Арыстан мен тыш?ан 4 сынып


Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________ Г.Бакешова
«13» 10.2015ж
Күні 13.10.2015 жыл Сыныбы 4 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан
Сілтеме Ана тілі 4 сынып Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова,Р. Базарбекова
Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz, google.kz.
Жалпы мақсаттар Мысалдың мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелеуге, талдау жұмыстарын жүргізуге жаттықтыру
Міндеттері мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізу;
оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу;
ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру.
Оқыту нәтижесі мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізеді;
оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбелейді;
ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын артады;
ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдері жетіледі
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді
Тапсырмалар 1 тапсырма – «Бірге ойлаймыз»
2 тапсырма – «Негізгі ойды анықта,түйін»
3 тапсырма – «Артық болмас білгенің»
4 тапсырма - «Серпілген сауал»
5 тапсырма – «Сөздікпен жұмыс»
6 тапсырма – «Ойлан, топтас, талқыла»
7 тапсырма – Жинақтау. «Сен маған, мен саған»
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушы іс - әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу
Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.
Қош келіпсіз 4 «Ә» сыныбына,
Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға.
Топқа бөлу
Күн мен жүрек суреттері арқылы 2 топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».- Көңіл – күйлеріңіз қалай?- Керемет! (Қолдарын көтереді)- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)- Ынтаңыз ше?- Ғажап! (Қолдарын көтереді).- Ендеше бастайық!
Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
Үй тапсырмасын қорыту.
1- тапсырма. «Бірге ойлаймыз»
1.«Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді?2. Ара оған неге бірден келісе салмады?3. Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
Үй тапсырмасын пысықтау:
Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Формативті бағалау
(Оқушылар өздерін бағдаршамның түстері арқылы бағалау)
Ой дамыту.
2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін.  (суреттер көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Жұмбақ шешуБір аң бар қайраты бар, болған күшті,Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)Мысықтан бұл қорқады,Бұдан піл қорқады (Тышқан)
Айқындық сұрақтар
Бұл суреттен не көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?
Арыстан мен тышқанның мінез-құлықтары арқылы не айтқысы келді?
Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыздар?
Жаңа сабақ
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан
3 тапсырма – «Артық болмас білгенің» ( Талантты оқушымен жұмыс)
Автор туралы дайындап әкелген мәліметтерімен бөлісу
Автор туралы дерек С. Торайғыров - дарынды ақын. Ол небары 27 жыл ғана өмір сүрді. Ол азғана өмірінде артына мол мұра қалдырды. Мысал өлеңдер жазды. Сұлтанмахмұт осы өлеңі арқылы күштінің әлсізді менсінбейтін іс қылығын әшкерелейді.
Мағынаны тану
1. Визуалды айғақтар. (көзбен көретін айғақтар)
«Арыстан мен тышқан» мысалын бейнеролик арқылы көрсету
2.Оқушының мәнерлеп оқуы.
4- тапсырма. "Серпілген сауал " (ашық және жабық сұрақтар)
1.Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
2.Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады?
3.Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады?
4.Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?
5-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Күпшек + дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті
6- тапсырма. «Ойлан, топтас, талқыла».
Шынайы өмірдегі арыстан мен тышқанды сипаттайды.
1 –топ. Арыстан қандай?
2 топ. Тышқан қандай?
Арыстан --------------------------------- ТышқанЖыртқыш--------------------------------- кеміргішірі --------------------------------------------ұсақаң патшасы ------------------------------- жыл басыбатыл -------------------------------------- өте қорқақөте күшті --------------------------------- өте әлсізұзақ жасайды ---------------------------- көп өлімге душар боладыетпен қоректенеді ------- -----------------тағам талғамайдыбірнеше жылда ұрпақ береді -----------көп балалайды
Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетіненадамның қандай қасиеттерін аңғаруға болады?
С.Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан
(қандай?) Тышқан
(қандай?)
Жинақтау.
7 – тапсырма. «Сен маған, мен саған»
Жұппен жұмыс
Мысал мазмұнына сай келетін мақал – мәтел айт.
Мысалды бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қой.
Арыстанның жүрісін келтіріңдер.
Мысалдағы тышқанның арыстаннан жіберуін өтінген жерін сомдау.
Мысал желісінен көрініс көрсету.
Осы мәтін арқылы қандай ой түйіндедік?
Мұғалім сөзі:
- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?- Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?- Мәтін ұнады ма?- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?ТүйінҮлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.Тығырыққа тірелер күн туғандаАрыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Ұжымдық тапсырма. Достарыңа тілек жазып, қолдарындағы жүрекпен жылу, күнмен көңілді қоса ұсынады.
Бағалау. «Менің түйгенім»
Мені мазалағаны …
Маған ой салғаны …
Мысалға қосатын ойың …
Міне, балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.
Сынып оқушылары түстер арқылы бағаланады.
«Қызыл» - өте жақсы
«Сары» - жақсы
«Жасыл» - орта
Рефлексия
Ет тартқыш, чемодан, қоқыс жәшігі суреттері ілінеді.
(Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үш заттың біріне іледі.)
Үйге тапсырма
- Мысалға сүйене отырып, адамгершілік туралы шығарма жазу
-Мәтінді жаттау
Мұғалімдермен сәлемдеседі
Күн мен жүрек арқылы топқа бөлінеді
Көңіл – күйлерін көрсетеді
Өткен сабақты қорытындылайды
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
С.Нұрбек Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мәліметпен таныстырады
Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді
Топ болып берілген тапсырмаларды орындайды
Мәтіннен не түсінгендерін айтады
Ізденіс жұмыстарын жүргізеді
Мәтіннен өзін не мазалағанын, не ой салғанын және өзінің қосатын ойын жазады
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады
Сынып жетекшісі бағалайды
«Менің түйгенім»
Арыстан мен тышқан мысалынан
Мені мазалағаны …
Маған ой салғаны …
Мысалға қосатын ойың …
«Менің түйгенім»
Арыстан мен тышқан мысалынан
Мені мазалағаны …
Маған ой салғаны …
Мысалға қосатын ойың …
«Менің түйгенім»
Арыстан мен тышқан мысалынан
Мені мазалағаны …
Маған ой салғаны …
Мысалға қосатын ойың …
-337185-2355852456815-235585

Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтіні бойынша оқушыларды критериалды бағалау І - топ
Критерий Жетістік Дескриптор
А
(max 4)
Білім, түсіну
(мысалмен жұмыс) 0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.
1 Мысалдың мазмұнын түсінбеген, рөлге түсіп оқи алмады
2 Мысалдың мазмұнын түсінген, бірақ ойын баяндауы жеткіліксіз
3 Мысалдың мазмұнын түсінген, әңгімелей алады, бірақ сұраққа толық жауап бере алмады
4 Мысалдың мазмұнын түсінген, жүйелі әңгімелей алады, сұраққа жауап береді, өз тұжырымы бар
Критерий Жетістік Дескриптор
В (max 4)
Қолдану, талдау
(Мысал бойынша топтық тапсыр-малар)
«Серпілген сауал»
«Ойлан, топтас, талқыла» 0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.
1 Мысал мазмұны бойынша сұраққа жауап бере алмады, берілген тапсырманы орындай алмады.
2 Мысал мазмұны бойынша сұраққа жауап берді, бірақ топтық жұмысқа араласуы аз болды
3 Топпен жұмыс жасаған кезде өз пікірін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп отырды
4 Жалпы мысал мазмұны бойынша сұраққа жауап беріп, топпен жұмыс жасаған кезде өзіндік ой пікірін толық жеткізіп, барлық жұмыстарға белсенділікпен қатысты.
Критерий Жетістік Дескриптор
С
(max 4)
Жинақтау
«Сен маған,
мен саған»
0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.
1 Басқа топқа сұрақ қоймады, қойылған сұраққа жауап бермеді
2 Басқа топқа сұрақ қойды, бірақ өзіне қойылған сұраққа жауап бергенімен,сөздік қоры төмен
3 Сұраққа нақты жауап беріп, мысал мазмұнын нақты қорытындылап жеткізе алады.
4 Өзіндік ой пікірін толық жеткізіп, барлық сұрақтарға жауап берді, басқа топқа сұрақ қойды. Оқушы және мұғаліммен кері байланысқа түсе білді.
Критерий Жетістік Дескриптор
D
(max 4)
Бағалау
«Менің түйгенім»
0 Өзіндік ой пікірін мүлдем жаза алмады.
1 Өзіндік ой пікірін жеткізуі жеткіліксіз дәрежеде болды
2 Сабақтан не түйгенін жеткізуде ойы шашыраңқы.
3 Сабақтан алған әсерін еркін жеткізе біліп, өз ойын ашық жазды
4 Өзіндік ой пікірін жеткізуі өте жүйелі, барлық сұраққа нақты жауап жазды
Бағалау шкаласы:
«5» - 14 - 16 балл (100%-89%)
«4» - 12 - 10 балл (75%-88%)
«3» - 8 - 6 балл (61%-74%)
«2» - 4 - 2 балл (60%-дан төмен )
Негізгі бағалаудың қорытындысы
Топтағы оқушылардың
аты - жөндері
Негізгі бағалау
А
Мәтінмен жұмыс В
(Мәтін бойынша топтық тапсыр-малар)
«Серпілген сауал»
«Ойлан, топтас, талқыла» С
«Сен маған,
мен саған»
D
«Менің түйгенім»
Балл Баға
1 2 3 4 5 6 7 Жұмыстың орындалуы:
Білім сапасы: Кері байланыс бетшесі
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Сіз үшін не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Пікіріңіз
Аты – жөні: _________________________
Кері байланыс бетшесі
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Сіз үшін не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Пікіріңіз
Аты – жөні: _________________________
Кері байланыс бетшесі
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Сіз үшін не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Пікіріңіз
Аты – жөні: _________________________
3039110193675-262890193675
4699067843403164378429086847105433243230410151734185673101776095

337392833112943477837663638572736677949-5507234359853186892-13797-15898190112