План урока по геометрий на тему Перпендикуляр жазы?ты?тар. Екі жазы?ты?ты? перпендикулярлы? белгісі
Сыныбы: ____10________Пәні: __геометрия______ Мерзімі:__4.02.2016_____
Сабақ тақырыбы: Перпендикуляр жазықтықтар. Екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі.
Сабақ мақсаты: Перпендикуляр жазықтықтардың анықтамасымен таныстыру; Жазықтықтардығ перпендикулярлық белгісін үйрету
Табыс критерийлері: Перпендикуляр жазықтықтардың анықтамасын біледі;
Жазықтықтардығ перпендикулярлық белгісін біледі:
Тақырыпқа байланысты берілген есептерді шығара алады.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы
Уақыт Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Керекті жабдықтар
5 мин
Кері байланыс Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді. 2 мин Топқа бөлу Таратылған кеспе қағаздар арқылы топқа бөлініп отырады. Кеспе қағаздар
10 мин Оқулықпен жұмыс
«Бағдаршам» бағалау стратегиясы Оқулықтан №86-90 есептерді шығарады және бағалау стратегиясы бойынша бірін-біріне көмек береді, қолдау көрсетеді. Бағдаршам фигуралары, оқулық
15 мин Топтық жұмыс.
«Мозайка» әдісі.
Перпендикуляр жазықтықтарға байланысты есептерден құралған пазлдар тарату Тақырыпқа берілген есептер мен олардың қасиеттеріне қатысты жазылған пазлдарды құрастыру арқылы белгілі фигураны құрастырады . Пазлдар, геометрия-лық фигура-лар
10 мин Тест жұмысы Әрбір оқушы алдыларына берілген тестті шешеді, есептің шығару жолдарын көрсете отырып, тест кілттерін табады Тест жұмысы
3 мин
Рефлексия Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасап, стикерге жазып түсінік парағына жапсырады. Стикер,
Бағалау парағы
Не сәтті өтті? Не сәтсіз болды? Нені дамыта алар едім? Оқу ісі орынбасары:_______________________________