Открытый урок по казахскому языку в 1 классах по теме Тіл білгірі


«Тіл білгірі» сайысыМақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру; елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, сайыстың атауы,мақал-мәтелдер, жұмбақтар, суреттер.
Қатысушылар: 1 сынып оқушылары.
Сабақтың барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Сәлеметсіңдер ме!
Здраствуйте!
Good man!
Сабақтың ұраны: «Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады»
2. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
І. «Алғырлар » тобы:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІ. “Тапқырлар” тобы:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
3. Мұғалім: Құрметті сайысқа қатысушылар! Бүгінгі сайысқа 2топ қатысады. Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билеп барынша,
Жарыста сірә қалыспа!
Сайыс қызығын балалар,
Осылайша шабытпен,
Кәне енді бастайық.
1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сиқырлы киіз үйдің ішінен әр топ кезекпен бір-бір сұрақтан алып, сұрақтарға жауап беру.
Дұрыс жауап – 1 ұпай.
Сенің атың кім?
Қазақстан Туының түсі қандай?
Ең жақын адам?
Еліміздің бас қаласы?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Ең тәтті жеміс?
ҚазақстанРеспубликасының рәміздері?
Отбасы мүшелерін ата.
Оқу құралдарын ата.
Бір аптада неше күн бар?
Қандай елде тұрасың?
Қазақ тілі пәні ұнай ма?
Сыныпта не бар?
Сенің досың кім?
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Сен неше жастасың?
2 кезең «Құпия кітапша» деп аталады жұмбақтар беріледі, оның шешуін
суреттер арасынан тауып жабыстырып, 3 тілде айтады.
«Алғырлар»топқа берілген жұмбақ:
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (кiтап, книга, book)
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (cызғыш, линейка, ruler)
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school)
“Тапқырлар” топқа берілген жұмбақ:
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (қарындаш, карандаш, pencil)
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.(қалам, ручка,pen)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (дәптер, тетрадь, notebook)
Сергіту сәті:
3 кезең: «Тіл- өнер». Мақал-мәтелдерді толықтыр
І топ:Өнер алды – қызыл
Отан - елдің анасы,
Ел - ердің -сы
-кеме, білім-теңіз.
ІІ топ:қылыштан өткір.
Отанды сүю --нан басталады.
Ер елінде,жерінде.
4 кезең: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып тіл туралы қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
«Сиқырлы тақия» ойыны.
5 кезең:«Кім жылдам?»Шашылған буындардан сөз құра.
Қорытынды.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін жетондарды санайық.(Жеңімпаздарды марапаттау)