Презентация по казахскому языку на тему О?шау с?здер


Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер.Сабақтың мақсаты:а) Білімділік. Оқушыларды сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;ә) Дамытушылық. Теориялық білімді практика жүзінде баяндауға дағдыландыру.б) Тәрбиелік. Жаттығу жұмыстары барысында адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үлкен - кішіні сыйлауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу.Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірме қағаздар, компьютер.Сабақтың барысы:І. Кіріспе бөлім.а) 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару2. Сабақ мақсатын хабарлау, күн ретін, тақырыпты жаздырту3. Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір - бірінің жауабын тыңдауды ескерту.ә) Үй тапсырмасын тексеру.1. Айқындауыш мүше дегеніміз не?2. Айқындауыш мүшенің неше түрі бар?3. Айқындауыш мүшені анықтауыштан қалай айыруға болады?4. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)5. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)6. Сөйлем ішінде айқындауыш қандай тыныс белгімен ажыратылады?7. Бірыңғай мүше дегеніміз не?8. Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?9. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшенің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?10. Егер жалпылауыш мүше бірыңғай мүшеден кейін келсе, жалпылауыштан соң қандай тыныс белгісі қойылады?ІІ. Негізгі бөліма) Білімдерін тексеру. (Кесте арқылы оқшау сөздердің түрлерін ажырату)Мысал -------------------------------------------------------- Қаратпа ----- Қыстырма ------ ОдағайЖігіттер, ертең сынақ болады.Ұялма, балам, жоғары шық.Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!Әрине, оның айтқаны дұрыс.Тәйт, қалдыңды қой.Ой, байғұс бала – ай!Қап, оны кеше сұрау керек еді. Пай - Пай!ә) Жаңа сабақты түсіндіру.Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.Мысалы:Өлеңім, шарла, ауылды.Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж. Ж)Осындағы өлеңім, дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес, ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірілген сөздері. Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, Жамбылдың өлеңге, далаға қаратып айтқаны.Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмандылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін - білдіру үшін қолданылады.Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді..Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.Қыстырма сөздер кейде сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.Одағай сөздер: Қаратпа, қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл - күйін - қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын - білдіру қажет болғанда қолданылады.Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс - ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады. Сөйлемнің басында келеді, кейде сөйлемнің соңында келеді. Одағайдан соң леп белгісі, кейде үтір қойылады.ІІІ. Бөлім. Тақтамен жұмыс.Тақтаға екі оқушы шығады да мұғалім дайындап алып келген оқшау сөздердің түрлерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.1 - оқушы: ----------------------------- 2 - оқушы:Пай - Пай, Әттең, Тәйт ------------- Бала, Қарағым.Ата. Әттең.Тәйт. --------------------- Шіркін. Бәрекелді.Балалар. Отағасы. Апа. Сірә. ---- Сонымен. Ернұрдың.Әрине. Қысқасы. Меніңше. ------- айтуынша.ІҮ. Бөлім Дәптермен жұмыс.а) 68 - жаттығуМәтіндегі қаратпа сөздерді тауып, қолдану орнын, қызметін анықтаңдар.ә) Өздік жұмысМеніңше, біріншіден, сеніңше, қорыта айтқанда, қысқасы, сіздерше, оның пікірінше, бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде, рас, бәсе, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім, олай болса, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы, бір жағынан, әуелі, ақырында қыстырмаларды қатыстырып сөйлем құрау.Ү. Бөлім.Деңгейлік тапсырмалар.1. Үлестірме қағаз.Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.а) Ойбай, Жақа ол Жоламанның дүмпуі ғой.ә) Шынында да, хәліміз онша мәз емес.б) Жігіттер, ойын – арзан, күлкі - қымбат.в) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.2. Үлестірме қағаз. Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?а) нүктеә) нүктелі үтірб) қос нүктев) үтір3. Үлестірме қағаз.Оқшау сөзді көрсетіңіз.а) Үстеуә) Шылауб) Шырайв) Қыстырмаг) Жалғаулық4. Үлестірме қағаз.Мына оқшау сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.Қорыта келгенде, беу шіркін, бәсе, айтпақшы, жігіттер, балам, қап.5. Үлестірме қағаз.Қыстырма сөзді табыңыз.а) Өзің бір қызық жан екенсің.ә) Жолдас командир, жолдас комиссар.б) Алдымнан жақсы кездестің - ау, шырағым.в) Ата, немереңіз келді.г) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.6. Үлестірме қағаз.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.а) Сірә, бүгін күн суытар?ә) Ауа райы қандай тамаша?б) Тыңда, дала, Жамбылды.в) Күмбірлеген домбыра дауысы естілді.г) Жолдастар тынышталыңыздар.7. Оқшау сөз дегеніміз не? Мысал келтір.8. Үлестірме қағаз.Оқшау сөз нешеге бөлінеді?Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал келтір.9. Қыстырма, одағай сөз дегеніміз не?Мысалдар келтір.ҮІ. Сабақты бекіту.● Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.● Сөйлем мүшесі бола алмайды.1. Оқшау сөздер дегеніміз не?2. Сөйлемде оқшау сөздің атқаратын қызметі қандай?3. Оқшау сөздің қандай түрі бар? (Жеке - жеке тоқталу).ҮІІ. Үйге: Оқшау сөздің үш түріне көркем әдебиеттерден 5 сөйлемнен теріп жазып келу. Ережені жаттау. Пысықтау сұрақтарына жауап беру.Бағалау.