«Тарих п?нінен білім беруді? сапасын жетілдіруде ?р т?рлі тапсырмаларды ?олдануды? ма?ызы»(баяндама)


«Тайынша қаласы №2 орта мектебі »КММ
тарих пәнінің мұғалімі Куандык Арай
Тақырыбы: Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі
тапсырмаларды қолданудың маңызы(баяндама)
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлай білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе .
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады.
Тарих пәнін оқытудың,тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
– жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
-оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу- әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет.
Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып ,шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізудің маңызы өте зор..
Ұлы педагог К.Д.Ушинский «...қызығушылық туғызбайтын оқыту бірте-бірте оқушының білімге деген құштарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады » деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып, тарих пәнін оқыту үрдісінде жаңа технология элементтерін қолдандым.
Менің алға қойып отырған мақсатым -оқу процесін ұйымдастырғанда әрбір оқушы өзінің іс-әрекетінен сезім алатындай, оқу – оқушы үшін қуаныш әкелетіндей етіп құру.
Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.
Сабақ беру дегеніміз – өнер. Көптеген әдіс -тәсілдерді сынақтан өткізіп, өзінің оқыту тәсілдерін, озық – тәжірибелерді күнделікті жұмысында пайдаланып отыру – қазіргі таңда сабақты ұйымдастырудың тиімді жолы.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ойын сабақтары, сын тұрғысынан дамыту, , пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері қолданылады.
Қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Оқушыларды тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге ,ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру. 2. Ойлау дағдыларының қалыптасуын ең ұтымды жауапты іздестіре білуге баули отырып, өркениетті елдің білікті де білімді жас ұрпағын қалыптастыру. 3. Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра отырып, іскерлігін дамыту
Түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақта түрлі тапсырмаларды пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.
Түрлі тапсырмаларды орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.
Тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын қосымша материалды кең қолдану арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруға тиіс.
Осы міндеттер мен талаптарды мұғалім сабақ барысында қолданып, баланың білімдік және біліктілік дағдыларын қалыптастыра алады. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.
Шағын комплектілі мектептерде топпен , жұппен жұмыс жасау мүмкіндігі аз. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда тапсырмаларды түрлендіріп отырудың маңызы өте зор.Оқушылар да бұл тапсырмаларды қызыға орындайды ,әрі естерінде жақсы сақтайды.
Мәселен «Жылдар сөйлейді » тапсырмасын жаңа сабақты өткен кезде де , қайталау және қорытынды сабақтарда да қолдануға болады.
Жаңа сабақты өткен кезде оқушыларға тек жылдар беріледі де , сол жылдарға байланысты болған оқиғаларды олар өздері оқулықтан тауып алады.
Ал қайталау және қорытынды сабақтарда бұл тапсырма арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті тексеріледі.
«Тұлғаны таны» тапсырмасын портреттері бойынша да, сипаттамасы бойынша да өткізуге болады.
Сәйкестендіру тестінде оқушылар нақты оқиғаларды жылдарға сәйкестендіреді, мемлекеттердің астаналарын,ғұламалардың
еңбектерін ,хандардың билік ету жылдарын тиісінше сәйкестендіреді.
«Иә, жоқ » ойыны арқылы оқушылардың өз-өзіне , алған біліміне деген сенімі арта түседі Егер оқушы қойылған сұрақтың жауабын білетін болса, «иә» немесе «жоқ» деп ойланбастан нақты жауап бере алады.
Оқушылардың танымдық қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда тест әдістерін қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады. Оқушылар білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты не тарауды қорытындылау не пысықтау кезінде жүзеге асырылады.
Тест жүйесін өткізген кезде белгілі бір талаптарды орындау қажет:
Тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын қосымша материалды кең қолдану арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруға тиіс.