Геометриялы? фигуралар. Формулалар. Ше?бер. Д??гелек.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәні: математика
Сыныбы: 5 «В»
Ұйымдастырушы: Бегейбаева Сымбат Жарықызы
Өтілген мерзімі: 24.10.2015ж
Тақырыбы:
Сабақ №46
ІІІ тарау. Геометриялық фигуралар. Формулалар.
Шеңбер. Дөңгелек.Сілтеме:
5-сыныпқа арналған «Математика 1» оқулығы, Алдамұратова Т.А. Байшоланова Т.С. Алматы «Атамұра»-2015
Сабақтың мақсат міндеті:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, геометриялық фигуралар ұғымын кеңейту, геометриялық фигуралармен таныстыру.
Оқыту нәтижелері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену
Оқуды және оқыту үшін бағалау
Жаттығулар:
478; 479(1); 480(1); 481; 483; 485 (1,3,5) нүкте бойынша шебер салуды үйрену, циркулмен жұмыс жасау
Тапсырмалар:
479(2); 480(2); 482; 484; 485 (2,4,6) нүкте бойынша шебер салуды үйрену, циркулмен жұмыс жасау
Блум таксономиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім
Оқытылып отырған оқу материалдарын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. Оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар беру
Үй тапсырмасын айтады. Берілген сұрақтарға қабілетіне қарай жауап береді.
Түсіну
Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Геометриялық фигуралар, шеңбер, дөңгелек туралы кең түсінік беру, циркульды қолдану жолын үйрету
Қолдану
Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, теориялық білімдерін кеңейту. Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті есептер беріледі. Берілген есептерді шығарып дәптерлеріне жазып алады.
Талдау
Тақырып бойынша берілген сұрақтарға талдау жасауды үйренеді.
Қандай фигура шеңбер деп аталады?
Қандай кесінді шеңбер радиусы деп аталады?
Диаметр радиустан неше есе ұзын?
Жинақтау
Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін сұрақтар беріледі? Дөңгелек деген не?
Шеңбердің доғасы деп нені айтады?
Бағалау
Сабақтан алған әсерлерін сұрайды
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Критерийлер бойынша бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. Өзін-өзі және сыныптастары бағалайды?