?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары Арыстан мен тыш?ан


Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.Сабақтың міндеттері:а) мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізу;ә) оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу;б) ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру.Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, талдау.Сабақтың көрнекілігі: мақалдар, автордың портреті, арыстан мен тышқан суреттері, АКТ, ойын .Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математикаСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Кітап, дәптер, күнделік, қаламсап және т. б.құралдарының түгел болуын қадағалау.
Шаттық шеңберін құру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-О.Әубәкіров «Ара мен шыбын»
«Ғажайып жетілік» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау

-Қазақта 7 саны қандай сан деп аталады? Киелі, қасиетті
-7 санына байланысты қандай киелі ұғымдар бар? (7 ата, 7 күн, 7 қазына, 7 жоқ)
Сонымен қатар Жеті Жарғыны да атауға болады. Жеті Жарғы- Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп- ғұрып заңдарының жинағы.
-Биыл қазақ хандығына неше жыл толып отыр? - 550 жыл

1. “Ара мен шыбын” мысал өлеңінің авторы кім? Қандай жинақ кітаптары бар?
2. Шыбын Араға не деді?
3. Ара оған неге бірден келісе салмады?
4. Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі туралы мәтінде не делінген?
5. Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
6. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналып тұр?
Мысалдың негізгі ойы не?
7. Мысал дегеніміз не? Ондағы кейіпкерлер қалай алынады?
3. Қызығушылықты ояту.

-Тақтада нелер бейнеленген?
-Хайуанаттар
Интерактивті тақтадан жануарлардың бейнесін көрсету. Осы жануарлардың ішінен ең күштісін, ең әлсізін көрсету. Сұраққа жауап алу: ең күштісі: арыстанең әлсізі:тышқан4. Миға шабуыл. Кластер құру- Арыстан, тышқан туралы не білесіңдер?Әр топ өздерінің білетіндерін плакат бетіне түсіреді.
5. «Тұлғаны танып біл» стратегиясы
- Мына тұлғалардың ішінен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровты табайық.

-С.Торайғыров туралы не білеміз?
-С.Торайғыров туралы толықтыра кету
6. Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін –деп ақын өзі жырлағандай бүгінгі әдебиеттік оқу пәнінен ақынның «Арыстан мен тышқан» атты мысал өлеңімен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Оқулықпен жұмыс

Мысал өлеңді мәнерлеп оқып беремін
ә/ Сөздік жұмысын жүргізу
б/ Мысалды талдау. Сұрақ-жауап
1. Мысал не туралы екен?
2. Арыстан тышқанды не үшін өлтірмекші болды?
3. Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?
4. Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
5. Тышқан өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
6. Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады?
7. Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Сергіту сәті
в/ Жұппен жұмыс. Берілген тиісті сандар арқылы 1 шумақты оқып, сол бөлімге ат қою.
г/ Дәптермен жұмыс. Топпен жұмыс. Әр топқа парақшадағы тапсырмаларды орындату. Тексеру

д/ «Күтпеген сыйлық» Мысал бөлімдеріне байланысты суреттер тарату. Әр топқа бір суреттен тарату. Бір суреттің артында сөздер жасырылған. Сол сөздерді дұрыс орналастырсақ мақал шығады. Қандай мақал? Бұл мақалды «Арыстан мен тышқан» мысалының негізгі ойы ретінде алуға бола ма?
«Қай топ бірінші?» ойынын ойнайық. Ол үшін қолымыздағы суреттерді мысал мазмұнына сай ақ бетке орналастырайық. Қай топ жылдам екен?
ж/ Интерактивті тақтада 4 топқа 4 сурет берілген. Сол сурет мазмұнын мысалдан тауып оқу.

ІV. Бекіту
-Балалар, біз бүгін кімнің шығармасымен таныстық?
а/ Хронологиялық кестені толтыруә/ Сұрақтар беру арқылы сабақты бекіту
- Мәтін ұнады ма?- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?- Осы мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады?- Мына мақалдардың қайсысы мысал мазмұнына сәйкес келеді?

1. Басыңа іс түссе,
Жақсы дос көмек етеді,
Жаман дос күліп кетеді
2. Іздеген мұратына жетер,
Жалқаудың өмірі босқа өтер.
ТүйінҮлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.Тығырыққа тірелер күн туғандаАрыстан да көмек сұрар тышқаннан!
б/ Бағалау бағдаршамы арқылы өздерің бүгінгі жаңа сабақты қалай түсіндіңдер, бағдаршам көздеріне сәйкес түспен бағалаңдар
VІ. Үйге тапсырма беру: Мысалды мәнерлеп оқу, қысқаша мазмұнын жазу
VІІ. Бағалау