Модель. Информатика п?ні 6 сынып
Пәні Информатика Сынып 7 «А» Сабақтың тақырыбы Модельдерді сипаттау әдістері, модельдеу қасиеттері, түрлері.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру, оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу, модель құруға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар модельдеу кезеңдерін біледі.
Модель құра алады.
Топпен жұмыс жасай алады.
Саб/кез МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Кіріспе Сәлемдесу. Көңіл-күй смайликтерін қолдана отырып оқушыларды бір бірімен сәлемдестіру.
Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім – тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.-
деп оқушылар сабаққа кіріседі.
Топтастыру: Мозайка құрастыру арқылы топтастыру.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Көңіл-күй смайликтермен амандасып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, ынтымақтастық орта орнатады.
Өздерін сабаққа жақсы көңіл-күй қалыптастыруды ұйымдастырады.
Суретті құрастыра отырып 3 топқа бөлінеді
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысды. от шашу6-сынып оқулығы. Авторы: Е. В. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов
электрондық оқулық, презентация
Жаңа материалдың
таныстырылым Модельдеудің сипаттамасын
жаңа тақырыпты игеруге көмектесу.
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
Интерактивті тақтамен слайд көрсету.
Өздеріне мысал келтірту. І топ: Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.ІІ топ: Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.ІІІ топ: Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қоршаған ортаны танып - білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады.
Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазады. Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды. Өзара қолдау
Үш шапалақ арқылы қолдау көрсетеді. Топтық бағалау (қызыл, сары жұлдызша арқылы) «жақсы», «нашар» қорғағандарын көрсетіп, түсінік береді.
Ватман, маркерлер
Жаңа материалды қолдану «Түсіну»
Мағынаны тану ( суреттер арқылы оқушыларға «Ой тастау»)
«Қолдану»
Оқулықпен жұмыс жасаймыз
№1 топқа тапсырма. Графикалық редактор дегеніміз қандай міндет атқарады?
№2 топқа тапсырма. Графикалық редакторда сызба суреттен басқа не істеуге болады?
№3 топқа тапсырма. Графикалық редактордың сен білетін құрал саймандар атауы?
«Жинақтау»
Білемін Білгім келеді үйрендім
Оқушылар компьютерде (суретпен, сызбамен қорғау)
Топтастыру, оқушылар акт тақтаға жазады .
Флипчартқа өз ойларын жазып пікірлесу
Бүгінгі сабақты сұрақ жауаптар арқылы жинақтайды. Өзара қолдау
Үш шапалақ арқылы қолдау көрсетеді. Топтық бағалау (қызыл, сары жұлдызша арқылы) «жақсы», «нашар» қорғағандарын көрсетіп, түсінік береді. АКТ
Маркер, флипчарт, оқулық, үлестірмелі қосымша материалдар
АКТ Сергіту сәті
Қорытынды Қорытынды.
Өзім: білгім келеді дегенге графикалық редактор жөнінде мағлұмат беру.
Жұлдызшаларға қарай топтар бағаланады.
"Алма ағашы" әдісімен бағалау.Оқушыларға қызыл,жасыл түсті алмалар таратылады.Алма ағашына ілу қажет. Сабақты қорытындылау: Не сәтті өтті?
Не сәтсіз өтті?
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткім келеді?