планирования по информатику на тему Білім биржасы (7 класс)


Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы
Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы
атындағы орта мектебінің информатика
пәні мұғалімі: Такенова Жаннат Есентемировна
Тақырыбы: «БІЛІМ БИРЖАСЫ» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .
Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Түрі: сайыс.
Ойын барысы: Ойынға 7 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.
І-кезең Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ-кезең Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.
ІІІ-кезең«Қатені тап» сайысы.Топ басшылар сайысы.
ІҮ-кезең Таңдау-табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.
Ү-кезеңСыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
«Болашақ» дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика»- тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Әзірше әр топтың қорында 70.000 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал.
Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.
Аукциондарда информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер.
Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы- 1000 теңге. Топ капитаны бағаны 1000 5000 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 1000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға №1 лот- ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 1000 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян).
№2 лот. Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
№3 лот. Ұлы тұлғалар галериясы.
1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс)
№4 лот. Ақпаратты қорғау. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа? (Вирус)
№5 лот. Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі.) Қобдишада не жасырынған?
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар! Жауабы: Тышқан
№6 лот. Сұрағы. ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады.
АҚШ-тағы алғашқы автоматты компьютер: ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна.Құрастырушысы Говард Айкен. Атауы, жылы?
Дұрыс жауабы: МАРК-І. 1944ж.
Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут.
Әрбір дұрыс жауап құны- 1000 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар.
Компьютердің миы. (Процессор).
Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
Қарапайым графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
Баспа құралы. (Принтер)
Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (Интернет)
Ақпарат өлшем бірлігі? (бит, байт)
№2 топқа арналған сұрақтар.
1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
2. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)
3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
4. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
5. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
6. Ақпараттық процестер неше топқа бөлінеді? (Үш топқа: Сақтау,Алмасу,Өңдеу)
7. Компьютер ауруы (вирус)
8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
ІІ-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
.
III-тур «Қатені тап» сайысы.
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
І топ.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.
ІІ топ.
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Суретке мәтін қоспаймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.
Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап 1000 теңгемен есептеледі
ІV-тур «Таңдау-табыс»
Ғалымдар тарих информатика әр түрлі
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30
ҒАЛЫМДАР
10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
20 -1642 жылы 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30 -1673 жылы арифметикалық машина шығарған . Ол кім? (неміс математигі Лейбниц)
ТАРИХ
10 –Ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы болып табылады. Санау үшін осы жолақтарға салынған мәрмәр шариктер қолданылған.(абак)
20 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1843 жылы)
30 –Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың-5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған джері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді? Бұл құрал қазір қалай аталады? (Есепшот)
ИНФОРМАТИКА
10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)
ӘР ТҮРЛІ
10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, пернетақта).
30 – Компьютерге символдар және мәтіндік ақпараттарды енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы (пернетақта).
Эксперттерден ІV-турдың қорытындысын сұрау.
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі. Бастапқы баға -500 теңге. Кім жоғары баға ұсынады.
Лоттардағы жұмбақтарды оқу.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!