәулелерінен жасалған бұрыштардың кішісі аталады.
2. Кеңістікте қиылыспайтын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады.
3. Кеңістікте қиылысатын екі түзу параллель түзулер деп аталады.
4. Айқас түзулер тік бұрыш жасап қиылысады.
5. сәйкес параллель түзулермен жасалған бұрыштар тең.
6. Егер түзу жазықтықтағы түзулердік кез келгеніне перпендикуляр болса, онда осы түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады Слайд 4
Топпен жұмыс 1-топ. Көлбеу, перпендикуляр
2-топ. Көлбеудің табаны, проекциясы
3-топ. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық Слайд 5
Есептер шығару 1-топ.
АВ = 5 см, АА1 = 4 см, ВА1 = ?2-топ
АА1 = 8 дм, ВА1 = 6 дм, АВ = ?3-топ
АВ = 16 см, ВА1 = 4 см, АА1 = ?Слайд 6
Суретпен жұмыс Т/к: 1. ВС, СД, АС - ? 2. ОЕ - ?Слайд 7
Рефлексия
Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?
Сабақтың соңы Қорыту, бекіту Перпендикуляр деген не?
Көлбеу деген не?
Көлбеудің табаны, проекциясын суретте көрсет
Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық дегеніміз не? Үй жұмысы №3 Бағалау Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспралайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
ИКТ арқылы тапсырмалар орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау
Бастапқы кезең: Ортаңғы кезең: Қорытынды кезең: Сабақ бойынша рефлексия Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
4. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
5. Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Жалпы баға:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:
1.:
2.:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?
1.:
2.:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?