Баяндама: М??АЛІМНІ? К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІ – Н?ТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІ? КЕПІЛІ


lefttop
Азимканова Динара Джумакожаевна
«Ескелді аудан әкімдігінің Абай атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы Ескелді ауданы Абай ауылы
ІІІ деңгей
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ
БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Бүгінгі таңда оқушының білім алуында мектеп жұмысы
мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім
(Strong. Ward & Grant. 2011 )
ХХІ ғасыр ұстаз бейнесі қандай болмақ, ол өзгеруі тиіс пе? деген сауалға, әрине өзгеруі де, ізденуі де қажет дер едім. Әлемнің өзгеруімен қатар ұстаз да жан-жақты дамуы қажет.
Еліміздің көркеюі, білімді азаматтардың биік шыңына қол жетуіне бағыт беретін ұстаз еңбегі үлкен роль атқарады деп ойлаймын.
Атақты, ұлы тұлға Хариес өзінің «тәрбие болжамдары» кітабында баланың тәрбиесіне жеке тұлға ретінде қалыптасуына отбасына қарағанда құрбы-құрдастар арасындағы тәрбиенің ықпалы күшті деген. Ендеше мектеп қабырғасында оқушы тек білім ғана емес, мінез-құлқы мен жеке тұлға болып қалыптасуында маңызды орын деуге болады. Ал осы қалыпты ортаны құратын –ұстаз.
Қазіргі «ақпараттандыру заманында балаларға қалай білім беру керек?», «сабақта алған білімдері бәсекеге қабілетті тұлға болуға қалай көмектеседі?» сияқты проблемалар туындауда. Заманауи технологияларға жаппай компьютерлендіруге қарамастан, барлығының басында адам тұрады.
Ендеше, бүгінгі заманның мұғалімі қандай?
Мұғалім деген кім? Ол қандай болуы керек?
Оқытудың табысты болуы құзырлы мұғалімге тән белгілер (бас, қол, жүрек) болғанда ғана іске асады. Мұғалімнің жұмысын сапаға жеткізер үш көмекшіні Шульман өз кестесінде белгілеп нақтылап атап жазған.
Біріншіден «кәсіби түсінік» болуы міндетті, себебі жеке тұлғаны дамытуда оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім бере алуы қажет. Оқушыны өзің ойлаған деңгейге жеткізудегі зерттеудің тиімді жолын біліп, көре алу.
Екіншіден «оқытудың тәжірибелік дағдылары» іске асыру жолындағы өзгерістер мен түрлі идеяларды қолдану.
(әдіс-тәсілдер, ынталандыру, жоспарлау мен бағалау, қолайлы орта қалыптастыру)
Үшіншіден «кәсіби- өнегелілік тұтастық» (этиканы сақтайтын, шыншыл, төзімді, батыл, мейірім,құрметке ие болу керек) балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар болуы шарт деп көрсетілген.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.
Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру,
қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну,
жоғарғы деңгейге ұмтылу мен ізденіс,
жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі
қолдана білу,
адами құндылықтарға сай бола отырып, бала бойына сіңіре білу.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігі:
Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет ету, кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Ақпараттық құзыреттілік – айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі, ақпараттық қарым –қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс. Педагог өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың осындай құзыреттіліктерін игеру арқылы оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары:
- тілін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу;
- нақты міндеттерін айқындап, ұжымдық қарым – қатынас мәдениетін дамыту;
- қолдау көрсетіп, жағымды психологиялық орта құрады, оқушының зерттеу белсенділігін арттырады.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең
алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне
байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға
мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай
оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік
даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің
нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы
әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде
қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет.
Балалардың бойындағы барлық жақсыны көру, анықтау, еш назарсыз қалдырмау және өз-өздерін кемелдендіруге шабыттандыру. Ол үшін ең бірінші мұғалімнің ұстанымы мықты болу керек. Бұл нені білдіреді? Ұстаным -мұғалімнің көзқарасын өзгертіп, жаңа шешім қабылдай отырып, іс-әрекетке көшсе нәтижелі еңбек жасамақ.
Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімнің және іс-әрекетінің негізіСабақта мұғалім емес оқушы басты рольде білімді емес, білімалуға бағыт береді
«оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді». Сабақта мұғалім емес, оқушының басты рольде болуы, оған мұғалім нақты білімді емес, білім алуға бағыт беруші, нұсқаушы ретінде болатындығы үлкен мәнге ие.
Білім беру сапасын арттыру жолында педагогикалық
мониторинг жүргізу маңызды орын алады. Педагогикалық
мониторинг-мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап,
қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі тұрған жерін анықтай келе ертеңіне нақты жоспар құрылғанда ғана жасалған жұмыс нәтижелі болады.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны жаңартылады. Мұғалімнің сұранысы анықталып, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Сондықтан білім беру жүйесіне үлкен мән беріліп, жастарымыздың заман талабына сай білім алуына барлық жағдай жасалуда.
Сондай өзгерістердің бірі «Деңгейлік курстардағы білім беру әдістемесі» болып табылады. Үшінші деңгей бағдарламасы: оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін; әрбір оқушының пән туралы түсінігін қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуы мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар; оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін мұғалімдерді даярлауға бағытталған.
Бұл курс менің іс-тәжірибеме қандай өзгерістер әкелді. 3ай ішінде танысып, талдап өз пікірімді өзгерте келе мен өз сабақтарымда жұмыс формамды өзгерттім. Аз ғана уақыт ішінде қол жеткен іс-тәжірибемнің көріністерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақшымын.
Алғашқы бетпе-бетте бағдарламадағы 7модулімен танысып, әріптестеріммен пікір алмасу барысында көкейімде жүрген сауалдардың жауабын таптым. Психологтар мен педагогтардың зерттеулері мен идеялары мені ойландырып, ұстанымым мен көзқарасымды өзгертті. Осы күнге дейін ескерілмей, үстірт қаралған мәселелер енді ерекше талданып, жан-жақты зерделеніп барып жасалуы қажет екенін түсіндім.Ең бірінші жоспар құрылды. ОМЖ 1 жылдға, ҚМЖ әр сабаққа жеке құрылған жоспары кең ауқымда қарастырылады.
Жоспарлау Осы күнге дейін сабақтың жоспарын, мақсатын өлшеусіз кең ауқымда алған болсам, енді бір тапсырманың өзін қандай мақсатта? неліктен? Қалай іске асатынын сол өлшенген уақыт ішінде орындай ала ма? деген сауалдарға жауап бере отырып құру керектігін білдім.Әр оқушының іс-әрекетін жоспарлауда елестете отырып құру.
Жұмыс формам жұптық және топтық түрде өткізілетін болды. Бұл жұмыс оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін -өзі ортада ұстай білуге, сөйлеу қабілеті дағдыларын қалыптастырады. Бірін – бірі тыңдауға, сыни ойлауға, өзінің пікірін айтуға құқығының бар екендігін сезінеді, пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінуге үйренеді . Өздерінің идеяларымен шағын топтарда өзінің құрдастарымен бөлісе алады . Көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитындығын бақадым. Менің курс кезінде алған топтық жұмыстарды құру мен жоспарлаудағы атқарған жұмыстарым өз нәтижелерін берді.
Топпен жасаған жұмыстарда бір-бірімен кейбір мәселелерді шешкенде дауласып, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысқандарын көріп қуанып та қалған кезім болды. Ал кейде келіспеушілік болған кезде шешімді өз беттерімен табуға жетелеу жұмыстарын жүргіздім. Яғни әр топ мүшесінің пікірін нақты мысалдармен дәлелдеуге мұрсат беріп отырдым. Үшінші бір топтарда ұйымшылдықпен жұмыс жасап барлығының ойы бір жерден шығып, тапсырманы тез орындап отырды.
Тапсырмалар Оқу үдерісіне барлық оқушылардың қызығушылығын тұрақты ету үшін оларға тапсырма орындату кезеңінде алдын-ала құрылып дайындалған тапсырмаларды жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып дайындадым. Сыныпта оқушылардың қабылдау, білім деңгейлері бірдей емес, осы орайда мен орыс педагог зерттеушісі Чиксентмихаидың «Өзіндік мақсат атты» сызбасының өзіндік мәнінің жоғары екендігі дәлел бола алады. Себебі,
м
і Алаңдау Зерігу
н
д
е
т Дағдысы төмен
Дағдысы жоғары
нәтижесінде қызығушылығының төмендеп сабаққа құлшынысын жоғалтып алмау мақсатында мұны басты назарда ұстау қажет. (сызбаны түсіндіріп кету)
4.Бағалау осы күнге дейін бұл процесті тек мұғалім атқарып келді. Оқушыға қойылған бағаның неліктен төмен немесе жоғары қойылу себебін түсіндірмейтінбіз. Бағалау кезеңіне оқушыларды да тарту екі жақты тиімді деп айтуға болады. Оқушылар бағалау барысында өз сыныптастарының жұмыстарына ұқыптылықпен, қырағылықпен қарап өз бағасын бере отырып, өз басындағы кемшіліктер байқап, үйренеді, өзін-өзі реттеу процесі жүзеге асады
Мысалы мен оқушыларға топтық, жұптық кезінде жасалған постер, кластерлерді өз араларында қорғатып, бағалау жүргізіп, қабырғаға ілгіздім. Бұл оқушының өзіне деген көз-қарасын сенімін арттыратынына байқадым. Себебі, осы жазба жұмыстарына қарап оқушылар қарсы топтың жасаған газетінен көп мағына алдым, түсінікті болды, мына топтың жұмысын былай орындаса жақсы болар еді деп бір-біріне құнды пікір лер айтылып түзетулер жүргізіліп отырды. Оқушылардың өз жұмыстарына баға беруі мені қуантады, өйткені алдағы уақытта олар кез келген қадамын, іс-әрекетін де солай сынға алып, әр қадамдарын негіздей алады деген сенімдемін.
6.Әр сабақтың соңында оқушы пікірін білу үшін кері байланыс алу қажет. Бұл мұғалімге де оқушыға да пайдалы. Неліктен, себебі оқушының қажеттілігін анықтай келе келесі сабаққа біз жаңа мақсаттар мен міндеттерді анықтап бұл сабақта біз көре алмаған кедергілерді жоюға, сапалы да табысты оқытуға жетудің ең тиімді жолы деп білдім. Ал оқушы сабақтағы кемшіліктер мен сәтті деп тапқан сәттерін санамалап айта отырып, ойын жинақтауға және өзінің осал тұстарын байқап өз алдына келесі сабаққа міндеттер қояды.
Балықшы балық аулауға баруда шелегін, уығын, ілмегін дайындап барса, мен де өз мақсатымды жүзеге асыру үшін түрлі ресурстармен байытылды. Әрине, барлық кездесетін кедергі мен одан шығатын жолды алдын-ала шешімін табу мүмкін емес.Себебі, алманың да дәмін татпай, көзбен көрмей тұрып қорытынды жасау мүмкін бе?
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау кабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми – ізденіс қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше біз мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Деңгейлік курстардың сабақтарына қатысқаннан кейін менің көзқарасым түбегейлі өзгерді демесем де бір үміт сәулесі жанғандай болды. Оған дәлел кіп-кішкентай ғана қазақ балаларының қарасы мен күтетін үміті мен сенімі.
Алдағы уақытта мен көптеген жаңа идеяларға толы жаңашыл мұғалім ретіндегі өзімнің жетілуім мен дамуым бойынша стратегияны құрастыруға тырысамын. Әрбір оқушының жасының, жеке басының ерекшелік қасиеттерін ескеру. Сабақтың дәстүрлі әдістерінен толығымен бас тартпасақ та, уақыт талабына сай болуым керек деп ойлаймын. Мен баяндамамды И.Канттың «Оларға үйрету емес, ойлануға үйрету» керек деген сөзімен аяқтаймын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі [2009ж]
2. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік [2009ж]
3. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы [2007ж]
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық –[ 2017ж]
5. Мұғалім партфолиосы ( ІІІ деңгей курс жеке жинақтама )
«Ескелді аудан әкімдігінің Абай атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Баяндама тақырыбы:
«МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ
БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ»
Орындаған бастауыш сынып мұғалімі
Азимканова Динара Жұмақожақызы

Абай ауылы