«Исатай-басшы, мен-?осшы» (Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы. ІХ сынып)


4168140-52959000Дияр Ринат Рамазанұлы
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің бірінші санатты мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «Исатай-басшы, мен-қосшы» (Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы. ІХ сынып)
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:
1. М.Өтемісұлының өмірі туралы түсінік беру.
2. Махамбет шығармаларының мән-мазмұны туралы түсінік беру.
3. Махамбет шығармаларының тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру.
4. Махамбет қолданысындағы сөздердің мәнін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту.
ә) дамытушылық:
1. Махамбет шығармаларының мазмұнын түсіну, ақынның стилін меңгеру.
2. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушының лексикалық қорын жетілдіру.
б) тәрбиелік: Эстетикалық және поэзияға көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Шолу-интеграл сабақ. (әдебиет, тарих, ән-күй)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру-талдау, сұрақ-жауап, қорытынды жасау. «Миға шабуыл», «тұлға портеретті суреттеу», «сазды терапия», «концептуалдық кесте», «жоқ пен ия» ойыны.
Сабақтың көрнекілігі:
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлының портреттері.
1836-1838 жылдары ішкі (Бөкей) хандықта өткен шаруалар көтерілісінің картасы.
М. Өтемісұлы жайында жазылған плакаттар, салынған суреттер.
DVD плеер мен ақынның күйлері жазылған диск.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Кіріспе сөз
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет қазақ әдебиеті тарихындағы дамудың ең жарқын кезеңі болды. Себебі бұл кезең талай тарлан таланттарға бай кезең еді. Халықтың қиын-қыстау, аумалы төкпелі шағында, елдігі мен тәуелсіздігі сынға түскен кезінде, олар өздерінің ақындық үнімен халқын бостандыққа, тәуелсіздікке жігерлендірді. Осы тарлан талантты ақындар ішінде: Байтоқ ақын, Жанұзақ ақын, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, Шернияз, Махамбеттер бар еді.
Бүгінгі тақырыбымыз Махамбет Өтемісұлы жайында болмақ. Міне сондықтан сабағымыздың тақырыбын: «Исатай-басшы, мен қосшы» деп алып отырмыз.
І. «Миға шабуыл» стратегиясы;
Махамбет Өтемісұлы кім?
М. Өтемісұлының өмірбаяны туралы түсіндіру.
Шығармашылығы туралы түсіндіру.
ІІ. «Тұлға портретті суреттеу» әдісі
Сонымен оқушылар сіздерге ойлануға 2 минут уақыт беріледі, Махамбеттің
портретін суреттеңіз. (Тұлғаның мінез-құлқын айтып беру)
М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлының 1836 – 1838 жылдардағы көтерілісті бастауы, қатысуы.
М.Өтемісұлының Исатайға арнаған өлеңдерін оқу.
М.Өтемісұлының күйлері туралы түсіндіру
ІІІ. «Сазды терапия» әдісі
Оқушылар, қазір Махамбеттің күйлерін біздер DVD плеер арқылы дисктен тыңдайық. (күйлер тыңдалады. 3-4мин)
Оқушыларға сұрақ.
Осы күйлерді тыңдағанда сіздерде кандай сезімдер пайда болды? (Оқушылар Махамбет күйлерінен алған әсерлері туралы өз ойларын айтады.)
Жаңа сабақты бекіту:
Концептуалдық кесте толтыру
Оқушылар, бұл кестені толтырғанда сіздер аталған категориялар бойынша тұлғаларды салыстыруларыңыз керек.
   Тұлғалар Адами қасиетері Ақындықтары Күйшілік қасиеттері Тарихи тұлғалардың орыны
Исатай Тайман ұлы                
Махамбет Өтімісұлы                
«Жоқ пен ия» ойыны
Алдарыңызда «жоқ» пен «ия» деген карточкалар жатыр. Сұрақ қойған кезде жоқ немесе ия деген жауаптарды көтерулеріңізді сұраймын. Қай сұрақ дұрыс. Қате сұрақтардың дұрыс жауабын айтыңыз.
М. Өтемісұлы ақын ба?
Исатай Тайманұлы Жангірдің досы. Дұрыс па?
Махамбет Ақтөбеде дүниеге келген. Солай ма?
Исатай Бөкей Ордада дүниеге келген. Дұрыс па?
Жәңгір хан Исатай мен Махамбет батырларға қарсы болды. Солай ма?
Көтеріліс 1836-1838 жылдары болды. Дұрыс па?
Ақынның қара сөздері бар ма?
Махамбеттің өлеңдері: «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Азамат ердің баласы». Дұрыс па?
Сабақты қорыту: Сонымен оқушылар бүгін біздер үлкен тақырып Махамбет Өтемісұлы жайында мағлұмат алдық. Махамбеттің адуынды жырлары мен күмбірлеген күйін тыңдадық. Көтеріліс барысы жайында біраз деректер білдік. Ардагер ақынның өзі өлсе де, оның сөзі, өлеңі, поэзиясы өлмейді. Халық оны ардақтап, атын құрметтейді. Соның белгісі қазір тәуелсіз елімізде ақын атындағы аудандар, ауылдар, мектептер, мұражайлар бар. (Мысалдар келтіріледі)
Үйге тапсырма: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы эссе жазу.
Батыс Қазақстан облысы.
Жаңақала ауданы.
Жаңақала ауылы.