С.Торай?ыров Мен ?аза?, Шы?амын тірі болсам адам болып ?ле?дері саба? жоспары


Пән Әдебиет
Сынып 6-сынып
Сабақ тақырыбы Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері
Сабақ мақсаты Ақын шығармашылығымен танысып, мағлұмат алады.Өлеңмен жұмыс жасайды. Оқушының сауатты сөйлеу және өз ойын еркін жеткізуі қадағаланады.
Жұмыс нәтижесі Адамның қасиеттері жөнінде ой бөлісіп, тереңірек білетін болады. Жақсы қасиетін есте сақтайды.Қазақ халқы жөніде, қазақ хандығы жайлы ой қозғайды. Өлеңді талдау, мәнерлеп оқуға машықтанады.Топпен жұмысқа үйренеді, ізденеді.
Сілтеме Оқулық: Әдебиет 6-сынып
Негізгі идеясы Сынып оқушыларының топтық тапсырмаларды өз бетінше орындауын бақылау
Әдістер мен тәсілдер Топтастыру, СТО стратегиясы ,өзін-өзі бағалауы
Ресурстар слайд,таратпа материалдар,стикерлер.
Сабақ жоспары Сабақ барысы
І Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөлу. ( қазақтың ұлттық нақышында тоақа бөлу)
Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі
Топтың ережесін таныстыру.( 1 мин)
Топбасшы мен бақылаушы сайлау, олардың міндеттерімен таныстыру.
«Шынайы жүректен» әр топ бір-біріне тілек жазылған жүрекшелер береді.
Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату
«5»- толық және дұрыс жауап; «4»- толықтыратын жауап; «3»- ақпарат аз, толық емес; «2»- мүлде жауап жоқ;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Адамдық борышың» өлеңінің желісімен «Менің борышым» шығарма жазу.
Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беріледі.
1-топ:Шәкәрім адамдық борышың деп нені айтады?
2-топ:Ақ жолдан айнымай ар сақтау дегенді қалай түсінесің ?
3-топ:Өлеңнің «Адамдық борышың» деп аталу себебін қалай ұғасыңдар?
ІІІ Жаңа сабақ
а\АКТ-мен жұмыс. «Түртіп алу»стратегиясы
1.Топтағы оқушылар жазушының өмірбаянымен, бейнеролик арқылы танысып шығады.
2. «Сөздер сөйлейді» кезеңі. Оқушылар өздері жазып алған тірек сөздерді байланыстыра отырып, түсінгендерін баяндайды. Ақынның өмірбаянына мағлұмат алады.
3.«Ой шақыру» кезеңі. «Артығын тап»
1-топ: көңілді, мейірімді, сыйлы, қатал, адал
2-топ: залым, қатыгез, көңілсіз, шыншыл, мазасыз
3-топ: танымал, сыйламды,зұлымдық, кішіпейіл, ардақты.
Қалай ойлайсыңдар бұл аталған сөздердің барлығы немен байланысты? (Адамның қасиетімен)
Оқылатын « Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңімен байланыстыру.
«Жүгіртпе диктант» стратегиясы бойынша жұмыс.Әр топ өзіне хатшы сайлап, топтағы өзге оқушылар, жүгіріп отырып, өлең жолдарын жаздырту керек.Соңынан өлең оқылады.
Таймермен уақытты белгілеу.
ІҮ Сергіту сәті
4. «Мен қазақ» өлеңі жұмыс:
А) Өлеңді нақышына келтіре отырып оқу.
Ә)Өлеңді аталған жер-су атаулары жөнінде сұрау.
Б) Қазақ хандары жайлы ой қозғау.
Сұрақтар:
Қазақтың алғашқы хандары кімдер?
Қазақ хандығына неше жыл толды?
Қазақтың қандай хандарын, батырларын білесіңдер?
ІV Сабақты қорытындылау
« Қазақстан -менің Отаным» шағын шығарма жазу.
V Үйге тапсырма
С.Торайғыров туралы мәліметтер жинақтау «Мен қазақ» өлеңін жаттау, шығармашылық тапсырма «Менің арманым»
Сабақты бағалау Әр топ өздерін бағалауын айтып береді.
Кері байланыс орнату.
«Көңіл-күй аралдары » оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіріп, қандай аралды екенін көрсетеді.