Т?зулер мен жазы?ты?тарды? перпендикулярлы?ына есептер шы?ару.
Тақырып: Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару.
Мақсаты:
а) Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;
в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;
Типі: Қайталау сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар
Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс
Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
А)оқушының сабаққа қатысы
Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру
2. Қайталау (сұрақтар)
1) Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп нені түсінеміз?
2) Кеңістіктегі қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
3) Қандай жағдайда түзу жазықтыққа перпендикуляр болады?
4) Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?
5) Перпендикулярдың табаны деген не?
6) Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?
7)Көлбеудің проекциясы деп нені айтады?
8) Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деген не?
9) Үш перпендикуляр туралы теореманы дәлелде?.
3. Есептер шығару
№1 есеп.
ОА, ОВ, ОС сәулелері қос-қостан перпендикуляр. Егер:
а) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀= 5 см;
ә) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀= а;
б) ׀ОА׀= ׀ОВ׀= 3 см ׀ОС ׀= 4 дм болса, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең болатынын табыңдар.
№2 есеп.
Α жазықтығына перпендикуляр АА¹ және ВВ¹ түзулері жазықтықты А¹, В¹ нүктелерінде қияды, ал АВ түзуі С нүктесінде қиып өтеді. Егер ׀АА¹ ׀=12см, ׀ ВВ¹׀= 4 см; ׀В¹С׀ =2см болса, онда А¹В¹ қашықтығын табыңдар.
№3 есеп.
А нүктесінен α жазықтығына АА¹ перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА¹ көлбеудің проекциясы. Егер:
׀АВ ׀=5 см, ׀АА¹ ׀= 4 см болса, ׀ВА¹׀ -ді;
׀А А¹ ׀=8 дм, ׀ВА¹ ׀= 6 дм болса, ׀АВ׀ -ні;
׀АВ ׀=16 см, ׀ВА¹ ׀= 4 см болса, ׀АА¹ ׀ –ді табыңдар.
4. Бекіту
5. Үй тапсырмасы:Қайталау.
Есеп: АВ кесіндісін тең үш бөлікке бөлетін С және Д нүктелері жазықтықтан 3см жіне 6 см қашықтықта орналасқан. А және В нүктелері жазықтықтан қандай қашықтықта орналасқан?