?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы атты т?рбие са?атыны? жоспары
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»
Мақсаты:
Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ хандары мен батырлары, билері туралы толық мәлімет беру;
Оқушылардың ой-саналарын, танымдық қасиеттерін дамыту;
Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ержүректікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, кітаптардан иллюстрациялар, хронологиялық кесте.
Барысы:
Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.Нәзкен: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.Аңсар: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін болдырмауға әрекет жасау төре тұқымынан шыққан, Жошы ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.Кәмиля:Рухы мен тілін жанындай сүйген,Адамдар неге санаулы?Ұлт үшін дәуір отына күйген,Аталар болды алаулы.Армандай асқар,Жолдарға бастар,Ісіңнен ұрпақ от алар.Қалмайсың көштен,Шықпайсың естен,Тағдыры шыншыл аталар.Нәзкен:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»(Керей мен Жәнібек сұлтандар кеңес құруда, ордаға бір топ ақсүйектер кіреді.)- Ассалаумағалейкум, сұлтандар.- Уағалейкумсалам ақсүйек сұлтандар, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?Жәнібек сұлтан:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.Керей сұлтан: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.Жәнібек сұлтан: - Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?Керей сұлтан: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.Ақсүйек сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.Жәнібек сұлтан: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзініз бір бата беріңіз.Керей сұлтан:Жолыңды Алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.Барған жерде құшақ жая қарсы алсынЖақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.Жалпақ емес, жақсы жермен танысқынАлла жебеп ұшқан құспен жарысқын,Көңілің шат, ат - көлігің арымай,Отбасыңмен аман - есен табысқын.Әумин!Нәзкен: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.Аңсар: Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.Меруерт: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, Отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»Аяжан: М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы өлкесін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.Нәзкен:1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің сұлтандардың Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шу бойындағы Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.Аңсар: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жәннаты - Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.Ақтоты: Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.Батырхан:Ғасырдың құрдасы,Ақындар жырлаған,Көненің сырласыТарихты тыңдаған.Шежіре шертеді,Көшесі, әр тасы,Ғажайып ертеңі,Жетісу алқасы.
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
Хронологиялық кесте
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды 1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды 1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды 1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды 1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар,
Наурыз-Ахмет хан 1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы 1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды 1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды 1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі1613-1627ж – Тұрсын хан билігі 1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы 1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы 1718-1726ж – Батырдың билігі1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі1781-1819ж – Орта жүздің соңғы ханы Уәлидің билігі1815-1817ж – Орта жүздің соңғы ханы Бөкейдің билігі1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның
немересі, Қасым төренің ұлы.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
АЙЫРТАУ АУДАНЫ
КММ «ЕГІНДІ-АҒАШ ОРТАЛАУ МЕКТЕБІ»
Тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»
Дайындаған: Кожабеков М.Д.
7/8 сынып жетекшісі
2015-2016 оқу жылы