Адам ?міріндегі киімдерді? алатын орны
«4»сынып.Пәннің атауы:
Бейнелеу өнері
Уақыты:
01.02.2017 Кабинет Мұғалім:
А.СейтбаеваСабақтың атауы:
Адам өміріндегі киімдердің алатын орныМақсаты: Киім үлгілерімен, түрлерімен таныстыра,отырып түрлерін бір-бірінен ажырата білу.Киім үлгілерінің жобалақ суреттерін салуды үйрету.
Сабақтың әдісі: Ең жақсы тілек»ойыны, «Кім жылдам?»ойыны, жинақтау әдісі,баяндау әдісі.
Қажетті құрал- жабдығы:постерлер,суреттер, оқулық, бояулар
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ең жақсы тілек» ойынын ойнату. Плакатқа салынған ағашқа өз достарына арнап ең жақсы тілектері жазылған стикерлерді жапсырмалайды
Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы тексеріп,салыстыру,бағалау.
Мағынаны тану: Баяндау: Киімдер үлкен 2 топқа топтастырылады.
Ер адам киімі
Әйел адам киімі.
Сонымен қатар әрбір жастарына байланысты да болады.Киім түрлерін де бірнеше топтарға бөледі. 1.Бас киім(тымақ,тақия,бөрік,сәукеле,кимешек,т.б) 2.Сырт киім(тон,ішік,көйлек,шапан,т.б.)
3.Аяқ киім(мәсі,етік,кебіс,бізөкше етік,т.б).
«Кім жылдам?» ойыны
1.Бас киім түрлерін атап шық
2. Сырт киім түрлерін ата
3. Аяқ киім түрлерін ата
Сурет бойынша түсінік беру, ерекшеліктеріне тоқталу.
Жеке жұмыс
Сарамандық тапсырма: Киім үлгілерінің суретін салу.
Киім үлгілерінің салыну ретін түсіндіру.
1 Өлшемін, салынатын суретің жайлы ойлан.
2 Киім үлгілерінің қай түрін салатыныңды таңда
3 Парақ бетіне жобасын жай түсір
5 Бояу түстерін үйлестіріп бояп сәнді шығуына көңіл бөл
Сергіту сәті
Музыка арқылы сергіту
Қорытынды «Автор орындығы» ойыны.Топтардан оқушылар шығып сабақ мазмұны бойынша қысқаша түсініктеме береді
Үйге тапсырма: Киімдердің суретін салып келу.
Бағалау. Пішіндер арқылы бағалау.