Т?бір ж?не туынды с?з. Ашы? саба?


Игилманова Магида Пазыловна
№46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Орал қаласы
Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз.
Сабақтың мақсаты: 1. Негізгі түбір мен туынды сөздерді
салыстыра отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру, туынды сөздердің түбірін табуды үйрену, сөздік қорын дамыту.
2. Сөздерді сөз құрамына талдай отырып,
оларды сауатты әрі көркем жазуға
үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,
тілін дамыту.
3. Оларды өз бетімен ізденуге, ұйымшыл-
дыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелі топшамалар, сөздер,
сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
3-жаттығу.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Татулық табылмас бақыт.
Білім кілті – тіл.
Түбір сөз деген не?
Туынды сөз деген не?
Жұрнақ деген не?
Жалғау деген не?
Үлестірмелі топшамалармен жұмыс.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Көркемжазу:
Әнші, балалық, айнадай, өнерпаз.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің
түбірі мен жұрнағын тауып белгіле.
Ақындық, композиторлық, әнші, ақылды.
Мәди кім? Ол туралы не білесің?
Мәди Бәпиұлы
(1880-1921)
Мәди қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Жасынан ән-жырға құштар оны халқы кейіннен әнші-ақын, сері атандырады. Мәдидің Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ сынды әншілермен кездесуі өнерінің өрістеуіне көп ықпал еткен.
Туған жері-Үшқараның тылсым табиғатының сырлы әсерімен әуезді әндерді дүниеге әкелді. Сонымен бірге, Мәди әділетсіздіктің күрескері ретінде, шерлі, мұңлы жан сезімін баяндайтын әндерді де тудырды. Бұл әндердің барлығы халық арасында кең тараған.
Өлеңдері: «Қаракесек», «Қарқаралы», «Үшқара», «Шіркін-ай».
Қарқаралы
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.
Басында Үшқараның балғын едім,
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.
Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін.
Жағалай ел жайлауға бардаы-ау деймін.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер,
Артына бір қарамай қалды-ау деймін.
2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдегі туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.
Мектепте болған кеште домбырашылар күй шертсе, бишілер қазақы биімен халық алдында өз өнерлерін көрсетті. Бұл кеште әншілерде өз өнерлерін халыққа паш етті. Кеш соңында өнерпаздарға сыйлықтар берілді.
IV. Сергіту сәті
V. Топпен жұмыс
Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Балапан, өнерпаз, ойыншық, айнадай, кітапхана, еңбекқор.
4-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Түбір, жұрнақ, жалғаудан құралған зат есімдерді теріп жаз.
Дәрігерден, жақсылықты, жамандықты.
VI. Шығармашылық тапсырма.
І топ. Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз.
ІІ топ. Сызбалар бойынша сәйкес келетін сөздерді жаз.
ІІІ топ. Сөздер бойынша сөйлемдер құрастыр.
VII. Үйге тапсырма: 3-жаттығу.
VIII. Қорытынды. «Бағдаршам» ойыны.
IX. Бағалау.