Та?ырыбы: Ш. Смахан?лы. Б?лб?л мен то?ылда? (мысал)
Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)Мақсаты:а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: ой қозғау, ассоциация, 5жолды өлең, Венн диаграммасы, дискуссиялық карта.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ (жұмсақ ойыншық), ағаш.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында қорапқа салынған сыйлық әкелу.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. «Азамат атанған күн» К. Сауырұлы.Мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелеу.І. Қуаныштың алғашқы қой бағуы.ІІ. Үрей.ІІІ Азамат болу.2. Қуанышқа мінездеме беру.Сабақты қорытындылау.- Азамат болу дегенді қалай түсінесің?ІІІ. Жаңа сабақ.1. Қызығушылығын оятуҚұстардың даусын тыңдау.- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?- Қай құстардың даусы ұнайды?Оқушыларды 3 топқа бөлу, тапсырмалар беру:2. Ой қозғау1 - топ: - Бұлбұл туралы не білесіңдер?2 - топ: - Тоқылдақ сөзіне ассоциация3 - топ: - «Құстардың орнын анықта» (суреттегі құстарды сұрақтарға жауап беріп, өз орындарына қоямыз)- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу )- Балалар біз қандай мысалдармен таныс едік?- Мысалда не туралы айтылады екен?3. Мағынаны тануа) Оқулықпен жұмыс1. Мұғалімнің оқуы.2. Оқушылардың іштей оқуы.3. Дауыстап оқу.4. Сұрақтармен жұмыс.- мысалда қандай кейіпкерлер бар?- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?- тоқылдақ не деп жауап берді?- мысалдан не түсіндік?ә) Ғылымилығы.Сергіту сәтіб) Дәптермен жұмысБұлбұл - әнші құсТоқылдақ - орман емшісів) Рөлдерге бөліп оқу3. Ой толғаныса) 1 - топ: Осы мысалдан сахналық көрініс көрсету.2 - топ: Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.3 - топ: Өлең ұйқасын табу.ә) 1 - топ: Құстар жайлы жұмбақ құрастыру.2 - топ: Венн диаграммасы.Бұлбұл мен тоқылдақ.3 - топ: 5 жолды өлең.ІV Қорытынды. Дискуссиялық карта.Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі дұрыс па?Қорытынды немесе шешім, тоқтам.V БағалауVI Үйге тапсырма:1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу.Оқушы шығармашылығынан:1) Өлең ұйқасын табу.ТоқылдақЕңбек сүйгіш тоқылдақ,Жүреді ылғи тоқылдап.Айналаны тазартып,Тигізеді пайдасын. ТоқылдақЕңбек сүйгіш тоқылдақ,Құрт - құмырсқа шоқып ап.Айналаны тазартып,Жүреді ылғи тоқылдап. ТоқылдақЕңбек сүйгіш тоқылдақ,Тұмсығымен тоқылдапАйналаны тазартып,Ормандарды қорғайды. 2) Өлең құрастыруАспанда ұшып жүреді,Екі қанат қағып ап.Түсі қара тоқылдақ,Талда өмір сүредіТоқ - тоқ етеді,Санасына тоқып апҚұрт - құмырсқа жейдіТұмсығымен шоқып ап. 3) Өтірік өлеңТоқылдақАқ тауыққа мініп ап,Айға жеттім тоқылдап,Екі жылдай жүріп мен,Үйге оралдым біліммен. БұлбұлКөрдің бе бұл бұлбұлды,Екі тонна салмағы.Бір асап ем аптығып,Бұлбұлдан түк қалмадыБұлбұлӘнші бұлбұл бір күні,Алматыға келіпті,Суперстарға қатысып,Жеңіске ол жетіпті.