А?паратты? аны?тамалы? ??жаттар іс-?а?аздар та?ырыбына


АҚпараттық- анықтамалық құжаттар Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар  болып табылады.Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары Ақпараттық-анықтамалық құжаттар:ТүсініктемеБаяндау хат (докладные записки)ТелефонограммаТалап арыздарШағымдануШағымАктілерСенім хат: ресми және жекеШағымға жауапФакстер, электрондық поштаАнықтамаларХаттар Акт(лат. actus - әрекет) - Заңды күш бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі.Қолданыста жүрген мағыналары:Заңды күш бар ресми құжат.Актінің кіммен және басқарманың қандай деңгейінде шығарылғанын (қабылданғанын) және оның мазмұнына - мемлекеттік, ведомстволық, нормативтік, аймақтық және басқа актілер екенін айыруға болады.Деректі тіркейтін хаттама. Айталық, тексеру актісі, тауардың жеткіліксіздігі туралы акті, қазына-мүлік беріліс туралы акт.Лауазымды адамдардың, ұйымдардың азаматтардың - және құқықтықтың шамасының бұзушылығында соттайтын әрекеттер. ХаттарРесми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын мәселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Шағым (претензия)(ағылш. appeal; complaint) – Заңды құқықтары мен бостандығының бұзылу жайы бойынша мемлекеттік, қоғамдық немесе халықаралық органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына жүгіну. Құқықтық мемлекеттерде азамат (кәсіпорын, ұйым) міндетті түрде шағымын қарау нәтижесі бойынша ақпарат алады. Анықтама(лат. defіnіtіo) – кең мағынада, ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амал. Кез келген анықтама анықталушы (defіnіendum) және анықтаушы (defіnіens) ұғымдарды білдіреді; анықталушы ұғымның мазмұнын ашуға көмектеседі; сол ұғымды оған ұқсас ұғым; термин мағынасы берілетін пайымдау немесе үрдіс. Ең дұрыс анықтамаанықталатын сөз немесе терминге логикалық түрде сай болады. Анықтама деп жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді айтамыз Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:1) мәміле жасау;2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б. Факстерфаксимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы. Факс телефон арналары арқылы графикалық мәліметтерді: мәтінді, кестені, сызбаларды, графиктерді, фотосуреттерді, т.б. жөнелту, тасымалдау, жеткізу жұмыстарын атқарады. Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Баяндау хат (докладные записки)Ақпаратты-анықтамалық түрдегі құжат. Хатты жазушының қандай да бір сұрақты немесе дәлелдемені баяндау кезіндегі өзінің ұйымның басшысына немесе жоғарғы кәсіпорынға жазған шешімдері мен пікірлері болуы мүмкін. Түсініктемежағдай мен жалпы кұбылыстарды оның себебі сипаты, өзара байланысы, т.б. арқылы білуге болатын талқылау. Дәлірек нақтырақ түсіндіруде бұл түсіндірілуші, түсіндіретін негіз - техникалық пәндерде болатын талқылаулар, әдетте ғылыми заңдылықтар, түсіндірмелі теориялар және т.б., ал әлеуметтік пәнде акторлар мағынасы, себептері, т.б. қамтылады. Телефонограмма– телефон байланыс арнасы арқылы ауызша берілетін және алушы жазып алатын құжат.Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы немесе жауапты орындаушы қол қояды. Егер телефонограмма бірнеше адресатқа жіберілетін болса, онда оған жіберілетін жерлердің телефон нөмірлері көрсетіле отырып, тізімі қоса тіркеледі.  Талап арыздарТалап-арыз сотқа жазбаша түрде беріледі. Арыз ішінде міндетті түрде келесі ақпарат болу керек:Арыз беріліп отырған соттың атауыталапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе талапкер заңды тұлға болатын болса, оның орналасқан жері. Егер арыз өкілмен берілетін болсы, онда оның атауы мен тұратын жері.Жауапкердің атауы, тұратын жері (заңды тұлғаға оның орналасқан жері)талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлр және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер.талап-арыздың мәтініегер талап-арыз бағалауға жататын болса, онда оның бағасыарызға қоса тіркелген (қосылып берілетін) құжаттардың тізбесі. Шағымдану (жалоба)Шағымдану (ағыл.appeal; нем. Anfeclitungf einer gericlitliclien Entscheidung; Berufungf, Appellation f ) - Елдің Констиуциясы бойынша, әркімге оның құқығы мен бостандығын сотта қорғауға кепілдік беріледі.Билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қоғамдык бірлестіктер мен лауазымды адамдардың шешімі мен әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) сотқа шағым беруге болады. Назарларыңызғарахмет!!!