?аза? тілінен презентация О?шау с?здер (8-сынып)


Оқшау сөздер Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты::Сабақтың әдісі:талдау, іздендіру, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдауСабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақтарыДамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу,өз бетінше талдау дағдысын дамыту, пәнге қызығушылығын,шығармашылық ізденісін арттыру; Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу;Білімділік:оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту Үй тапсырмасы1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?2.Айқындауыш мүшелердің нешеге бөлінеді? Мысал келтір.3. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

сынақ болады оқушылар ертең.келмейтін бүгін сірә ол шығар.шіркіннің па дауысын-ай!Адасқан сөздер Оқшау сөздерҚаратпа сөздер-тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданыладыҚыстырма сөздер-сөйлеушінің айтылған пікіріне әр түрлі көзқарасын білдіредіОдағай сөздер-айтушының көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады.Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой.Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау!

Оқшау сөздердің белгілеріСөйлем мүшесі қызметін атқара алмайдыӨзге сөздермен байланысқа түспейдіСөйлем ішінде жеке түрады,тыныс белгісі арқылы ажыратылады


Оқулықпен жұмыс 67-жаттығу ( мәтіннен оқшау сөздерді тауып, түріне ажырату) Бар білім-кітапта СәйкестендіруПәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! 2. Қарағым, балам, айналайын, халайық. қаратпа3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп, шынында қыстырма одағай Деңгейлік тапсырмаларІ деңгей. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат.-Уа, Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.ІІ деңгей Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрау.1............., ақсақал.2.............., қап!3.........., сірә,..........



ІІІ деңгей. Оқшау сөздерді қатыстырып, “Егін даласында”деген тақырыпта әңгіме құрау.

“Кім тапқыр?”Берілген мәтіннен оқшау сөздерді табу, қай шығармадан алынғанын,кімнің сөзі екенін табу.1.Ана керек,о адамдар,ана керек адамға.Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.2.-Апыр-ай,қалай барам, қалай барам?Атармын аққу құсты қалай ғана?!3.-Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? 4. Махамбеттің қай өлеңі қаратпа сөзден басталады? 5. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде оқшау сөз бар?




Талдау-табыс кілтіСөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру.Түс ауа үйге Рахат келді.Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.Достар келер ұрпаққа жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.Достар-сатылай кешенді талдау (фонологиялық) 2.Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою.........., темір жолға тіке тартқұан жөн бе деймін........,Шеген хатты сирек жазады.Бүгін, ......қоймаға он жеті арба тары кетті.Қоймаға-математикалық-фонетикалық талдау





3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.–Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.-Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!–Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.Ақын-лексика-грамматикалық талдау достар1.Жуан буынды сөз2. дос-тар 2 буынға бөлінедібітеу буын 3.достар1 жағдайда тасымалданады4. дос-тар5. дос-тар (-тер)6. дос-тар (-дар, -нар) ІҮ. Бекіту.Семантикалық кестемен жұмыс{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Оқшау сөздерҚаратпа сөзОдағай сөзҚыстырма сөзБайғұс-ау, саған не болған?+Қош бол, Қараой+Аға, бұл кімнің аты?+Бәрекелді, жұмысты осылай істеу керек!+Меніңше, ол бүгін келмейді+

Ү Қорытынды: 1.Оқшау сөздер дегеніміз не?2.Оқшау сөздердің түрлері. 3.Оқшау сөздердің белгілері қандай?



ҮІ.Үйге тапсырма1.М.Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы ”әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлемдер тауып жазу.2. 67-жаттығу. 

ҮІІ. Бағалау