4 сынып Арыстан мен Тыш?ан


Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров өміріменоқушыны таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, сатылай талдау, венн диаграммасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.«Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтың мысал –өлеңінде Шыбын Араға не деді?
-Ара оған неге бірден келісе салмады?
-Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
-Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қайсөздерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
-Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?
-Мысалдағы жәндіктер сияқты адамдар өмірдеде кездесе ме?
-Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
-Кесте бойынша өзіңнің сипатауың жайлы не айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 сыныпта қандай шығармасымен таныстық? («Кедей» өлең) Онда не жайлы еді? Кедей деп кімдерді атаған?
Ү. Жаңа сабақ:

Атақты жазушының, Павлодар қаласында орналасқан ескерткіші
Кіріспе.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893-1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейді.
Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу.
Сатылай кешенді талдау жасау.
Авторы – С.Торайғыров
Тақырыбы – Арыстан мен Тышқан
Жанр түрі – мысал
Идеясы – мысқылдап біреуге күлмеу
Шумағы - 7
Тармағы - 28
Бунағы – 11-12
Ұйқас түрі – а-а-б-а
Тәрбиелік мәні - үлкенді- үлкен деп кішіні –кіші деп сыйлау
Сөздік жұмыс.
Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
Венн диаграммасы

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? 2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан (қандай?) Тышқан (қандай?)
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
2. Бағалау.