?дебиеттік о?у Арыстан мен тыш?ан


Пән аты: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан».
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Ертегі мазмұнымен таныстыру, негізгі идеясын ұғындыру
өз сөздерімен жүйелі әңгімелеуге , сахналай білуге үйрету;
2) Тәрбиелік: Оқушылардың ой-өрісін дамыту өзіндік жұмыс жасау
қабілетін байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3)Дамытушылық: Адамгерщілік қасиеттерге баулу, жаман әдеттен аулақ
болуға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Арыстан мен тышқан бейнесі, плакаттар,қима суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтау, бес жолды өлең, сұрақ –жауап, түсіндіру.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа- нақ
І қатар жәй отыр,
ІІ қатар тез отыр.
ІІІ қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-«Әдептілік әліппесі» өлеңін жатқа айту.
- Сұрақ-жауап.
- Шығармашылық жұмыстар.
І топ. Әдептілік туралы мақал-мәтелдер жинасытырып келу.
ІІ топ. Әдептілікке байланысты сөздер.
ІІІ топ. Әдептілікке байланысты суреттер,;
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Барлық аңдардың патшасы, әрі мықты, әрі күшті, айбатты аң. Бұл қай аң? (Арыстан)
Егістікте жүретін,
Дәнді жақсы көретін.
Жыл атауы ішінде,
Ең бірінші келетін. Бұл не? (Тышқан)

-Олай болса, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан».
Қане, енді арыстан мен тышқан туралы жалпы мәлімет көрсетуіміз керек.(мінезі, жүретін жері, немен қоректенеді, яғни өздеріміз білетін мәліметтермен толықтырамыз.
Ассосация құру.

Аң патшасы айбатты күшті ұсақ жануарлармен қоректенеді

далада орманда Арыстан аң түсі сары ақырады күркірейді

өсімдікпен қоректенеді
егістікте Тышқан орманда, далада

шиқылдайды, ұсақ майда, астық
Толығырақ мағлұмат беру.
Тышқан-кіп-кішкентай, дене тұрқы 5 сантиметр, салмағы бірнеше грамм болады..Бұлар –кемірушілерге жатады. Кемірушілердің барлығы дерлік өсімдіктермен қоректенеді.Сондықтан кемірушілерді ең алдымен тістнріне қарап анықтайды.Оларда ит тіс болмайды.Оның есесіне күрек тістері ұзын , мықты және өткір болып келеді.кемірушілерді кез-келген жерден кездестіруге болады. Олар қиыр Солтүстікте де, аптап шөлде де , биік тауда да , орманда да тіршілік етеді.
Түрлері: Қарақас тышқаны ағаш сүрегін паналаса, қосаяқ ыстық климат қуаң дала мен шөлді мекендейді.
Арыстандар шынында да Африкада мекендейді. Қазіргі кезде арсытандар тек Орталық Африканың біраз жерлерінде және қорықтарда ғана ,сондай-ақ өте аз мөлшерде Үндістанда сақталып қалды.Қазір арыстандар тірі қалған жерлерде оларды аулауға рұқсат етілмейді.Арыстандар торда баққанға тез өсіп көндігеді, тіпті өсіп-өнуін де тоқтатпайды.Арыстандардың жаңа туған күшіктері ( әдетте 3 болады) өте кішкене , дене тұрқы 30 сантиметр шамасында ғана болады, олардың үстіндегі теңбілдері кейін біркелкі түске ауысады.
Интерактивті тақтадан көрсету.
Ертегі мазмұнымен таныстыру.
Кітаппен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
«Бес жолды өлең» құрастыру.
І топ. Арыстанға
ІІ топ .Тышқанға.
ІІІ топ. Бугінгі ертегіні сахналау.
Дәптермен жұмыс
«Жақсылыққа-жақсылық» сөзінің мағынасын ашу, жазу.
Шығармашылық жұмыс.
Ермексаздан немесе қима қағаздардан құрастыру.
І топ. Арыстан жасау.
ІІ топ. Тышқан жасау.
ІІІ топ.Арыстан мен тышқанның дыбысын салу.
ІV.Бекіту. Сұрақ-жауап.
Қандай ертегімен таныстық?
Ертегі кейіпкерлерін ата?
Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?
V. Үйге тапсырма.
-Ертегіні оқу, мазмұнын айту, ертегі желісіне қарай сурет салу;
VІ. Бағалау.
Жетондар арқылы бағалау.