Дос с?зі Ны?мет ?абдуллин


Сабақтың тақырыбы: Нығмет Ғабдуллин «Дос сөзі»
Сабақтың жалпы мақсаты Оқиғадағы негізгі ойды анықтай біледі, жүйелі баяндауды үйренеді.Бірлесіп жұмыс жасай отырып, өз пікірімен бөлісуге, өзгенің ойын тыңдауға, ойын дәлелдеуге қалыптасады.
Әдіс- тәсілдер Диалог, ОүБ, топтық жұмыс, INSERT, Венн диаграммасы, Уақыт шеңбері, Миға шабуыл, Венн диаграммасы
Күтілетін нәтижесі Жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерді салыстырады, әділ шешім шығаруға үйренеді.
Түйінді идея Жаңа тақырыпты меңгерту, оқушылар жетістігін бағалау.
Дереккөздер, көрнекіліктер Оқулық, дәптер, тақта, сызбалар,кестелер, суреттер, стикерлер, проектор, флипчарт, түрлі маркерлер
Уақыт мөлшері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
2 мин Оқушылар арасында сенімділік ахуал қалыптастыру,түрлі тапсырмалар жазылған конверттер таратамын. Ішінде түрлі тапсырмалары бар түсті конверттер арқылы топтарға бөлінеді.
5 мин
Миға шабуыл «Уақыт шеңбері» ойынын ойнатамын.Мектеп десе есімізге не түседі? Мектеп туралы не білесіңдер? Мектепке не үшін келесіңдер? Мектепте кімдер жұмыс істейді? Сұрақтарға ойын барысында жауап береді, топтарға бөлініп отырады.
Мектеп сөзін топтастырып жазады,сұрақтарға жауап береді.Мұғалима өлеңін жатқа айтады,жазған өлең-әңгімелерін оқып береді. Топ мүшелері өз- өздерін бағдаршам арқылы бағалайды.
5 мин
«Мақалдарды жалғастыр» ойынын ойнату, Досы жоқ адам-... ... тағам.Ағаш тамырымен мықты- ... ... мықты.т.б.мақалдарға ортақ тақырып қояды , дос, достық туралы ой қозғау, топтастыру. Сендердің достарың бар ма? Олармен қатынастарың қандай?Шын дос қандай болады деп ойлайсыңдар? Көрсетілім бойынша мақалдарды аяқтап, толықтырады, оларға ортақ тақырып қояды.Достары жайлы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады, дос сөзін топтастырып жазады.
Топтар бірін-бірі бағдаршам бойынша бағалайды.
15мин
Оқулық
пен жұмыс, постер жасау Таныстырылым бойынша Нығмет Ғабдуллин өмірі мен шығармалары туралы таныстыру. «Дос сөзі» мәтінінің авторы екенін айту.Мәтінді Инсерт әдісі бойынша оқыту, сөздіктермен жұмыс жүргізу. Әр топ өздерінің оқыған бөлімдері бойынша постер жасау. Н. Ғабдуллинмен танысады , Инсерт әдісі бойынша мәтінді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, білгендерімен бөліседі. Нәуетек- болбыр,еш нәрсеге икемі жоқ дәптеріне жазып алады.Постер жасап қорғайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағдаршам бойынша бағалайды.
10мин
Топтық тапсырма
лар Топтық тапсырмалар беру
І топ :«Мінездеме беруші»Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
ІІ топ :«Сілтеме табушы» Тақырыпқа қатысты мақал –мәтелдер тауып айтады.
ІІІ топ: «Сөз тапқыш» Мәтінге байланысты диалог құрастырады.
ІҮ топ: «Із қуушы» Мәтінді өз сөздерімен жалғастырып айтады.
«Мінездеме беруші» Венн диаграммасын толтырады.
«Сілтеме табушы» Мақал-мәтелдер жинақтайды.
«Сөз тапқыш» Ролге еніп, диалог құрастырады.
«Із қуушы»Мәтінді әрмен қарай жалғастырып айтады.
Топтар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
5 мин
«Кілтті тест» сұрақтарын проектордан көрсету, болған соң жауабын тақтаға шығарып, тексеру.
1482090317500 Тест тапсырмаларын орындайды, жауабында Ә нұсқаларын біріктіріп қосады, А нұсқаларын біріктіріп қосады. Екі үшбұрыш шықса, шешуі дұрыс болады. Әркім өз-өзін бағдаршам арқылы бағалайды.
2мин Бағалау тақтасындағы жалпы ұпай санын есептеп, топтың және топ мүшелерінің ортақ ұпай сандарын айту. Бағалау тақтасынан өздерінің жалпы ұпай санын көреді.
1мин Үйге тапсырма : Достық туралы эссе жазып келу Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.