С?лтанмахм?т Торай?ыров «Шы?амын тірі болсам адам болып», «Мен-?аза?» ?ле?дері


Сабақтың тақырыбы Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері
Сілтемелер Күнтізбелік жоспар,
Қазақ әдебиеті оқулығы
Жалпы мақсаттар Бастапқы білімдерін пайдалана отырып, ақынның өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу
Күтілетін нәтиже Сабақ барысында бастапқы білімдерін пайдалана алады, ақынның өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашады
Түйінді идея Өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі оқытуға төселеді
Мұғалімнің орындалатын іс әрекеті Оқушының орындалатын іс әрекеті Оқыту тәсілдері
Тренинг өткізу. Шаттық шеңбері. «Жылы лебіз» тілектер айту.
(Әр түрлі әдемі түстер бойынша топқа бөлу. )  Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Түстер бойынша 5 топқа бөлінеді тренинг
«Көпір» тапсырмалары»
Үйге берілген тақырып бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмасы.
Мен – Адаммын! (Жетекші сұрақтар беру!
1. Адам болу деген не?
2. Адам өмірге не үшін келеді?
3. Менің өмірдегі маөсатым не?
4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?
5. Жаман адам кім?
6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмір сүру үшін тамақтанамыз ба? Диалогті оқыту
Білу
Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) (2 ұпай) «Мен-қазақ» өлеңінің тақырыбы мен идеясына талдау жасау Топтық жұмыс
СТО
Түсіну
( Неге? Неліктен? Себебі ? Не
үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)
(4 ұпай) «Шығамын тірі болсам адам болып»
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір» кітабында жарияланған.
С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр.  Диалогті оқыту
СТО
Талдау
(салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек)
(6 ұпай) Топтық жұмыс. С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» Өлең құрлысына Сатылай кешенді талдау жасау. (5 - слайд)1. Авторы - С. Торайғыров.2. Тақырыбы - Адамдық3. Жанр түрі - өлең4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық5. Шумақ - 36. Тармақ - 47. Бунақ саны - 3 бунақты8. Буын саны - 119. Ұйқас - а/а/б/а/- қара өлең ұйқасы Салыстыру
Талдау-жинақтау
Қолдану
( оқулық, тақтамен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалары)
( 10 ұпай) Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы
1. Өлеңнің тақырыбы не? (Адамдық)
2. Жыр жолдарының идеялық мазмұнын ашу (Білім-ғылымға, өмірге деген құштарлық)
3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті? Кім болуды армандайсыңдар?
4. Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?
5. Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу. (Көрде тыныш жату, жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып белді буған, толған айдай балқып туған, ойында оты барлар, надандықты тебу)  Практикалық жұмыс,
Өздік жұмыс
Жинақтау
( қорытынды шығар, кесте толтыр,тірек сызба сыз, сөзжұмбақ , сұрақтар құрастыру тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)
(4,6,8 ұ) Сабақтың прологі:
Адамның өміріндегі мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы мен жаман ойды ажыратып, тура жолын - әлемдегі өз орнын табу. Абай да: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» - дейді.
«Мен Адаммын!» (Антонимдік ассоциация құру)
Ақылды – ақымақ,
Білімді – надан,
Еңбекқор – жалқау т.б. СТО
Дарынды оқушымен жұмыс
 
Рефлексия 
 
   Стикерлерді тақтаға жабыстырады, өзін-өзі бағалау парақтарын толтырады.
Кері байланыс
Бағалау
Үйге тапсырма Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып, бағаланады. Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды. Мұғалімнің бағасын күнделікке қойдырады.
«Мен-қазақ» өлеңін жаттау ОүБ