Саба? жоспары Арыстан мен тыш?ан ?дебиеттік о?у 4 сынып


Пәннің аты:Әдебиеттік оқу Уақыты: Кабинет:203 Мұғалім:Джансенбаева.Г
Сабақтың атауы С.Торайғыров Арыстан мен тышқан
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі а) мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізу;ә) оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу;б) ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру.Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, талдау.Сабақтың көрнекілігі: мақалдар, автордың портреті, арыстан мен тышқан бетперделері, оқушылардың салған суреттері.Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Кітап, дәптер, күнделік, қаламсап және т. б. құралдарының түгел болуын қадағалау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. С. Жүнісов. «Түнгі сәуле». Мәтіннің мазмұнын сұрау:1. Күздің қара суық желі.2. Түнгі сәуле.3. Қуаныш.Мәтінді осы жоспар бойынша әңгімелеу.Үй тапсырмасын бекіту:а) әңгімедегі балалардың есімдері кім?ә) балалар орманға неге барды?б) олар кімге, қандай көмек беруге асықты?в) балалардың ісін сен қалай бағалайсың?г) машина жүргізушісі балаларға ризашылығын қалайша білдірді деп ойлайсың?ІІІ. Жаңа материалды игеру.1. Кіріспе әңгімесін жүргізу.- Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Арыстан мен тышқан».- Авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров (портреті көрсетіледі).- Қане, балалар, С. Торайғыров туралы не білеміз, еске түсірейікші.- С. Торайғыров (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі. Осы 4 сынып ана тілінен біз «Туған елім» өлеңін оқыдық.- Ал, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқан» деп аталады.- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Көктем.- Көктемде айналада қандай өзгерістер болады? Жан - жануарлар не істейді?- Дұрыс айтасыздар. Балалар, көктемнің осындай жайма - шуақ күнінде арыстан мен тышқан кездесіп қалады. Қане, балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңіздер.Арыстан --------------------------------- ТышқанЖыртқыш--------------------------------- кеміргішірі --------------------------------------------ұсақаң патшасы ------------------------------- жыл басыбатыл -------------------------------------- өте қорқақөте күшті --------------------------------- өте әлсізұзақ жасайды ---------------------------- көп өлімге душар боладыетпен қоректенеді ------- -----------------тағам талғамайдыбірнеше жылда ұрпақ береді -----------көп балалайды(Қарама - қайшылықты сызбасын көрсету)2. Негізгі бөлім. «Арыстан мен тышқан»а) Мәтінді оқушылардың іштей оқуы.- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?АвторМЫСАЛжан – жануарларөсімдіктерадамдар арасындағы қатынастарзаттар- Сызба бойынша түсінік беріледі.ә) Мұғалімнің оқуы (оқушылар қарындашпен автор, арыстан, тышқан сөздерін бөліп отырады).б) Оқушылардың рөлдерге бөліп оқуы (бетперде киіп).в) Сөздік жұмысын жүргізу.Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу.Зиян – залал, зақымАзат қыл – еркіндікке жібер, босат.г) Мақалдарды оқып, ішінен мысалдың мазмұнына сәйкес келетін мақалды тауып алу.д) Дәптермен жұмыс. Мақалды дәптерлеріне жаздыру.е) Мысалды оқи отырып, әр шумаққа сурет салу.1 - қатар – 1, 2 шумаққа;2 - қатар – 3, 4, 5 шумаққа;3 - қатар – 6, 7 шумаққа.Салынған суреттерді байланыстырып, мәтіннің мазмұнын баяндау. Салынған суреттерді талдау.Қорытындылау.- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?- Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?IV. Бекіту- Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?- Мәтін ұнады ма?- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?ТүйінҮлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.Тығырыққа тірелер күн туғандаАрыстан да көмек сұрар тышқаннан!V. Үйге тапсырма. «Арыстан мен тышқан». Мәнерлеп оқу, мазмұндауVI. Бағалау.
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үйге тапсырма Бағалау Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады